Сабақ типі: теориялық Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы



Дата06.02.2022
өлшемі20,57 Kb.
#79803
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Инклюзив ОӘҚ

Сабақтың тақырыбы: Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Пән атауы: Педагогика
Тобы: СБ-405
Күні: 05.09.2020ж
Сабақ типі: теориялық

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда– атақты чех педагогі Ял Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу.


Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді.
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:



  • оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;

  • оқушыларды сыныптарға бөлу;

  • әр сыныпқа бір бөлме беру;

  • күніне 4 сабақ өткізу;

  • әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

  • қоңыраудың соғылуы;

  • тәртіп;

  • бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;

  • сабақты күзде бастау;

Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді,мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.


Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған.
Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сыныптық-сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді.
Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.
Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды.



  • Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.

  • Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.

  • Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.

  • Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.

  • Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.

  • Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;

  • Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.

Тапсырма: 
1. Дәрісті қысқаша конспектілеу.
2. Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесінің даму тарихы.
3. Я.А.Коменский өміріне шолу жаса.
3. Сыныптық сабақ жүйесінің ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер, сілтемелер:

  1. Мұқанова Б, Ильясова Р. «Этнопедагогика» Астана: Фолиант, 2014

  2. Мұқанова Б, Ильясова Р. «Этнопедагогика» Астана: Фолиант, 2008

  3. С.Қалиев, Ж.Молдабекова, Б. Иманбекова «Этнопедагогика» Астана: Фолиант, 2014


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет