Ақсай қаласы № 4 жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Толық тізбек үшін Ом заңы
Пән мұғалімі:Хамидуллина Т.Х
сыныбы: 10а
күні: 21.02.17
уақыты: 11.40
2016 – 2017 оқу жылы
Күні: 21.02.17
Сыныбы: 10а,ә,б
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Толық тізбек үшін Ом заңы
Мақсаты: ток күші мен кернеу кедергі шамалары арасындағы байланысты анықтап,Ом заңымен танысу
Көрнекілігі: оқулық, презентация,видеоролик
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,сұрақ- жауап, топтық, жеке, блум таксономиясы
Құрал – жабдықтар:амперметр,вольтметр,реостат,ток көзі
Сабақ жоспары
I.Ұйымдастыру бөлімі 2мин
Оқушыларды түгендеу
Кезекшілікті реттеу
3 топқа бөлу 1топ – ампер 2 топ – вольт 3 топ - Ом
II.Үй тапсырмасын сұрау 5 мин
1.Миға шабуыл.Сұрақ – жауап
III.Мағынаны тану 2 мин
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
IV.Жаңа сабақ 10 мин
Біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке - жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу. Мына суреттегі құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды ата, неге олай ойлайсың? ( кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды.) Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады? R – const. I ~ U тура пророрционал Осы эксперимент арқылы қандай график алуға болады? Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды I, А U, Вт
Енді біз ток күшінің кедергіге қалай тәуелді екенін қарастырайық. Реостат арқылы тізбектегі ток күшінің өзгеруін бақылайық. (Кернеуі тұрақты кезде. Ток күші артқан сайын кедергі азаяды.) Бұл график ток күші кедергіге кері пропорционал деп оқылады. (Егер U = const, I ~ ). Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты. Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық: Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды. Ом заңының тұжырымдамасы: “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”. Жалпы, Кедергі дегеніміз - берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа жасайтын кедергісін көрсететін физикалық шаманы айтады. s l R ρ= Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.
V.Сергіту сәті.Видеороликтен үзінді көрсету 3 мин
VI.Физикалық лото . 5 мин
3 топқа үш түрлі карточкалар беріледі. Дөңгелек карточкаларда формула жауаптары, ал төртбұрышты карточкаларда сұрақтары жазылады, үшбұрышты карточкада өлшембірліктер жазылған) Ток күшінің формуласы Кернеудің формуласы Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы Толық тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы Электр қозғаушы күшінің формуласы Меншікті кедергінің формуласы Электр тоғының формуласы Токтың қуатын табу формуласы т.б
VII.Есептер шығару. А,В,С деңгейлері бойынша 10мин
VIII.Рефлексия. білемін.бұрыннан білемін.білгім келеді
IX.Үйге тапсырма беру 1 мин
X.Бағалау 2 мин
Бағалау парағы
Оқушы аты - жөні
|
Сұрақ – жауап
|
Жаңа сабаққа қатысуы
|
Физикалық лото
|
Есептер шығару
|
Жалпы ұпайы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көбірек жауап берсе - 10 балл 10-20 балл -3
Жартылай болса - 5 балл 20-30 балл -4
2,3 –і не жауап берсе - 2 балл 30 – 40 балл -5
Дұрыс болмаса - 0 балл
білемін
|
Бұрыннан білемін
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |