Сабақ «Тұмар патшайым»



Дата25.08.2017
өлшемі33,77 Kb.
#26882
түріСабақ
Ашық сабақ «Тұмар патшайым»
Сабақтың мақсаты:оқушыларды ержүрек сақ тайпалары,олардың жорықтары,сақ патшасы Тұмардың елін,жерін қорғаудағы ерлік істерімен таныстыру.шырақтың ерлігі және парсылардың сақ жеріне жорығымен таныстыру.сабақ материалы оқушылардың отансүйгіштік сеземін тәрбелеуге көмектеседі.Оқушылардың тарихи қайраткерге сипаттама беру бірліктерін дамытуда жұмыс жүргізу.

Пайдаланылатын көрнекті құралдар:карта, «Шығыс колекциясы» атты электронды оқулық,бейнефильмнен үзінді.

Оқып-үйренген материалдарды қайталау §16-та берілген сұрақтар мен тапсырмалар негізінде жүргізіледі.

Жаңа материалдарды оқып-үйрену жоспары:

1.Ержүрек сақ тайпалары.

2.Паршы патшасы Кирдің сақ тайпаларына қарсы жорығы.

3.Ерлігі аңызға айналған қолбасшы әйел-Тұмар патшайым.

4.Шырақтың ерлігі

Жаңа материалдарды оқып-үйрену барысында «шығыс колекциясы» атты электронды оқулықтан сақ тайпаларының қару-жарақтары,киімдері және ертедегі қазақ жерін мекендеген тайпалар өмірінен,олардың жорықтары бейнеленген сюжеттен (бейнефильи арқылы) үзінді пайдаланса,сабақтың тәрбиелік-танымдық мәні арта түсер еді.

Электрондық оқулық,бейнефильм болмаған жағдайда, «Қазақ тарихы»журналындағы сақтардың өмірі,жорықтары,жауынгерлері бейнелеген иллюстрацияны пайдалануға болады.Сонымен қатар «Аруна» баспасынан шыққан «Томирис» атты кітаптан үзінді және иллюстрациялық материалдарды пайдаланған тиімді.

Осы үзінділер негізіндегі әңгіме өткізіледі.

1.Сендер сақтар туралы қандай жаңа,тың мәліметтер алдыңдар?

2.Сақтарды неліктен өнерліде жеңілмейтін садақшылар деп атайды?

3.Сақ патшайымы Тұмардың ерлігі туралы не білесіңдер?

Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып,оларды өз қалаулары бойынша үш топқа бөледі.

Мұнда оқушылардың электронды оқулық,бейнефильм,не иллюстрациялық материалдар арқылы көргендерін,өздері сыныптан тыс қосымша әдебиеттен оқығандарын еске түсіріп,суреттеменің әсерлі баяндалуына қол жеткізілуі тиіс.Тақтаға тарихи қайраткерді сипаттауға арналған жаднама ілінеді.Оқушы қиялының дамуына мүмкіндік беру қажет.Сол үшін қолдарынан келсе сақ тайпалары,жауынгерлері,парсы патшасы Кир,оның жауынгерлері,Тұмар ханшайым туралы суреттерді өздері салуына жағдай жасау қажет.Ал мұндай жұмыстар оқушылардың осы бейнелерді не образдарды көздеріне елестетуге,оларды салу арқылы жаңа материалдарды естерінде жақсы сақтауға,шығармашылық қабілеттерінің дамуына септігін тигізері хақ.Түрлі карта-схема,кесте жасау,тарихи қайреткерлердің портреттерін салу олардың пәнге деген ынтасын арттыруғу көмектеседі.Сақ жауынгерлерінің,Кир мен Тұмардың рөлінде ойнауға да болады.

Бірінші топ оқушылары оқулықтың бірінші тақырыпшасымен (1-3абзацтар) танысып, «Ержүрек сақ тайпасының суреттемесін» жасайды.

Екінші топтың оқушыларына «Кир патшаға» және оның жауынгерлеріне сипаттама беру тапсырылады.

Үшінші топ оқушылары «Тұмар-сақ қолбасшысы, патшайымы» деген тақырыпта сипаттама дайындап,тақырыпшаның күрделі жоспарын жасайды.

Бұл тапсырманы орындауға 7-8 минут уақыт беріледі.Әр топ белгіленген уақыт ішінде сипаттама жасайды.Оқушылар тарихи қайраткерлердің портретін жасауы,сурет,карта-схема,кесте,күрделі жоспар дайындауы мүмкін.Олардың рөлдерін ойнауы бағаланады.Әр топ бір-екі оқушы ауызша суреттемелер жасап,жоғарыда берілген тапсырманы қалай орындағанын көрсетеді.Сыныптың басқа топтағы балалары қойған сұрақтарға жауап береді.Әр топ өз шамасы келгенше тапсырманы қалай орындағанын барлық сынып алдында талқылауға ұсынылады.

Оқушылар өздері қай топ оқушыларының тарихи қайраткерлерге берген сипаттмасы немесе портреті жақсы даярланған бағалап,сынып бойынша шешеді.

Содан кейін оқушылар «Білімпаздар үшін» материалымен әрқайсысы өздігінше оқып танысады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.

Шырақтың ерлігі.

Бұл материалды оқып-үйрену «Тарихи тұлға» сайысын өткізуден басталады.Оқушылар үщ топқа бөлінеді.Бірінші топтың оқушылары «Шырақтың ерлігі» тақырыпшасының 1-2 абзацтарын оқып-танысып,оның жоспарын жасайды.Екінші топтың оқушылары 3-4 абзацты оқып жоспарын жасайды.Үшінші топ оқушылары 5-6 абзацтармен танысып оның жоспарын жасайды.Тапсырмаларды естерінде жақсы сақтап,оны өзара бір-біріне айтып,жоспарын жасайды.Содан кейін балалар өздерінің орындарын ауыстырып,яғни үш топ бір-бірден үш бала бір партаға келіп отырады.Олар бір-біріне бүкіл үш тапсырманың мазмұнын айтып,жоспарын талқылап үйренеді.

Мұғалім бақылаушы ретінде оқушыларға қосымша сұрақтар қояды,жаңа материалды қалай меңгергенін тексереді.Мұғалім:

1.Тұмар-Томиристің,Шырақтың ерлігі сендерге қалай әсер етті?

2.Отанды сүю деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3.Қазіргі бейбіт заманда елін,жерін қорғайтын ерлік істер жасала ма?Күнделікті өмірден мысалдар келтір.



Жұмыс дәтперімен жұмыс жүргізіледі.

Үйге тапсырма:§17. «Тұмар патшайым», «Шырақтың ерлігі» әңгімелерін оқып танысу,сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет