Алматы облысы.Алакөл ауданы Ж.Балапанов ауылы.
"Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дайінгі шағын орталығы бар" КММ
Биология пәні мұғалімі Айнабекова Бақытжан Муратханқызы.
Тақырыбы: Селекция негіздері . Өсімдіктер селекциясы.
Мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға селекцияның мақсаты мен міндеттері,маңызы туралы түсіндіру.
2.Дамытушылық мақсаты: Селекцияның негізгі әдістеру туралы білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ .
Көрнекіліктер: сызбанұсқалар,мәдениөсімдіктердің шығу орталықтарының кестесі,үлестірме тапсырмалар.
Әдісі: деңгейлеп,саралап оқыту әдісін қолдану,сұрақ-жауап,баяндау әдісі.
Сабақ жоспары :
1/ Ұйымдастыру кезеңі.
2/ Өткенді пысықтау.
2/ Жаңа сабақ түсіндіру.
3/ Бекіту .
4/ Оқушы білім бағалау.
4/ Үйге тапсырма беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп ,зейіндерін сабаққа аударып,оқушыларды топқа бөлу.
Психологиялық ахуал тудыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Миға шабуыл сұрақтарын оқу:
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жоспар:/слайд тақтасынан көрсетіледі.
1. Селекция
2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары
3. Өсімдіктер селекциясы
4. Қазақстан сұрыптаушыларының жетістігі
Мұғалім: «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!» Сөйлеп тұрған Қызылащы орта мектебінің әуежайы.
Қызылащы-Алматы-Астана бағыты бойынша «Эйр Алматы» компаниясының ұшағына отырғызу басталды.
Егер сіз, өсімдіктер селекциясы жайлы тереңірек білгіңіз келсе бізбен бірге саяхатқа шығыңыз.
I-аялдама Ол кім ?Бұл не ? I -деңгейлік тапсырмалар
II аялдама «танымдылық» II -деңгейлік тапсырма
III-аялдама Біліміңді тексер III- деңгейлік тапсырма
IV-аялдама Шығармашылық
I-аялдама Ол кім? Әр топқа тапсырмалар беру арқылы өсімдіктер дүниксін зерттеген ғалымдарды табамыз.
1 топ Итсигек өсімдігін көпжылдық өсімдікке айналдырған биология ғылымының докторы кім? /Л.Қылышов/
2-топ Меңдуана – у, есіртіп, естен айырды, тұншықтырып өлтіруге дейін барады – деп жазған кім? /Ибн-Сина/
3-топ Халық медицинасындағы дәрмененің дәрілік қасиетін ашып берген қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы медицина ғылымын ың докторы /Г. Тарабаева/
II аялдама «Танымдылық» Ұшақ Алматы Әуежайына келіп қонады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
III-аялдама Біліміңді тексер
1 тапсырма.
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары /оқушы кестені өзі толтырады/
Орталық атауы
|
Географиялық жағдайы
|
Мәдени өсәімдіктер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұшақ Астана әуежайына келіп қонады.
2-тапсырма.
Биологиялық диктант
Селекцияның ғылым болып қалыптасуына Орыс генетигі және селекционері ........ үлес қосты. Оның айтуынша селекция дегеніміз ........... жүретін эволюция. /Вавилов, адам іс әрекетімен/
IV-аялдама шығармашылық жұмыс.
Бұл аялдамада оқушылар «Мен саған, сен маған» тапсырмасы бойынша бүгінгі сабақ бойынша бірі-бірлеріне сұрақ қояды.
Сабақты мұғалім бекітеді. Оқушыларға эссе жазу парағы таратылады.
Шығу парағынан кейін бүгінгі ұшағымыз Алматы-Астана қаласына тапсырманы орындай отырып, ойша саяхат жасап Алакөлге келіп қонды деп сабақты аяқтап оқушыларды бағалаймыз. 45 минуттың ішінде Ұшақтың Астанаға дейін барып келгендігін айтып үйге тапсырма беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сұрақ-жауап, энциклопедия 2002 жыл Қ. Қайым Жаратылыстану
Биология және салауаттылық «негіздері» журнал №3 2005, №4 2007
Достарыңызбен бөлісу: |