Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы
Сабақ мақсаты: білімділік-оқушыларға қазақ халқының қандай тайпалардан құрылғаны, қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрғаны жайлы, қазақ атауының шығуы туралы, “қазақ жүздері” сөзінің мағынасын ашу, “жеті ата-тегі” жайлы түсінік беру
дамытушылық- Оқушылардың ойлау қабілеттерін жеткізу, есте сақтау қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету
тәрбиелік-еңбек етуге, ізденуге, шапшандыққа тәрбиелей отырып, білімін жинақтап жеткізуге баулу
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте, оқулықпен, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекі-құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
Ұйымдастырушылық кезең.
сәлемдесу.
оқушыларды түгендеу
сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.
Үй жұмысын сұрау.
1. «Моңғол шапқыншылығы» тақырыбын мазмұнын ашу
Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар.
Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпалары бет-әлпеті жағынан еуропалық нәсілге, моңғолдық нәсілге бөлінеді.
Халық - бір елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендейтін адамдар қоғамы.
Қазақ - “қазақ” атауы Көне түркі тілінде “еркін адамдар” деген мағынаны білдіреді.
Қазақ халқының құрамына: арғын, найман, дулат, керек, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, уақ, жалайыр, табын, адай
Жүз - тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі.
Ұлы жүз құрамына: жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы
Орта жүз құрамына: арғын, найман, қыпшақ, уақ, керей, қоңырат
Кіші жүздің құрамына: 12 ата Байұлы, жетіру 6 ата әлімұлы
Сабақты бекіту.
Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздермен жұмыс- «қазақ», «халық», «жүз».
Кестемен жұмыс
Жүздер
|
Территориясы
|
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
|
|
Берілген сұрақтар бойынша өз ойларын білдіру
1. Қазақ халқының өткен ғасырларда қалыптасуы
2. Қазіргі кездегі қазақ халқының қалыптасуы
3. Қазақ халқының Болашақ өмірі
Сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ халқы қандай тайпалардан құралды?
2. Қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрды?
3. “Қазақ” атауының шығуы туралы не білесіңдер?
4. “Қазақ жүздері” сөзін қалай түсінесіңдер?
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «Менің жеті атам», «Менің ата-тегім» деген тақырыптп хабарлама дайындандар
Достарыңызбен бөлісу: |