Сабақ түрі : жаңа сабақты түсіндіру Оқыту әдістері: топтық, жұптық, жеке Оқушылар



Дата20.04.2020
өлшемі23,87 Kb.
#63088
түріСабақ
Байланысты:
нұсқаулык


Әдістемелік ұсыныстар.

Пән: география.
Тақырып: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

Сынып:  8

Сабақ түрі : жаңа сабақты түсіндіру

Оқыту әдістері: топтық, жұптық, жеке

Оқушылар



Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды

Сабақ барысы:

  1. Түсініктермен жұмыс.

  1. Себеп –салдарлық бірізділікті сақтау.

  2. Білімнің актуальдігі..

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту

  5. Бағалау

  6. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың іс –әрекеті: Мәтін арқылы тапсырмаларды топта орындайды.

Топқа бөлу: Топтық жұмыс алгоритмі.

Оқушылар: 


  1. 4-5 оқушыдан тұратын шағын топтарға бірігеді.

  2. Топ басшысын топ мүшелері сайлайды (алғашқы кезеңде оқушылар сайлай алмаса мұғалім сайлайды).

  3. Жұмыс парағы, бағалау критерийлері, бағалау парағы, дескрипторлар таратылады.

  4. Топ басшысы бағалау парағын толтырады. 

  5. Тапсырманы орындау барысында топ басшысы әр оқушыға тапсырма бөліктерін бөліп береді (сынып деңгейіне байланысты тапсырма бөліктерін оқушылардың өздері таңдауы мүмкін).

  6. Мұғалім жалпы нұсқаулықтар береді, одан кейінгі нұсқаулықтарды (сынып қажеттіліктеріне сай) топ басшысы арқылы береді, топ басшысы топ мүшелеріне нұсқаулық береді. 

  7. Тапсырманы бірлесіп орындайды.

  8. Презентациялау (топтың шешімі бойынша презентациялаушы (-лар) тағайындалады).

  9. Презентациялау кезінде әр топ мүшелері өз тобының қатесін дер кезінде түзеуге, толықтыруға тырысады. 

  10. Топ мүшелері басқа топ презентацияларын тыңдайды, сұрақ қояды, қажет болса түзету енгізеді. 

  11. Бағалайды (өз тобын не өзге топты).

  12. Топ басшысын топ мүшелері не мұғалім бағалайды.

Сабаққа дайындалу туралы әдістемелік кеңес
Оқушылар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұйымдастыруға әсер ететін факторларды «топтастыру» стратегиясы бойынша талдайды. Осы арқылы орналастуры факторларын түсінеді. Мұғалім орналастыру факторларын көрсететін атлас, сурет, сызба, кесте, т.б ресурстарды ұсыныңыз.

Тапсырма2 жұптық жұмыс

Оқушылар өнеркәсіптің орналасуына әсер тигізетін факторларды атласты пайдалана отырып, мысалдар келтіреді. Кескін картада таңдау бойынша шаруашылықтың бір саласының орналасуын көрсететін өндірістік сызба жасайды.




  • Шикізат базасы (жергілікті, тасымал);

  • Энергия көзі;

  • Су көзі;

  • Еңбек күші;

  • Транзиттік торап.

Әр жұпқа әртүрлі өнеркәсіпті бөліп беруге болады. Мысал ретінде Қарағанды металлургиялық зауытын картада белгілеп оған әсер тигізетін факторларды картаға көрсетуге болады.(Негізі дүниежүзін қарастырады, өндірістік сызба бірдей болғандықтан үлгі ретінде 9 сн атласындағы және оқулығындағы сызбаларды пайдаланса болады) Шикізат базасы: Қаражал кен орны, Еңбек күші: Қарағанды қаласы т.б.


Тапсырма 3 топтық жұмыс.

Ауылшаруашылық салаларын орналастыруға әсер ететін факторларды талдайды


Солтүстік Қазақстанда егін шаруашылығының орналасуына әсер тигізетін факторлар: жазық жер бедері, ірі өзен артериялары.
Тапсырма 4 топтық жұмыс.

Бренд тауарлар деген не? Деген сұрақтар бере отырып, оқушылардың өз ойларын білеміз.

Оқушылар бренд тауарлар туралы ойларымен бөліседі және оны шығаратын елдер туралы ақпараттарымен бөліседі.

Оқушылар қосымша ақпарат көзі арқылы бренд тауарлардың тізімін құрады және шығарушы елдер туралы кесте жасайды.

Кесте бойынша тауарларды жіктеп шаруашылық орталықтарын анықтайды.


Бренд өнімдердің каталогын құрастырады. Бренд тауарлар тізімін ұсынуға болады
Ұсынылатын тақырыптар:

  • «Техникалық бұйымдар»;

  • «Тағамдық өнімдер»;

  • «Парфюмдер»;

  • «Киімдер»;

  • «Жуғыш заттар», т.б


.

Каталог жасау алгоритмін түсіндіреді және үлгілерін ұсыныңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет