Квадраттық үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу- тақырыбына есептер шығару.
Мақсаты: Оқушылардың квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу, квадраттық теңдеуге келтірілетін теңдеулердің кейбір түрлерін шеше білу дағдыларын жетілдіру.
Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту. Оқу материалын ұзақ есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өз біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).
“Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)
Берілген қасиеттер:
Өмірге риза болу Әділдік
Ұқыптылық Ашықтық
Кеңпейілділік Шыншылдық
Өзбетінділік Өзіне сенімділік
Ұжымдық Ақылдылық
Қарапайымдылық Сапалылық
Бауырмалдық Тіл табысушылық
Сыпайылылық Батылдық
Төзімділік Тұрақтылық
Сабырлық Еңбекқорлық
Әр топ өз тобының атын, ұранын айтуы тиіс.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: баяндау әдісі арқылы № 283 (1,2,4,6,8); № 284 (1-5).
ІІІ. Негізгі бөлім: Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақ- жауапты шешуіміз керек екен:
Квадраттық үшмүше дегеніміз не?
Квадраттық үшмүшенің түбірі дегеніміз не?
Оны қалай табамыз?
Квадраттық үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
Биквадраттық теңдеу дегеніміз не?
Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін ауызша есептер шығару арқылы табамыз.