8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №1 Тақырыбы :Кіріспе.
Мақсаты : қазақ ауыз әдебиеті туралы білімдерін анықтау, бекіту.
Міндеттері: ауыз әдебиеті түрлерін қайталау, жазба әдебиетімен байланысы туралы түсінік беру, қазақ әдебиеті тарихы туралы жалпы білімдерін бекіту.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, мақал – мәтелдер, жұмбақтар.
Сабақ түрі: қайталау
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Сұрақ –жауап:
- Қазақ ауыз әдебиеті түрлерін атаңдар.
- Қазақ ауыз әдебиеті қалай тараған?
- Ертегілер түрлерін кім айтады?
- мақал – мәтелдер қандай тақырыптарға болады?
- жұмбақ деген не?
- мына жұмбақтарды шешейік:
Ти десем, тимейді, Қолы жоқ, сурет салады,
Тиме десем тиеді.(ерін) Тісі жоқ, тістеп алады.( аяз)
- карточкадағы мақал- мәтелдердің тақырыбын айту(әркімге басқа мақал)
- кезекпен оқу, аудару
Сөздік жұмыс: оқып танысу, қайталау, сөздік дәптерлеріне жазу.
өмірге келу – рождение
момын - тихий(спокойный)
алдау - обмануть
уәде - обещание
шариғат - религия(законы)
- хрестоматия 10 бет (ертегімен танысу, түрін ажырату)
Бекіту:
- Алдар Көсе туралы басқа қандай ертегі білесіңдер?
- жаңа сөздер кездесетін сөйлемдерді тапқызу, мағынасын түсінгенін анықтау.
Үй жұмысы: ертегіні оқу, әңгімелеу.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ -№2 Тақырыбы :Лиро-эпостық жырлар.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің жанрлары туралы түсінік беру.
Міндеттері: лиро-эпостық жырлардың батырлар жырларынан өзгешелігін түсіндіру, лиро-эпостық жырлар, сюжет туралы түсінік беру, қазақ әдебиетіне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырлар мәтіндері
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау :
Сұрақ –жауап:
- ертегінің басты кейіпкері кім?
- Алдардың әкесі кім?
- ертегіден басқа тағы ауыз әдебиеті түрлерін білесіңдер ме? (атау, мысал келтіру)
Жаңа тақырып: «Лиро-эпостық жырлар».
\Анықтамаларды дәптерге жазу\
Жыр –ауыздан ауызға тараған немесе тасқа қашалған батыр, хандар туралы эпостық шығарма.
Сюжет – шығарма құрылымы.
Жырлар:
1.Батырлар туралы 2. лиро – эпостық
«Қобланды батыр» «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
Басты кейіпкерлері
Батырлар қарапайым адамдар
\Салт- дәстүрлер туралы көбірек баяндалады\
- Дәптерге ерекшеліктерін жазғызу, қайталап оқу.
Бекіту:
- ауыз әдебиеті түрлерін білесіңдер ме? (атау, мысал келтіру)
- жыр деген не?
- қандай түрлерге бөлінеді?
- Батырлар туралы және. лиро – эпостық жырлар өзгешілігін кім айтады?
- ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті өзгешілігін кім айтады?
Үй жұмысы: анықтамаларды жаттау, 5-7 бет оқулық оқу, сұрақтарға жауап беру (ауызша)
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ № 3-4 Тақырыбы :«Қыз Жібек»
Мақсаты : лиро - эпостық жырлар туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: ауыз әдебиеті түрлерін қайталау, салт- дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, суреттер (салт- дәстүрлер туралы)
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау :
Сұрақ –жауап:
- лиро - эпостық жырлар деген не?
- лиро - эпостық жырлар кейіпкерлері кім?
- лиро - эпостық жырларды басқалай қалай атаған?
- қандай лиро - эпостық жырларды білесіңдер?
Сөздік жұмыс: оқып танысу, қайталау, сөздік дәптерлеріне жазу.
Қалындық невеста
Құл- раб
Уәзір – визирь
Сұлу – красавица
Көш – караван
Саудагер - купец
- оқулық 7-24 бет (мәтінмен танысу)
Сұрақтар (26 бет оқулық ) бойынша мазмұндау
Тапсырма: кейіпкерлерді ретімен жазу (әңгімедегі кезекпен)
Бекіту:
- -«Қыз Жібектен» басқа қандай эпостық жыр білесіңдер?
- жаңа сөздер кездесетін сөйлемдерді тапқызу, мағынасын түсінгенін анықтау.
- басты кейіпкерлері кім?
- Үйде :-«Қыз Жібек» жыры бойынша кинофильмді кім түсірген?
Сұрақтар бойынша мазмұндау.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
№5 Сабақ тақырыбы: « Қозы Көрпеш – Баян Сұлу »
Мақсаты : лиро - эпостық жырлар туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: ауыз әдебиеті түрлерін қайталау, салт- дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сурет салу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
-«Қыз Жібектен» үзіндіні жатқа айту («Қыз Жібектің» сипаттамасы)
Сұрақ –жауап:
- лиро - эпостық жырлардың кейіпкерлері кім?
- қандай лиро - эпостық жырларды білесіңдер?
« Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » жыры – қазақ халқының өмір – тіршілігінің айнасы сияқты ең көне жырлардың бірі. Ең негізгі тақырып - Қозы Көрпеш – Баян Сұлу арасындағы махаббат. Жырдың 10-шақты нұсқасы бар. Түркі тілдес халықтардың көбіне ортақ осы жырдың қазақ екендігіне дәлел - Қозы мен Баянға орнатылған ескерткіш және жырдағы жер-су атаулары.
« Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » жырымен танысу
(танысу барысында жырдың басты кейіпкерлеріне мінездеме беру)
Хрестоматия 13-23 беттері бойынша.
Бекіту:
- « Қозы Көрпеш – Баян Сұлудан » басқа қандай эпостық жыр білесіңдер?
- жаңа сөздер кездесетін сөйлемдерді тапқызу, мағынасын түсінгенін анықтау.
- басты кейіпкерлері кім?
- Үйде : « Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » жыры бойынша сурет салу, жер-су атауларын жазу.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №6 Тақырыбы :«Абай Құнанбайұлы»
Мақсаты : Абайдың шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Абай туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ жазушылары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Абайдың суреттері, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
« Қозы Көрпеш – Баян Сұлу » жыры бойынша суреттерін бір-біріне көрсету, бағалау
Жаңа тақырып: Абай Құнанбаев
1845 жылы туған , қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, философ , бүкіл әлемге аты әйгілі. Абай жасынан ынталы, зерек болған. Орыс, араб тілдерін жақсы білген. Орыс жазушыларының Пушкин , Лермонтов , Крылов
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ халқын мәдениетке, білімге, орыс халқымен дос болуға шақырды.
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де – бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға. Хрестоматия 40 бет
(мәнерлеп оқып таныстыру)
( сөздік жұмыс жүргізу)
Әділет- справедливость
Шапқат(шапағат)- милосердие
Қалау – строить(кладка кирпичей)
Бекіту:
Абай деген кім? Класстер жасау.
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Кімнің өлеңдерін қазақ тіліне аударған?
Үйде : үзінді жаттау, 33 бет ,оқулық оқу, мазмұндау.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №7 Тақырыбы :«Қара сөздер»
Мақсаты : Абайдың шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: қара сөздер туралы түсінік беру, ақынның философиялық ой-тұжырымдарымен таныстыру. Түсініп оқуға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, қара сөздері
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:үзінді жаттау, 40 хрестоматия бет(әсемпаз болма әрнеге....). мәнерлеп айтуларын қадағалау.
Абай деген кім? Класстер бойынша әңгімелеу
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Кімнің өлеңдерін қазақ тіліне аударған?
Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Көркем қарасөз қазақтың жазба әдебиеті тарихында Алтынсариннен басталған.
Публисцистиканың алғашқы негізін қалаушы Шоқан болс, оныодан әрі дамытушы Абай болды. Абайдың қарасөздері - көркем әңгіме емес, даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шо лулар. Сөйтіп, ол өзінің көзқарасын, дүниетануын қарасөзбен кейінгі ұрпаққа қалдырды. Оның сөйлем құрылысының ерекшелігі бар- сөздерінің көлемі аз, мағынасы терең, мазмұны мол. Көпшілігі сұрау, жауап, не оқушылармен, не өзімен-өзі кеңесу үлгісінде құрылды. Қарасөздерді жазу мақсатын ақын өзі былай дейді: «Ақыры , ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім, басқада ешбір жұмысым жоқ». Қарасөздер Абайдың соңғы туындыларының қатарына жатады. 1900-1904 жылдар арасында ауру себепті өндіртіп жаза алмаған. 1904 жылы 23 маусымда қайтыс болған. (Конспект жасау)
«Жетінші сөз» - «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады:
Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар - тәнінің құмары, бұлар болмаса, тән-жанға қонақ үй бола алмады, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен дегендік , не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде: ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немен», « бұл немене» деп, «ол неге үйтеді», «бұл неге үйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай,хайуан жаны болады......».
Мәтінмен жұмыс жасау: оқу, аудару, білім туралы әңгімелесу
Үйде : мазмұндау, (дәптер бойынша).
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №8 Тақырыбы : «Сегіз аяқ»
Мақсаты: Абайдың шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері:
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: «Қарасөздер» туралы конспект бойынша әңгімелеу .
Абай деген кім? Класстер бойынша әңгімелеу
«Сегіз аяқ» (1889) – Абайдың заман, дәуір, оынң адамдары жайлы ой толғанысының жаңа бір көрінісі және мазмұнына сай, аса көркем жазылған шығарма. Өлеңнің Абай өзі шығарған әні бар. Кезінде ол сол ән арқылы кең тараған. Өз шығармасында халқын еңбекке үндейді, өтірік, ұрлық, зорлыққа қарсы шығады. Халқының басындағы ауыртпалықты сейілтуге , оны жақсылық жолына салуға, білімге тартуға шақырады. «Сегіз аяқтағы» Абай мұны мен зары, түптеп келгенде, дәуір мен халық қайғысына тіреледі. Абай соның бәрін жиып, өз атынан, өзі басынан кешкен сезім арқылы айтты. «Ұлы талант иесінің бойында жеке басы сезімінің мол болып келуі – адамгершіліктің белгісі» - деген еді Белинский.
«Сегіз аяқ»
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиудан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ- ойға олақ.
Басыңда ми жоқ,
Өзіңде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болады.-
Әдеті надан адамның
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін.
Деп насихат бергенде;
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге;
Пайдасыз ақыл,
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге;
Санасыз, ойсыз, жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны;
Күпілдек мақтан,
Табытын қаққан
Андығаны, баққаны;
Ынсап,ұят,терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл;
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей –
Тояды қарның тіленбей.
«Сегіз аяқ » - үзіндісімен таныстыру, мәнерлеп оқыту, жазылу тітінің ерекшелігіне назар аударту.
Үзіндісін жазып алу (дәптерге) мағынасын түсіндіру
Сөздік жұмыс
Мінез- характер
Насихат- агитация
Құмар- желание, наслаждение
Дәулет- достаток
Үйде : үзінді жаттау
Бағалау, қоштасу.
Бақылау жұмысы
8 сынып
Қазақ әдебиеті
1. Қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерін атаңдар.
( ертегілер, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер)
2. Лиро-эпостық жырлардың кейіпкерлері кімдер? (қарапайым адамдар)
3. Қандай лиро-эпостық жырларды білесің? («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман- Шолпан»)
4. «Қыз Жібек» жырының кейіпкерлерін ата (Қыз Жібек, Төлеген, Снасызбай, Бекежан, Қаршыға)
5. Төлеген жолда неше көшке жолығады? (16)
6. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының басты кейіпкерлері кімдер?
(Сарыбай, Қарабай, Қозы Көрпеш , Баян сұлу, Қодар)
7. Абай кім? ( ұлы ақын, композитор, философ, аудармашы)
8. « Қара сөздер» туралы не білесің? ( қарасөздер – көркем әңгімелер емес, даналық сөздер, өсиет, мақала, философиялық шолулар)
Қара сөздер саны нешеу? (45)
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға -
үзінді қай автордың, қандай шығармасынан алынған?
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №9 Тақырыбы :«Он жетінші қара сөз»
Мақсаты : қарасөздер туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: Абай туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру, адамның жақсы мінездерін өз бойына алуға тарту.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Абайдың суреттер
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: «Қарасөздер» туралы конспект бойынша әңгімелету
Абай деген кім? Класстер бойынша әңгімелеу
Жаңа сабақ:
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
мәтінмен танысу, аудармасымен салыстыра отырып оқу, кестені толтыру 43 бет
Тән құмары
|
Жан құмары
|
Тамақ ішу
|
Білім алу
|
|
|
Салытыру қайсысы артық
Тапсырма: 17 сөзді рөлге бөліп оқу( қайрат, ақыл, жүрек, ғылым)
Рөлдерді бөліп, әркім өз рөлін келесі сабаққа жаттау
Үйде : үзінді жаттау ( өз рөлін ),
3 тапсырма 43 бет (Абай туралы шағын шығарма жазу)
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №10
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев
Мақсаты : ақын туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, жақсы жігіт қасиеттер туралы әңгімелесу, жақсылыққа тәрбиелеу,
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: ақынның суреті, шығармалары
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
«Он жетінші қара сөз» - рөлге бөліп оқу , өз рөлдерінің сөздерінің мәнін түсінуге тарту.
Жаңа тақырып: Жамбыл Жабаев
1846 жылы ақпан айында туған , қазақ халқының ақыны, жыршы, күйші., айтыскер , Сүйінбай ақынның шәкірті.
44-45 беттегі ақынның өзі туралы жазған әңгімесімен танысу.
Артықша туған азамат
Жігіттіктің кезінде
Жігерлі болса ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нәсілі оның кем болар.
Қажырлы болса майданда,
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
Білімсіз болса жолдасың,
Қылған қайырың сел болар.
Артықта туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.
(мәнерлеп оқып таныстыру)
( сөздік жұмыс жүргізу)- 45 бет, олең бойынша
3 тапсырма – 45 бет - жақсы қасиеттерді жазып алу
Бекіту:
Жамбыл Жабаев деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде мәнерлеп оқу, 45 бет ,оқулық оқу
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №11 Тақырыбы :«Сұлтанмахмұт Торайғыров»
Мақсаты : Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы түсініктерін кеңейту, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, ақынның портреті
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
Мәнерлеп оқуларын тексеру, екпін, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалау, бағалау.
Жаңа тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров
1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шағрай болысында Қарауыл Шабар ауылында (қазір Көкшетау облысы) туған , қазақ ақыны. Жасынан ерте жетімдікті көреді. Алғашқы сауаттылығын ауылдағы молдадан ашады. 1908 жылы Баянауылдағы медресеге түсіп, бірақ аяқтамай кетеді.1912 жылы Троицк қаласына барады. Ондағы медресеге оқуға түсіп, денсаулығына байланысты тастап кетеді. Сол себептен қала маңындағы ауылда мұғалім болып жұмыс істейді, бос уақытта оқумен, өлең шығарумен шұғылданады.(«Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге», «Оқуда мақсат не?»)
Оқулықпен жұмыс: 47 бет өз беттерімен оқып танысу.
Тапсырма: басқа шығармаларының атауларын жазып алу.(«Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір» поэмасы, өлеңдері)
Мәнерлеп оқу:
«Арманым».48 бет
Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.
Әлемдегі ғаламат
Игілікке арналса,
Өнері ортақ азамат
Еңбекте ғана арланса.
Оқу-білім өркеймек,
Елге егіппайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.
Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ,
Асау, тағы ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ.
Сөздік жұмыс жасау (өлең бойынша)
өлеңді аудару
тапсырмалар: №2,3, 4, 6, 7 орындау(ауызша) Бекіту:
Сұлтанмахмұт Торайғыров деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Қандай шығармалары оқу-білімге арналған?
Үйде жаттау- 48 бет ,оқулық оқу -47 бет және конспект бойынша, мазмұндау.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
№12 Сабақ Тақырыбы :«Шілде»
Мақсаты : Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы түсініктерін кеңейту түсініп,
Міндеттері: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: хрестоматия, жаз мезгілінің суреттері.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, кезекпен оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
Жатқа оқуларын тексеру, екпін, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалау, бағалау.
Жаңа тақырып: « Шілде»
Хрестоматия 45 бет мәнерлеп оқып беру, таныстыру.
Мәнерлеп оқу:
«Шілде».45 бет
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай,
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң желіне тербетілді,
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.
Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,
Батқандай мелдегінен нұрға қалғып,
Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат:
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.
Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,
Айнадай анадайдан көлдің суы.
Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбырамен құстың шуы.
Сөздік жұмыс жасау (өлең бойынша)
- өздері білетін сөздерді жазып шығу,
- қиын сөздерді теріп жазып алу
- мелдегінен, белуарынан (по пояс), қымқырылды(уходит), т.б.
- өлеңді аудару
сұрақтар:
қай жыл мезгілі туралы?
жазда күн мен түн қандай болады?
өлеңдегі құстарды, қамысты, күнді немен салыстырады? - өлеңнен сол шумақтарды табу, оқу.
Бекіту:
Сұлтанмахмұт Торайғыров деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Қандай шығармалары оқу-білімге арналған?
Үйде мәнерлеп оқу, хрестоматия -45-46 беттер және жаңа сөздерді жаттау.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №13 Тақырыбы -:-« Шәкәрім Құдайбердіұлы»
Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, адамгершілікке, ғылым-білімге тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, ақынның суреті , шығармалары
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезең(сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру)
Үй тапсырмасымен жұмыс : Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу, қай жыл мезгілі туралы, ақынның шеберлігі туралы әңгімелесу.
жаңа тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы
қазақ халқының ұлы ойшылы
ақын Шәкәрім философ
1858 жылы 11 шілде Шынғыстау
Меккеге 2 рет барды аудармашы (орыс, Шығыс тілдері)
Қажы аталған сазгер
- кластер бойынша әңгімелеу, сөйлемдер құрап жазу.
- 50 бет оқулық, танысу
- 52 бет –мәнерлеп оқу « Жаз келер»
- үй жануарлар атауларын, төлінің атауларын қайталау.
- Абайдың «Жазғытұрым
өлеңімен салыстыр
Бекіту:
Шәкәрім Құдайбердіұлы деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Қандай шығармалары оқу-білімге арналған?
Ол кімнің туысы?
10 шығармасының атауларын жазу
Үйде мәнерлеп оқу -52 бет және жаңа сөздерді жаттау, кластер бойынша әңгімелеу.
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №14
Тақырыбы -:-«Адамдық борышың»
Мақсаты :. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, адамгершілікке, ғылым-білімге тәрбиелеу, ақынның жан-жақты ішкі дүниесін түсінуге ынталандыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезең(сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру)
Үй тапсырмасымен жұмыс : ақын туралы әңгімелесу, жаңа сөздерді меңгергендерін тексеру,(қысқа сөздік жұмыс)
Шәкәрім Құдайбердіұлы кім? – сұраққа жауап талап ету
қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын , философ, 1858 жылы 11 шілдеде Шынғыстауда туған, Меккеге 2 рет барды , аудармашы (орыс, Шығыс тілдерін жетік білген), Қажы аталған , сазгер.
- 51 бет оқулық, танысу «Адамдық борышың»
–мәнерлеп оқу
- Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен тақырыптарының сәйкестігін айта кету,
жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы әңгімелесу,
сөздік жұмыс жасау ( қиын сөздердітеріп жазу, аудармасын тауып, жазып алу)
кезекпен мәнерлеп оқыту
адамның парызы (борыш, қарыз, міндет) қандай?
-өз ойларын айтқызу
Бекіту:
Шәкәрім Құдайбердіұлы деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Қандай шығармалары оқу-білімге арналған?
Ол кімнің туысы? ( өткенді қайталау)
«Адамдық борышың» шығармасының тақырыбы қандай?
жаңа сөздерді қайталау
Үйде мәнерлеп оқу 51-52 бет және жаңа сөздерді жаттау,
(алдын ала жұмыс жасау) - 53-54 бет «Ләйліме менің көзіммен қараңыз» шығармасымен өз бетінше танысу
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №15
Тақырыбы :«Шәкәрім - философ»
Мақсаты : Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін кеңейту..
Міндеттері: адамгершілікке, ғылым-білімге тәрбиелеу, ақынның жан-жақты ішкі дүниесін түсінуге ынталандыру,
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Үй тапсырмасымен жұмыс : ақын туралы әңгімелесу, жаңа сөздерді меңгергендерін тексеру
- Шәкәрім Құдайбердіұлы кім? – сұраққа жауап талап ету
-қанша тіл білген?
-Меккеге неше рет барған?
-кімдердің шығармаларын аударды?
53 бет оқулық, танысу «Ләліме менің көзіммен қараңыз»
оқу , рөлге бөлу, оқу.
- жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы әңгімелесу,
- әңгіменің идеясы, философиялық тұжырымы не?- өз ойларын айтқызу
- Ләйлі мен Мәжнүн деген кімдер?
- патша нені түсінбеді?
- адамның сұлулығы неде? қалай ойлайсыңдар? өз ойларын айтқызу
- «Ұмытылғанның шығармалары» - үзінділер оқу,
«Атымтай жомарт» т.б.
- адам жомарттығы қалай білінеді?
- неге Атымтайға жомарт емессің деп айтады?
«Сад подснежников» шығармасымен таныстыру- үзінділерімен
Бекіту:
Шәкәрім Құдайбердіұлы деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Қандай шығармалары оқу-білімге арналған?
«Ләліме менің көзіммен қараңыз» шығармасының тақырыбы қандай?
Үйде: мәтінді оқу 53-54 бет және жаңа сөздерді жаттау,
Бағалау, қоштасу.
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №16
Тақырыбы -:Тіл дамыту
Мақсаты : өткенді қайталау
Міндеттері: ақын-жазушылар туралы білімдерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасауға жаттықтыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезең(сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру)
Үй тапсырмасымен жұмыс : ақын туралы әңгімелесу, жаңа сөздерді меңгергендерін тексеру,(қысқа сөздік жұмыс)
Шәкәрім Құдайбердіұлы кім? – сұраққа жауап талап ету
хрестоматия 66-69 беттер
-автордың аты сендерге таныс па?
-Бауыржан Момышұлы кім?
- біздің кеніште осы жазушы-батыр атымен не аталған?
-«Ана аманаты» –мәтінмен танысу, оқу
- әңгімедегі жағдай қай кезде болған?
- соғыс кезінде де адамдар махаббат, адалдық, ерлік, ел қорғау туралы ұмытпаған екенін айта кету.
- жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы әңгімелесу,
- бұл қасиеттер туралы қай ақындар да айтып еді? ( қайталау)
Бекіту:
Бауыржан Момышұлы деген кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
жаңа сөздерді қайталау, сөздікке жазып алу
Үйде мәнерлеп оқу 82 бет , хрестоматия , «Қазақстан» - авторы Фариза Оңғарсынова - жаттау,
Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет жинау
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №17 Тақырыбы : Мағжан Жұмабаев
Мақсаты : Мағжан Жұмабаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері Мағжан Жұмабаев туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ ақындары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Мағжан Жұмабаевтың суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
Фариза Оңғарсынова туралы жазған жұмыстарын оқыту, бағалау
Жаңа тақырып:
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола уезіне қарасты Паудан болысында өмірге келген болатын. 1910 жылы Уфа қаласындағы медресе «Ғалияға» түседі, кейін Қызылжардағы семинарияда оқып, оны алтын медальмен 1917 жылы бітіреді. Мағжан- халқын сүйген ақын. Халқының өмір-ғұмырын, тұрмыс-тірлігін, сыр-сипатын, әлеуметтік өмірін мәнерлеп, жырмен кестелеген.
1927 жылдан бастап 1990 жылға дейін оның шығармалары баспа жүзін көрмей кетті.
«Сен сұлу» өлеңімен танысу, мәнерлеп оқыту
сұрақтар:
-ақын өлеңді кімге арнады?
-ақын махаббат сезімін қалай айтады?
- осы өлең Абайдың қай өлеңіне ұқсас?
- өлең неге тәрбиелейді?
- «сұлу» - сөзіне синонимдер табу, жазу
- кезекпен мәнерлеп оқыту
-55 бет, мәтінмен танысу
Тапсырма: Мағжан Жұмабаев кім? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау..
Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.
Бекіту: Мағжан Жұмабаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Кімнің шығармашылығымен үндестігі бар?
Үйде: үй тапсырмасы: жаттау, класстер бойынша әңгімелеу
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №18 Тақырыбы : Сәкен Сейфуллин.
Мақсаты : Сәкен Сейфуллин шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері Сәкен Сейфуллин туралы түсінікттерін кеңейту, өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ ақындары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру, өздік жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Сәкен Сейфуллин суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
«Сен сұлу» жатқа өлеңін айтуларын бағалау
Жаңа тақырып:
Сәкен Сейфуллин өзі табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде – Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (бұрыңғы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы) өмірге келген. Әкесі домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болған, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертегілерді көп білетін адам болыпты. Әкесі оны орыс тілін үйренсін деп Нілдіде бір орыстың үйіне қояды. Одан кейін 2 жыл зауыт мектебінде оқиды. Сол кезде ол ауыр жұмыстың зардабын көріп, жұмысшыларға жаны ашиды.
1913 -1916 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды..
1914 жылы- алғашқы «Өткен күндер» атты өлең жинағы шығады. (Қазан қаласы) Мағжаннан кейінгі 20 жасында өлең кітабы шыққан қазақ ол кезде болған емес.
Ауылда мұғалім болып жүргенде ұлт-азаттық көтерілісі басталғанда халық жағына шығады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік, жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі көрнекті тұлғаға айналады.
шығармалары: «Асығып тез аттандық», «Далада», «Кел, жігіттер», «Сағындым», «Қамаудан», «Біздің жақта», «Қашқынның ауылы», «Жас қазақ марсельезасы», өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы.
«Аққудың айырылуы», «Келіншек ойы», «Ақсақ киік», «Сырсандық», «Ауыл байғұс мінеки», «Тар жол тайғақ кешу», «Тұлпарым», «Бандыны қуған Хамит»-әңгімесі, «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары - сондай дүниелер.
1936 жылы ақын Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды.
1937 жылы 44 жасында жазықсыз жазаға ұшырайды. 1956 жылы толығынан ақталды.
Тапсырма: конспект жазу, Сәкен Сейфуллин кім ? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау- 57-58 беттер, оқулық
мәнерлеп оқу: хрестоматия -54 бет « Тау ішінде» әнімен таныстыру
Бекіту: Сәкен Сейфуллин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №19 -20 Тақырыбы : «Аққудың айырылуы»
Мақсаты : Сәкен Сейфуллин шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, қазақ ақындары туралы білімдерін толықтыруға ынталандыру, өздік жұмыс жасауға дағдыландыру, табиғатты аялау, қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Сәкен Сейфуллин суреті, аққудың суреті
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
Ақын туралы өздері жасаған класстері бойынша әңгімелеу
Жаңа тақырып:
«Аққудың айырылуы» поэмасымен танысу, мәнерлеп оқу, өз түсінгенін айтқызу, талдау.
Тапсырма:
5 беттегі сұрақтар бойынша жұмыс жасау(оқулық)
Көлдің сұлулығын сипаттайтын жерін табу, қайта оқу.
Көлде нелер мекендейді?
Құстар қайтеді?
Аққу құсы ненің символы?
Аққулар айырылып кеткен соң не болады?
Аққудың сыңарының күңренген жерін тауып қайта оқу
Аққудың өлімінен қандай ой түбге болады?
Табиғат адамға пайда әкеледі, ал адам ше?
Сендер табиғатты қорғау үшін не істедіңдер?
Поэмадан үзіндіні қайта оқу, интонацияны дұрыс сақтау, дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.
Бекіту: Сәкен Сейфуллин кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Поэмасы не туралы?
Аққу қандай құс?
Үйде : поэманы оқу, жаңа сөздермен жұмыс.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №21 Тақырыбы : Мұхтар Әуезов
Мақсаты : Мұхтар Әуезов шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: Мұхтар Әуезов туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Мұхтар Әуезов
суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сайыс өткізу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: «Аққудың айырылуы»- Сәкен Сейфуллин шығармасы туралы білімдерін тексеру( сұрақ-жауап арқылы)
Көлде нелер мекендейді?
Құстар қайтеді?
Аққу құсы ненің символы?
Аққулар айырылып кеткен соң не болады?
Аққудың өлімінен қандай ой туады?
Табиғат адамға пайда әкеледі, ал адам ше?
Сендер табиғатты қорғау үшін не істедіңдер?
Жаңа тақырып:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ұлы жазушы, 1897 жылы , қыркүйек айының 28-де қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау ауылында туған. Жасынан Абайдың өмірі, әндері туралы айналадағы кісілерден жиі естіген. Осы жырлардың әсері оны өнерге ынталандырады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - өмір жолының баспалдақтары:
ауыл мектебі
Семей медресесі
қалалық училище
Ленинград университеті
Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасы
Тапсырма: Мұхтар Омарханұлы Әуезов кім? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау( 67-68 беттер бойынша).
Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: жазушының әр түрлі жанрдағы туындылармен таныстыру үшін 3-4 топқа бөлініп, біреулері- пьесаларын, екіншісі- очерктерін жазып алу, бір-біріне оқып беру, жазып алу.
Бекіту: Мұхтар Омарханұлы Әуезов кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, шығармаларын толықтыру.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №22 Тақырыбы : «Татьянаның қырдағы әні»
Мақсаты : Мұхтар Әуезов шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: Абай, оның шығармашылығы туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, «Абай жолы» романы, Абай суреті
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
Жазушы туралы өздері жасаған класстері бойынша әңгімелеу, тапқан шығармаларының аттарын оқыту, кім көп жинаған? - анықтау
Жаңа тақырып:
«Татьянаның қырдағы әні» - «Абай жолы» романының үзіндісі
Үзінідінің 1 тарауымен таныстыра отырып Абайдың «Евгений Онегин» шығармасынан үзінділерді аудару сәтіндегі өзінің басынан кешкен оқиғаларды еске алуы, солардың әсері, ақынның бойындағы ғашықтық сезімі, Татьянаның бейнесі арқылы Тоғжан мен Салтанаттың бейнесін суреттеуі туралы әңгімелесу.
Сұрақтар:
Абай қандай ұлттық ойын ойнаған?
Абай үшін ең бақытты шақтары қай кез?
Абай орыс әдебиетінде кімдердің шығармаларына көп үңілді?
Тоғжан мен Салтанат тағдырын кімнің тағдырына ұқсатты?
«Татьянаны өз елінің тілімен сөйлетті» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Татьянаның қырдағы әні» - оны ең бірінші орындаушы кім болды?
Тапсырма:
Үзінідіден кейіпкерлер аттарын жазып алу 68-72 беттер
Тоғызқұмалақ ойыны туралы не білесіңдер?
Абай достарымен бірге тоғызқұмалақтан не ұйымдастырушы еді?
Ол жарыстарда кімдер жеңді?
Бекіту:
«Абай жолы» романын кім жазды?
Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?
«Абай жолы» романының басты кейіпкері кім?
Бүгінгі оқыған үзіндіде басты тақырып қандай?
Үйде: 68-72 беттер; оқу, сұрақтар бойынша мазмұндау.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №23-24 Тақырыбы : «Татьянаның қырдағы әні»
Мақсаты : Мұхтар Әуезов шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: Абайдың шығармашылығы туралы түсінікттерін ұлғайту, мәтінді түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Абай суреті, Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасымен Абайдың аудармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау:
«Абай жолы» романын кім жазды?
- Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?
- «Абай жолы» романының басты кейіпкері кім?
-Бүгінгі оқыған үзіндіде басты тақырып қандай?
Жаңа сабақ
«Татьянаның қырдағы әні» - «Абай жолы» романының үзінділерімен танысуды жалғастыру
Үзінідінің 2 тарауымен таныстыра отырып Абайдың Татьянаның бейнесін жасау, Әйгерімнің образымен суреттеуі туралы әңгімелесу.
73-78 беттердегі үзіндімен танысу
Сұрақтар:
ауылға кімдер келді?
Кешті кім өткізуге сұрады?
Әйгерім қандай ән шырқады?
Ол әнін кімге арнады?
Әйгерімнің өлеңді орындау кезіндегі көңіл-күйін суреттейтін орнын тауып оқу.
Орысша мен қазақша үлгілерін оқып беріп салыстыру (аударма шеберлігін айта кету)
Тапсырма:
Үзінідіден кейіпкерлер аттарын жазып алу -73-78 беттер
Бекіту:
- Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?
- «Абай жолы» романының басты кейіпкері кім?
- Бүгінгі оқыған үзіндіде басты тақырып қандай?
Үйде: 73-79 беттер; оқу, сұрақтар бойынша мазмұндау.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №25- 26 Тақырыбы : Ғабит Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана».
Мақсаты : Ғабит Мүсірепов шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру
Міндеттері: Ғабит Мүсірепов туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, аналарын сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, хрестоматия, Ғабит Мүсірепов
суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: 73-79 беттер; оқу, сұрақтар бойынша мазмұндау
Жаңа тақырып: Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген. Түрікше, арабша , орысша хат таныған,
Ұстазы – ақын, ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бекет Өтетілеуов
Шығармалары
Шағын әңгімелер
Драмалық шығармалар
Эпикалық туындылар
Аудармалар
Шығармаларының басты тақырыбы: Ана тақырыбы
Тапсырма: Ғабит Мүсірепов кім? – сұраққа жауап жазу., класстер жасау
( 81-82 беттер бойынша).
Тапсырма: ақынның ана туралы шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: жазушының «Өлімді жеңген ана» шығармасымен танысу, 82-91 беттер
Сұрақтар:
- әңгіменің басты кейіпкерлері кімдер?
- ана мен Темірдің дауы қалай шешілді?
- ана қалай оны жеңді?
- ананың өзінің күшін дәлелдеген жерлерін тауып оқу
Бекіту: Ғабит Мүсірепов кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
«Өлімді жеңген ана» шығармасы не туралы?
Шығармаларының басты тақырыбы қандай?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, шығарманы оқу, әңгімелеу
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №27 Тақырыбы : Бердібек Соқпақбаев.
Мақсаты : Бердібек Соқпақбаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Бердібек Соқпақбаев туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Бердібек Соқпақбаев суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: класстер бойынша Ғабит Мүсірепов туралы әңгімелеу, шығарманы оқу
Жаңа тақырып:
Бердібек Соқпақбаев.
1924 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Қостөбе селосында туған
өзінің балалық шағы туралы « Балалық шаққа саяхат» деген кітабында әңгімелеген
ФЗО мектебінде оқыған
ауылда мұғалім болған
Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген
«Қазақстан пионері» редакциясында жұмыс істеген
1952 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Шығармалары:
Ең алғашқы жинақ – «Бұлақ» жинағы – 1950 жыл
«Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар», « Балалық шаққа саяхат» - повестер
«Өлгендер қайтып келмейді» - роман
«Кездесу», «Бозтөбе» - поэмалары
Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: жазушының өмір кезеңдері бойынша кластер жасау
Кластер бойынша әңгімелеу, бір-біріне сұрақ қою
Бекіту: Бердібек Соқпақбаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
« Балалық шаққа саяхат» шығармасы не туралы?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, шығарманы оқу 95- 101 беттер – (алдын ала жұмыс)
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №28 Тақырыбы : «Өлгендер қайтып келмейді».
Мақсаты : Бердібек Соқпақбаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Бердібек Соқпақбаев суреті, шығармалары
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: класстер бойынша әңгімелеу, шығарманы оқу 95- 101 беттер – (алдын ала жұмыс)
Жаңа тақырып : «Өлгендер қайтып келмейді» -
романнан үзінділермен танысу, мәтінмен жұмыс жасау
мәтінмен танысқан соң сұрақтарға жауап талап ету:
романның басты кейіпкерлері кімдер?
Еркіннің үйінде қандай жаңалық болды?
Ғалия деген кім?
Жеңгесін қалай суреттеген? - ұзіндіні тауып оқу.
Еркіннің жеңгесі кім болып істейді? Қай тілден сабақ береді?
«басқаша» хатында Еркін не туралы жазды деп ойлайсыңдар?
өздерің ұқсас жағдайда болдыңдар ма?
Сөздік жұмыс жасау – 106 – 107 беттер бойынша
Бекіту: Бердібек Соқпақбаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
«Өлгендер қайтып келмейді» шығармасы не туралы?
Басты кейіпкерлері кімдер?
Үйде: әңгімені (үзіндіні) қайта оқу, әңгімелеу.
Отбасы мүшелерін қалай атайтынын қайталау.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №29 Тақырыбы : Мұқағали Мақатаев.
Мақсаты : Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Мұқағали Мақатаев туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Мұқағали Мақатаев суреті, шығармалары
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: Отбасы мүшелерін қалай атайтынын қайталау
Жаңа тақырып: Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Қарасаз» ауылында туған
10 жасынан өлең жаза бастаған
«Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Шолпан», «Жырлайды жүрек» кітаптары шыққан.
Шығармалары:
өлеңдері - «Туған жерге»,«Жапырақ- жүрек, жас қайың!», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», т.б.
Поэмалары – «Чили – шуағым менің», «Қырандар, қош болыңдар», «Аққулар ұйықтағанда», «Шекарада», «Райымбек», «Қашқын», т.б.
Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: 108 бет – «Туған жерге» өлеңін мәнерлеп оқу.
Тапсырма: хрестоматия – 78 -79 беттер- «Сәби болғым келеді» өлеңімен таныстыру, әнімен таныстыру, мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру
Бұл өлеңді неге жазды деп ойлайсыңдар?
Бекіту: Мұқағали Мақатаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: дәптер бойынша әңгімелеу, шығарманы жаттау ; 78-79 беттер – хрестоматия
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ №30 Тақырыбы : Мұқағали Мақатаев. «Өмір жайлы».
Мақсаты : Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Мұқағали Мақатаев туралы түсінікттерін кеңейту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: хрестоматия, Мұқағали Мақатаев суреті,
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: дәптер бойынша әңгімелеу, шығарманы жаттау ; 78-79 беттер «Сәби болғым келеді» - өлеңін музыкаға қосылып айтқызу.
Жаңа тақырып: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру - «Өмір жайлы» - хрестоматия , 79 бет
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен өлмеген,
Жалған айып тағылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Неге ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?
Содан сұра, содан сұра өмірді.
Сөздік жұмыс жасау – мәнерлеп оқыған соң қиын, түсінбеген сөздерін теріп жазғызу, аудармасымен таныстыру, жазып алғызу.
қан майдан деген не?
ҰОС қашан болған еді?
Сол соғыстағы халықтың ерлігі туралы не білесіңдер?
Қандай ақын-жазушылар ҰОС туралы жазған еді?
Шығармаларын атай аласыңдар ма?
Автордың басқа да шығармаларын атаңдар.
Басқа авторлардың шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып бере аласыңдар ма?- шағын мәнерлеп оқудан жарыс жүргізу
Бекіту: Мұқағали Мақатаев кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: мәнерлеп оқу, 79 бет, хрестоматия.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ № 31-32 Тақырыбы : Олжас Сүлейменов.
Мақсаты : Олжас Сүлейменов шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: Олжас Сүлейменов туралы түсінікттерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық, Олжас Сүлейменов суреті, шығармалары
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.
Үй жұмысын қайталау: мәнерлеп оқу, 79 бет, хрестоматия
Жаңа тақырып: Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында туған
шығармаларын орыс тілінде жазған
шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылған.( ағылшын, француз, араб, түрік, т.б.)
қоғам қайраткері
«Невада – Семей» қозғалысының басшысы
Шығармалары:
алғашқы жинағы - «Арғымақтар
Шығармаларында ұлттық рух ерекше байқалады
«АзиЯ» - ғылыми шығарма
Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: 111-112 бет – «Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқу, сөздік жұмыс жүргізу.
- өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай сурет елестейді?
- Сурет салу
Тапсырма: 112 бет- «Қыз қуу » өлеңімен таныстыру, мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру
Бұл өлеңде не туралы жазылған?
«Қыз қуу » деген не?
Басқа қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Сөздік жұмыс жасау- 113 б
Бекіту: Олжас Сүлейменов кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: «Арғымақ» - шығарманы жаттау
Қорытынды: бағалау, қоштасу
№ 33- 34 сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».
8 сынып
Мақсаты: Қадыр Мырза Әли шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: Қадыр Мырза Әли шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, атақты ақын шығармашылығына қызығушылық тәрбиелеу , өз бетімен жұмыс жасауға, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Құралдар: Қадыр Мырза Әли суреті, оқулық
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру («Арғымақ» - шығарманы жаттау )
Жаңа сабақ :
Қадыр Мырза Әли - 1935 жылы, 5 қаңтарда туған.
Қадыр Мырза Әли - қазіргі қазақ әдебиетінің поэзия жанрында өзіндік орны бөлек үлкен ақын. Оның философиялық мәні терең, тілі бай, ойлы өлеңдері халыққа кең танымал. Ақынның 30 шақты кітаптары шыққан. Өлеңдері бірнеше тілдерге аударылып, шет елдерге танымал. Ақын 100 деген әндерге өлең жазған.
Шығармалары
Алғашқы өлеңін 1948 жылы жазған
Тұңғыш кітабы 24 жасында шыққан
«Домбыра» жинағы – 1979 жыл
«Мәңгі майдан» - 1992 жыл
3 және 12 томдық шығармалар жинағы бар
Тапсырма : Қадыр Мырза Әли кім ? – сұраққа жауап жазу, класстер жасау
( 114 бет бойынша) – оқулық
Тапсырма:шығармаларының атауларын жазу ( оқулық)
Тапсырма: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»- 115б – мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру 117 бет.
Тапсырма: өлеңнен тілге байланысты қанатты сөздерді табу, басқа тіл туралы мақалдар айту.
Бекіту: Қадыр Мырза Әли кім ?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Үйде: класстер бойынша әңгімелеу, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»-– мәнерлеп оқу
Қорытынды: бағалау, қоштасу
8 сынып қазақ әдебиеті
№ 35 сабақ тақырыбы: Қайталау сабағы
Мақсаты: жыл бойы алған білімдерін қайталау, бекіту
Міндеттері:
қойылған сұраққа толық жауап беруге ынталандыру, өз білімдерін көрсетуге, ойларын нақты білдіруге жаттықтыру.
Құралдар:
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптерлері )
Үй тапсырмасын тексеру: класстер бойынша әңгімелеу, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»-– мәнерлеп оқу
Жаңа сабақ :
Мақсатымен таныстыру,
өткен тақырыптар бойынша ең есте қалған шығарма туралы әңгімелеу
(ол неге ұнады? Қандай әсер етті? Т.б.)
- жұмыс орындау кезінде бір-біріне бөгет жасамау керектігін айта кету.
- хрестоматия – 93 бет Расұл Ғамзатов «Тырналар» өлеңімен танысу,
Түсінгенін сурет арқылы көрсету (сурет салу)
мәнерлеп оқыту
сұрақтар: Р.Ғамзатов кім? басқа елдердің қандай ақын-жазушыларын білесіңдер? Қазақ жазушы-ақындардың аттарын кім көп атайды?
Сұрақтарына жауап беру үшін ойлануға уақыт беру, өз жауаптарын ауызша барлығына түсіндірту, бағалау.
Жартыжылдық, жылдық бағаларымен таныстыру
Қорытынды: қоштасу
Достарыңызбен бөлісу: |