9.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты: а)Оқушылар кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысу. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу; ә) Зат есімді толығымен зерттеу арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік есте сақтау қабілеттерін ашу.б)Жұпта жұмыс істей отыра, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, фломастер, ватман.Сабақ әдіс тәсілдері: ой шақыру, топпен жұмыс, іздену, «еркін жазу»Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру . Психологиялық жағдай.
Адамның күлкісі-әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезімімізді дарытуға жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Біріңе-бірің жымиып ,күлкілеріңді көршілеріңе сыйлаңдар, маған да күлкілеріңді сыйлаңдар.Рақмет! Көңіл күйлеріңнің,құлшыныстарыңның жақсы екенін байқап тұрмын.Ендеше іске кірісейік.