Сабырғалиева Райгүл Жумабайқызы
Алматы қаласы.
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия
Математика пәнінің мұғалімі.
Тақырыбы:Менің қалам Алматы.
Мақсаты:
Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері
Көрнекілігі: Суреттер,Алматы қаласының суреттері, интерактивті тақта
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа бұру
Оқушыларға сөйлемдер құрату.
Алматым – жүректің жыры!
Алматым – жанардың нұры!
Алматым – сөнбес күнім!
Алматым - өлмес гүлім!
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
Алматы қаласы – мәдениет және қаржы орталығы
Алматы - әлемдегі сұлу қалалардың бірі. Ол өте көрікті Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан. Алматының жасыл желегі, түзу көшелері, қазіргі заманғы аса сәулетті ғимараттары, гүлді алаңдары, сарқырап аққан бұлақтары, өзендері, көлдері, орманды таулары оны таңғажайып көркейтеді.
Алматы – ірі мәдениет және қаржы орталығы. Қалада көптеген университеттер, академиялар, колледждер, кітапханалар, театрлар, түрлі демалыс парктері, спорт кешендері, қонақ үйлер бар.
Алматы қаласының мәдени өмірі бай. Онда опера және балет, драма, қуыршақ театрлары, көптеген кинотеатрлар бар. Әдебиет, музыка, көркемсурет, сәулет өнері, кино, дизайн өнерлері жақсы дамыған. Мұнда әлемдік фестивальдар, конкурстар, конференциялар, көрмелер ұйымдастырылады, олар өнердің дамуына ықпал етеді.
Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі, Абай ескерткіші, Республика сарайы, Студенттер сарайы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Неке сарайы, Президент резиденциясы, Халық аспаптар мұражайы және т.б. әсем ғимараттар бар.
Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қалаархитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.
1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Алматы қаласының көрікті жерлері
Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді. Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы телемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған.
2. «Beatles» ескерткіші. Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМД елдерінің аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды. Қола төрттігінің авторы Эдуард Казарян.
3. Республика Сарайы. Достық және Абай даңғылының қиылысында орналасқан ғимаратта мәдени іс-шаралар, концерттер, фестивальдер өткізіледі. Сарай алаңында ғұлама ақын Абайдың ескерткіші орнатылған.
4. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақ Медеу ауданында орналасқан. Аумағы 18 гектарға жететін саябақ ішінде Вознесенский кафералық үлкен шіркеуі, Офицерлер үйі, Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы, даңқ мемориалы, И.В. Панфилов пен Бауыржан Момышұлы ескерткіштері бар.
5. Даңқ мемориалы 1975 жылы жеңістің 30 жылдығына орай салынды. 1975 жылдың 8 мамырында ашылып, мәңгілік алау жағылды. Сол жағында «серт» горельефі, ортада Мәскеу үшін өмірлерін қиған қаһармандардың образы бейнеленген «Ерлік» триптихы, оң жақта «атақ-даңқты ұрандатқан» композиция орналасқан.
6. Офицерлер үйі 1978 жылы салынды. Жоба авторлары – Ю.Г.Ратушный, О.Н. Балықбаев, Т.Е. Ералиев. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақтың шығыс жағында орналасқан.
7. Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы 1980 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұражайда қазақтың барлық халық аспаптары жиналған. Мыңнан астам жәдігер өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады.
8. Орталық мешіт 1999 жылы шілде айында салынды. Мәрмәр тастардан қашалған мешіт ислам дінінің нышанына айналды. Мешіттің төбесіндегі көк күмбез жанында ұзындығы 47 метрге жететін мұнара орналасқан.
9. Тәуелсіздік монументі. Жаңа алаңда орналасқан монумент қазақ халқының дамуы мен қалыптасуын аяндайтын тарихи шежірені бейнелейді. Кешеннің ортасында тәуелсіздіктің нышанына айналған «Алтын адам» орналасқан.
10. Медеу спорткешені. Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан кешен 1972 жылы Медеу шатқалында салынды. Мұз айдыны еш қоспасыз, тау бұлағынан аққан су мен табиғи аяздан қатаяды. Медеу теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 10 500 шаршы метр. Спорткешенде «Медеу» қонақүйі, сауықтыру орталығы, баспасөз орталығы, мейманхана, 2 жүзу бассейні орналасқан. Қыс мезгілінде демалыс күндері әуесқой конькишілерді сағат таңғы 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қабылдайды. 2011 жылы айдында VІІ қысқы Азия ойындары кезінде жарыстар өткізілді.
Сұрақ-жауап:
Енді, балалар бізге «Сұрақтар әлемінен» хат келіпті. Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап берейік.
Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
Алматыда нелер бар?
Медеу мұзайдынында нелер өтеді?
Мәнерлеп оқу
Алматым менің
Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы,
Алтын сәуле тарайды. (Н. Әлімқұлов)
Айтылым: Кел, сөйлесейік! (диалог)
- Асыл, сен Алматы қаласына бардың ба?
- Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым.
- Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Орнымыздан тұрамыз.
Төрт, бес, алты,
Аққу болып ұшамыз,
Жеті, сегіз, тоғыз,
Орнымызға қонамыз.
Ойындар
Көп нүктенің орнына тиісті сөз жаз.
Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.
«Ойлан, тап!»
1. Өте, әдемі, қала, Алматы.
2. етегінде, Алатаудың, орналасқан.
3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда.
4. Алматыда, бар, цирк.
«Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап!
Лаам
Матыал
Аалқ
Сөздердің аудармасын тап!
Край -..
Комната - ...
Флаг - ...
Вода –
Город - ...
Мальчик - ...
4.Үй тапсырмасы.
Алматы қаласы туралы әңгіме құрау.
5. Қорытынды.
Алматы қаласы туралы не білдік?
Алматы қаласында тұрғанымызға мақтан ете аламыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |