Сабақ түрі: Бекіту сабағы. Көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар



Дата29.06.2017
өлшемі73,37 Kb.
#20599
түріСабақ
Математика 5 сынып.
Тақырыбы: Логикалық есептерді шығару жолдары

Мақсаты:

  1. Логикалық есептерді қарастыру, логикалық есептерді шығару.

  2. Логикалық есептерді оқушылардың сынып бағдарламасына сәйкестендіріп шешу, түрлі тест үлгілерін қолдану арқылы ҰБТ есептерін шығару.

  3. Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз бетімен ізденуге баулу.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы.

Көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, .

Қолданылған әдебиет: 5-сыныпқа арналған А. Әбілқасымова «Математика» оқулығы, әдістемелік материалдар, тестер жинағы, И. Акйол «Математика» шың-кітап.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй жұмысын тексеру. 2 мин.

  2. Қайталау. Ауызша есептеу. 5мин.

  3. Есептер шығару. 9 мин.

  4. Тест «Логикалық есептер» 5 мин.

  5. Үй жұмысын беру. 2мин.

  6. Қорытындылау: бағалау. 2 мин.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ мақсатымен, барысымен, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру: Электронды сағат – уақытты сағат және минутпен көрсетеді(00:00 – 23:59). Бір тәулікте бұл сағаттың көрсеткішінен 2, 0, 1, 8 (түгелімен, екз-келген ретте) қатар келетін неше тәулік мезгілін көруге болатынын тап.

Шешуі: 1) 01:28 2) 02:18 3) 08:12 4) 08:21 5) 10:28

6) 12:08 7) 18:02 8) 18:20 9) 20:18 10) 21:08

Жауабы: 10



  1. Қайталау. Ауызша есептеу.

  1. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)

  2. Екі қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (50 саусақ)

  3. Ат жарысы өтуде.Үш пар ат 60 км шауып өтсе әр ат неше км шабады? (60 км)

  4. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (4 мин)

  5. 1 тонна мақта ауыр ма,әлде бір тонна темір ауыр ма? (тең)

  6. Бір әтеш 2 адамды оятса, 10 адамды ояту үшін неше әтеш керек? 5 әтеш



  1. Есептер шығару

  1. Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар? 0005(25)

A) 48

B) 686


C) 98

D) 343


E) 72

  1. 27 кіші кубтан жаңа бір үлкен куб жасады. Үлкен кубтың барлық жақтары боялды. Екі жағы ғана боялған кіші кубтардың саны қанша?

A) 16

B) 12


C) 1

D) 6


E) 8

  1. Астана мұз айдынында конькиді жалға беру бағасы 1 сағатқа 700 теңге, 1 сағаттан асса, онда келесі әр сағатқа 400 теңге қосылады. Айдос Астана мұз айдынында 2 сағат 15 минутқа коньки жалға алатын болса қанша теңге төлейді? 0007(25)

A) 700 теңге

B) 1100 теңге

C) 900 теңге

D) 800 теңге

E) 1200 теңге


  1. Сандар белгілі бір заңдылық нәтиесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек?

«17»=7, «21»=2, «30»=0, «45»=20, «53»=15, «913»=?

A) 27


B) 0

C) 13


D) 39

E) 15


  1. Ұлы 10 жаста, ал әкесі 58 жаста. Неше жылдан кейін ұлының жасы әкесінің жасынан 4 есе кіші болады? 0002(2)

A) 4

B) 5


C) 8

D) 6


E) 7

  1. 4262; 4532; 6232; 4562; 4232; сандарындағы цифрлар белгілі бір әріптермен белгіленген. 4532 сандық белгінің сөзін табыңыз.

А) жора

В) жата

С) жара

D) тара

E) жота


  1. Сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз.


1044

94

?

9 10 6 9 8 10

2 7 5 8 3 7

А) 48


В) 60

С) 101


D) 59

E) 86


  1. Саяхатшылар қайықтармен өзеннен өтпекші болды. Әрбір қайыққа 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу? Қайықтар нешеу? 0001(25)

A) 16 саяхатшы, 4 қайық

B) 12 саяхатшы,3 қайық

C) 18 саяхатшы, 5 қайық

D) 25 саяхатшы, 6 қайық

E) 15 саяхатшы, 4 қайық


  1. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтарының саны 66. Аулада неше қаз, неше қоян бар? 0002(25)

A) 15 қаз, 9 қоян

B) 12 қаз, 12 қоян

C) 16 қаз, 8 қоян

D) 11 қаз, 13 қоян

E) 14 қаз, 10 қоян


  1. Гүл дүкенінде 3 гүлден және 5 гүлден жасалған барлығы 35 гүл шоқтары бар. Дүкенде барлығы 129 гүл бар болса, онда қанша үш гүлден және қанша бес гүлден жасалған гүл шоқтары бар? 0003(2)

A) 18 үш гүлден, 17 бес гүлден

B) 25 үш гүлден, 10 бес гүлден

C) 20 үш гүлден, 15 бес гүлден

D) 23 үш гүлден, 12 бес гүлден

E) 15 үш гүлден, 20 бес гүлден


  1. Балалар мерекесіне арналған концертке сегіз әнші қатысты. Концерт барысында әрбір әнші басқа әншілермен дуэт болып бір әннен айтып шықты. Концертте барлығы неше ән айтылды? 0006(25)

A) 19

B) 16


C) 12

D) 21


E) 28

  1. Дымбілмес бірінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 37 болды. Дымбілмес екінші рет сыныптағы ұлдардың мұрындарын жіне қыздардың құлақтарын санағанда барлығы 35 болды. Сыныпта неше қыз неше ұл бар? 0010(25)

A) 12 қыз, 13 ұл

B) 14 қыз, 12 ұл

C) 15 қыз, 13 ұл

D) 11 қыз, 13 ұл

E) 16 қыз, 11 ұл



  1. Тест «Логикалық есептер»

1. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан.Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.

1;3;7;13;21;...?

А) 23

В) 29


С) 31

Д) 37


Е) 43

2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс,1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанща болады?

А) 15 В)20 С) 30 Д)10

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

А) 30 км/сағ

В)15км/сағ

С)5 км/сағ

Д)10 км/сағ

Е)6км/сағ

4. Столдың төрт бұрышы бар. Егер оның 1 бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?

А) 3 В)5 С)4 Д)6 Е)2

5. Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді.

Дина неше мандарин жеген.

А) 5 В)7 С)4 Д)6 Е)8






A

B

C

Д

E

1







+







2
















3




+










4




+










5










+





5.Үй жұмысы:

6. Қорытындылау: бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 01b3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01b3 -> Пән: қазақ тілі Сынып: 5 сынып Әлеуметтік-тұрмыстық ая: «Тау басында сырғанақ тебеміз» Қысқа мерзімді жоспар
01b3 -> Орта сызығы. Жамбыл обл, Жуалы ауданы №27Дихан орта мектебі
01b3 -> Сабақтың тақырыбы: §24 Атмосфераның құрамы және құрылымы. Сабақтың мақсаты : Білімділік
01b3 -> Пәні : Қазақ тілі Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 1 -4 жаттығулар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет