Сабақ түрі: Жаңа сабақ Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, сұрақ-жауап, аудару, түсіндіру, әңгімелеу т б



Дата01.04.2017
өлшемі90,94 Kb.
#13159
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: 1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әңгімелерін оқу, тапсырмалар орындау.

2. Оқушылардың кластер арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, 5 жолды өлең құру арқылы ойлау, сөйлеу, аудару, сұрақ-жауап әдістері арқылы ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адал, еңбекқор болуға бағыт беру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы, сұрақ-жауап, аудару, түсіндіру, әңгімелеу т.б.

Кезеңдері Сабақтың барысы

Амандасу. Оқушыларды тақтаға шақырып, шеңбер құру, «Жүректен-жүрекке» атты психологиялық дайындық өткізу. Бір-біріне жүректі беру арқылы тілек айту. Еңбекқор бол!, білімді бол!, бахытты бол!

Смайликтер арқылы сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

Сабақтың мақсатын айту.

- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің өмірімен, әңгімелерімен танысып, әртүрлі тапсырмаларды орындап, бағалау парақшаларымызға ұпайларымызды қойып отыру. Сабақ барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин

Жаңа сөздер: өзім оқу, хормен, жеке оқу, аудару, сөз тіркестерін құру.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтарымыздағы мәтінмен танысып, әр топ кластер құрады. әр топ бір- бірін бағалайды «1 топты 2 топ, 2 топты 1 топ бағалау.

«Кластер» стратегиясы

Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.


Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері». Шағын әңгімелері. 
Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.
Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері. 
Аудармалары:

  1. Л.Толстойдан: “Силинчи ханым”, “Мұңсыз адам”, “Данышпан қазы”, “Үш ұры”, “Жақсылыққа жамандық”,  “Жаман жолдас”

  2. К.Ушинскийден: “Түлкі мен ешкі”, “Сауысқан мен қарға”

  3.  И.Паульсоннан: “Алтын шеттеуік”, “Бір уыс мақта”,  “Тәкаппаршылық”, “Әдеп”.

И.Крыловтан: “Қайырымды түлкі”


 «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы



«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

 1 топ

2 топ

Әке

Бала

Жақсы

Жаман

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

Ауру жігіт
Жерге  құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді

Сау бала
Ағашқа шықты
Аю 
Ағаштан түсті
Сұрады


Тапсырмаларды орындау: Хронологиялық кесте құру:

1841  – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.  
1850  Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп 
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, 
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп 
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

Рефлексия: «Блум» ағашы арқылы өткізу. Сабақты қандай деңгейде меңгергендерін анықтау

Бағалау Жинаған ұпайлары бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: Ы. Алтынсариннің өмірбаяны және әңгімелерін оқу.


Сабақтың аяқталды. Сау болыңыздар!

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Мұғалімі: Кенжебаева Б.Я.

2016 жыл
Өзің өзі талдау

Сынып: 9


Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты: 1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әңгімелерін оқу, тапсырмалар орындау.

2. Оқушылардың кластер арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, 5 жолды өлең құру арқылы ойлау, сөйлеу, аудару, сұрақ-жауап әдістері арқылы ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адал, еңбекқор болуға бағыт беру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы, сұрақ-жауап, аудару, түсіндіру, әңгімелеу т.б.

Ұйымдастыру кезіңде оқушыларды тақтаға шақырып, шеңбер құрғызып, жүректі бір-біріне беру арқылы тілек айтты.

Топқа бөлгенде смайликтер арқылы бөлдім.

Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин

Жаңа сөздер: өзім оқу, хормен, жеке оқу, аудару, сөз тіркестерін құрды

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтарымыздағы мәтінмен танысып, әр топ кластер құрады. әр топ бір- бірін бағалайды «1 топты 2 топ, 2 топты 1 топ бағалалады.

«Кластер» стратегиясы: Ыбырай Алтынсарин өмірі шығармашылығы туралы мәлімет алды.



Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша талдау жұмыстары жүрді.

Хорнологиялық кесте толтыру арқылы білімдерін толықтырды.

Рефлексия: «Блум» ағашы арқылы өткізу. Сабақты қандай деңгейде меңгергендерін анықтадым

Бағалау Жинаған ұпайлары бойынша бағалаланды.

Үйге тапсырма: нақтылы түсіндіріліп берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет