Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру



Дата28.01.2018
өлшемі94,57 Kb.
#34290
түріСабақ
Қазақ тілі, 4 сынып

Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Мақсаттары: оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік беру;

оқушылардың ойларын, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін

дамыту; рақымшылдыққа, бірлікке тәрбелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі : үлестірмелі қағаздар, суреттер, мақал-мәтелдер, семантикалық карта.

Сабақтың барысы



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақ тілім – өз тілім – ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!


  • Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.Бір оқиғамен таныстырғым келеді:

Мұсылман дінінен шыққан топтармен діндар адамдар Мұхаммед пайғамбардың білімдар, ғұлама адам екендігіне көзімізді жеткіземіз деп оған:

«Білім артық па, жоқ дүние байлық артық па?» - деп сұрақ қояды, сонда ғұлама он түрлі жауап айтады. Олармен сабақ барысында таныс боласыңдар.



ІІ. Көркем жазу:

Бірінші жауапты көркем жазу жолдарынан табасыңдар.

БББ БББ БББ

б б б б б б б б б

Білім артық, себебі білім – ғалымдардан қалған мирас.

ІІІ. Есту диктанты.

Оқу түбі – тоқу. Еңбек түбі – рақат. Барша өнерді үйрең. Оқу ойдан ұзақ емес.

Өнер алды қызыл тіл. Білім қымбат, білу қиын.

Осыдан екінші жауап: «Білім – сені асырайды, дүниені сен асырайсың»

Тапсырма: 5-інші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жаса.

ІҮ. Ой ашар (сұрақ-жауап әдісімен).


  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем мүшелеріне не жатады?

  • Тұрлаулы мүшеге не жатады?

  • Тұрлаусыз мүшеге ше?

3-інші жауабы: «Білімің көп болса – досың көп болады, ал дүниең көп болса көре

алмайтын қызғаншақ адам да көп болады».

Ү. Кім тапқыр? (таратылған қағаздармен жұмыс)

- үш сөйлемнің арасынан алдымен дара мүшесі бар сөйлемді табу, қалған сөйлемді осы екі сөйлемнен айырмашылығын тауып, бірыңғай мүшелері екенін түсініп, қорытындылау:



Суармалы жерлерде күріш өседі.

Суармалы жерлерде күріш өніп өседі

Суармалы жерлерде күріш, мақта, қауын, қарбыз өседі

Сөйлемнің мүшелері бір сұраққа жауап беретін және бір мүшеге байланысты болатын сөздер.

Ғұламаның 4-інші жауабы: «Білімді іздей берсең, толып көбейеді, ал дүние жұмсай берсең азайып, құриды».

ҮІ. 177 жаттығу орындағаннан кейін
5-інші жауабы: «Білімді болсаң – ел құрметтейді, сыйлайды, ал байлығын болса –

қызғанышпен қарайды».
178 жаттығудан кейін

6-ншы жауабы: «Білімді ұрыдан сақтау қажет емес, сенің білетініңді ешкім де

ұрламайды».

Ендігі 7-інші жауапты өздерін құрастырып алыңдар




ұрламайды

білімің

керек емес,

көп болса,

сенің

ешкім де

есеп

білетініңді


7-нші жауабы: «Білімің көп болса, есеп керек емес, сенің білетініңді ешкім де

ұрламайды».

ҮІІІ. Суреттермен жұмыс. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыру.

ІХ. Ережемен жұмыс.

8-інші жауабы: «Білімді көп жинасаң, оны қанша ғасыр сақтасаң да

іріп-шірімейді, ал дүниенің азабы көп-шіриды,бүлінеді».

Сан ретімен оқысаң – келесі 9-ыншы жауапты білетін боласыңдар




2. дініңді




1. Білім -

4. өмірге деген

7. тура жолдан



3. жарық қылады,

6. ал дүние сені




5. көзқарасынды

жақсартады,




8. тайдырады


9-ыншы жауабы: «Білім-дініңді жарық қылады, өмірге деген көзқарасынды

жақсартады, ал дүние сені тура жолдан тайдырады».

Х. Семантикалық картамен жұмыс.



Сөйлемдер

Дара мүшесі бар сөйлем

Күрделі мүшесі бар сөйлем

Бірыңғай мүшелері бар сөйлем

Қар күні бойы жауды.




+




Мұғалім сыныпқа кірді.

+







Нанда жердің, күннің, гүлдің иісі бар.







+


10-ыншы жауабы: «Білімді адам ақылды, даналы, саналы, сөзі дұрыс, ал дүниесі

көп адам мақтаншақ, өркөкірек көрсетіп, астамшылық жасайды».

ХІ. Қорытынды

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

Соңғы жауабынан бірыңғай мүшелерді тауып беріңіздер.

ХІІ. Үйге тапсырма 179 жаттығу.

Бағалау.


Қазақ тілі орыс сыныбында

Сыныптан тыс жұмыс, 4сынып

Тақырыбы: Тапқыр достар

Мақсаттары: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

пәнді менгеруге ынталандыру; ізденімпаздығын,шығармашылық ойлау

қабілеттерін дамыту; қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтел жазылған қағаз жолақтары, шаршыдағы сандар, суреттер.

Сабақ барысы:



І. Таныстыру

Екі топ бір-бірін таныстырады: топтың аты, одан кейін әр оқушы өз атын және бос уақытында немен айналысатынын айтады.

1топ: Балдырған

2топ: Достық



ІІ. Мақал-мәтелмен жұмыс «Артық сөзді тап!»:

Шашылған сөздерден мақал-мәтел құрастыру, артық сөзді тауып, алып тастау.



  1. Күш мектеп білімде кітапта білім (Күш – білімде, білім – кітапта) мектеп

  2. Жоқ оқусыз білім бар күнің білімсіз жоқ

(Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ) бар

ІІІ. Ойлаң, тап! (көрермендерге)

Дұрыс жазып беріңіз.



  1. Үйге (кір, қыр) – Зайди в дом.

  2. Жұмысқа (кіріс, кырыс) – Приступай к работе.

  3. Көйлек (тық, тік) – Шей платье.

  4. (Қары, қарт) адам – Старый человек.

ІҮ. Білесің бе?!




5




10




5






15

ТД



15





5



10




5



1. Жоғарыдағы сол жақтағы 5. - Қазақтың төл дыбыстарын ата. Нешеу?

2. Жоғарыдағы оң жақтағы 5. - Ұлт деген сөз қай буын түріне жатады?

3. Төмеңдегі сол жақтағы 5. - ҚР рәміздері қай жылы, қашан қабылданды?

4. Төмеңдегі оң жақтағы 5. - ҚР жаңа Гимн қашан қабылданды?

5. Ортасындағы сол жақтағы 15 - Қандай жалғаулар түрі заттың меншікті екенін

білдіреді?

6 Ортасындағы оң жақтағы 15 - Қуанышты білдіретін ырым қалай аталады?

7. Жоғарыдағы 10 - Шарды үрлеп жатып,ән айту.

8. Төмеңдегі 10 - «Ақ терек, көк терек» ойынын көрсету.



Ү. Сөз баспалдағын толтыр: Cөздер А әрпінен басталатын болсын

1) *


2) **

3) ***


4) ****

5) *****

6) ******

7) *******


ҮІ. Сөзді тап

Топтан бір оқушыға суретті қимылмен көрсету. Ол не екенін түсініп, қазақша сөзін айтады. Мысалы: қоян, қасқыр, ит, әтеш, күрес, сиыр т.б.


ҮІІ. Қорытынды

Жеңген топты анықтап, марапаттау.



Орыс сыныбындағы қазақ тілі сабағы

1 сынып
Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: У-Ұ дыбыстарын салыстыру арқылы Ұ дыбысымен таныстыру.

Ұ дыбысын дұрыс айтуға, жазуға үйрету;

есте сақтау, ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту;

ұжымдыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: топтастыру, салыстыру, іздену

Көрнекілігі : кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Оқулықпен жұмыс 58-59б.

Суретпен жұмыс 1-жаттығу. Аудиотаспадан тыңда, қайтала.

2-жаттығу. Толықтырып оқы.

МЕН - -мын, -мін

СЕН - - сың, -сің
ІІІ.Үлгі бойынша сөйлесу


  • Сен неше жастасың? - Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Мен жеті жастамын. - Мен бірінші сыныпта оқимын.



ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Ұұ дыбысы және оның әрпі.

Әріптер арқылы екі топқа бөлу: дауысты, дауыссыз

Өткен әріптер арасынан жаңа әріп табу. Ұ дыбысы бар сөздер айтқызу:

Ұстаз,ұя, ұлу,ұшақ, мұғалім, құстар, ұяң

ҰҰҰҰ- қандай дыбыс – дауысты ма, дауыссыз ба? Неліктен?

Жаңа әріпті қандай түске бояйсыңдар? Дауысты дыбыс Ұ қалай айтылады- жуан әлде жіңішке?



Ұлан, Жұмабек – құрдастар.

Бір-біріне құрдассыңдар , ал барлықтарын бірге – ұжым. Ұйымшыл ұжымда балалар бір-біріне көмектеседі, тату болады.

Қандай жаңа сөздер естерінде қалды? Ұ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады? Сөздің басында, ортасында жазылады, тек сөздің аяғында жазылмайды.

ҮІ. Дәптермен жұмыс

1-тапсырмадағы ұ дыбысының кіші әрпін жазуды үйренеді;



2-тапсырмадағы текшелерді толтыра отырып, осыған дейін өткен қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталайды .
ҮІІ. Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет