Сабақ тақырыбы:Ш.Смаханұлы ,,Тәкаппар,,
Мақсаты:шығарманы оқыта отырып,тәкаппарлықтың жаман әдет екендігін ұғындыру,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, ойларын жеткізе білуге дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі:жаңа тақырыпты игеру
Сабақ көрнекіліктері:Ш.Смаханұлы портреті,тарқатпа материалдар. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану
Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Өткен сабақта қай шығармамен таныстық?
-Шығарма авторы кім? -Шығарма не туралы? -Даңғой сөзіне мағыналас қандай сөзді білесің?
Е.Ерботиннің ,,Даңғой,, мысалын оқыту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу.Карточкалардағы жұмбақтарды шешу арқылы ,,Тәкаппар,,сөзін тақтаға жазады. 1.Шона Смаханұлы жайлы қысқаша мағлұмат. 2.Мәтінмен жұмыс. Мысалды мұғалімнің оқуы. Шығарманы оқушыларға тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.
Сөздік жұмысы. Тәкаппар-менмен,өзімшіл,мақтаншақ Даттапты- жамандау,сыртынан сөз айту.
ІV.Сергіту сәті. Теңізде толқын толқиды,(толқын қимылын көрсетеді) Жүзеді балық жарыса.(жүзу қимылдарын жасайды) Су бетінде шоршиды(қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды) Толқындардан қалыспай.(қолдарын жоғары көтеріп ,түсіреді.)
V.Шығармашылық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. І топ-балықтың бастапқы жайы туралы қысқаша мәтін түзіп ,суретін салады. ІІ топ-Балықтың кейінгі жағдайын бейнелейді. ІІІ топ-Мәтіннің соңғы бөліміндегі балықтың жағдайы туралы айтады.
VІ.Бекіту.
-Балық қайда жасайды? -Олар немен қоректенеді? -Балық өз қатесін қалай түсінді? -Осы шығарма мазмұнына сәйкес келетін қандай мақалдарды білесің?
V .Қорытынды.
Үйге тапсырма:мәтінді түсініп оқу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |