Хисапова Сания,
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
І. Жансүгiров. Малта
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу;
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: І. Жансүгіровтың портреті, қой суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Ілияс Жансүгіровтың өмірбаянымен таныстыру
Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
«Балаларға тарту»атты өлеңі, табиғатқа арналған шығармалары бар
Алматы облысы, Талдықорған өңірі, Ақсу ауданында туған
Ақын, қоғам қайраткері
Жазушы
Оқулық бойынша жұмыс 53-54 бет «Малта»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы);
тізбек бойынша оқу;
тұтас оқу;
өлеңде, не туралы айтылған?
Сөздік жұмыс: жұмыршақ- кедір -бұдыры жоқ жұп- жұмыр
Сөре- бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре-құрт, ірімшік жеміс- жидек кептіруге арналған шиден тоқылған сөре;
Шым-шым су-ыстық су;
Сыбану – жеңін түру;
Бала неге қуанды?
Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Бала нені білгісі келді?
Малта қалай жасалады екен?
Малтаның қалай жасалатынын пісті, қайнатты, сүзіп қойды, кептірді,құрттың жібіп бөккені сөздерін қатыстырып айтып бер. (топтық жұмыс)
-өлеңді бірнеше рет мәнерлеп оқу;
-өлеңді рөлге бөліп бірнеше рет түсініп оқу;
- өлең мазмұнын айту;
Суретпен жұмыс: 55 -бет
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
Суреттегі адамдарға ат қой.
Суретте малта жасаудың қай кезеңі бейнеленген?
Өлеңге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
|
Үйге тапсырма
|
Өлеңді мәнерлеп оқу
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |