Тілдік мақсаттар
|
Тақырыпқа қатысты арнайы лексика көмегімен бейметалдар, металлоидтар,аллотропия, жартылай өткізгіштер, нанотехнология
|
Адамгершілік құндылықтар
|
Топтық жұмыс, сыйластық, бірлесіп жұмыс істеу, жауапкершілік, өмір бойы оқып үйрену сияқты құндылықтарды дамытады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология: элементтердің адам организміндегі, сүйек ұлпаларына рөлі.
|
Бастапқы білім
|
Биология: адам организміндегі элементтердің рөлі
|
Құрал жабдықтар мен кестелер:
|
Д.И Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.Тақырып бойынша презентация.
|
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың тақырыбы,мақсаты,жетістік критерийлерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ
14 А топ элементтері табиғата кең таралған. Бірақ олардың таралуы біркелкі емес. Табиғатта бос күйінде көміртек қана кездеседі.
Көміртек – табиғатта таралуы жөнінен ең көп мкездесетін он элементтің қатарына кіреді. Көміртек таза күйінде амаз және графит түрінде кездеседі. Табиғи алмаз көмірдің аз ғана бөлігін құрайды. Ол өте бағалы және ең қатты минерал.
Көміртек барлық пайдалы қазбалардың таскөмір, мұнай, табиғи газдың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Жер қыртысында корбанаттардың құрамына кіреді. Көміртектің негізгі минералдары бор, мәрмәр, әктас, доламит, малахит. Табиғи су құрамында кальций және магний гидрокорбанаттары кездеседі. Көміртек ауа құрамындағы көмірқышқыл газынынң құрамына кіреді.
Қазақстанда таскөмірдің және қоңыр көмірдің 10 ірі бассейні және 300-ге тарта кен орындары бар. Таскөмір кен орындарының көпшілігі Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында орналасқан. Негізгі көмір бассейндері Қарағанды және Екібастұз. Табиғи газдың және мұнайдың қоры Ақтауда, Атырауда орналасқан. Көміртек биосфераның негізгі элементі. Ол барлық органикалық заттардың негізі болып табылады. Көміртектің ең басты құндылылғы - бейорганикалық заттардың негізін құрайды. Жануар ұлпасының 63% , өсімдік тінінің 44%көміртектен тұрады. Көміртек химиялық элементтердің ішіндегі тіршіліккке қажетті ең бірінші элемент.
Кремний - -оттектен кейінгі жер қыртысында кең таралған элемент, жер қыртысы массасының 25,7% ын құрайды. Ол кремнезем түрінде құм және кварцтың құрамында болады. Өте таза кремний оксиді тау хрустальі деп аталатын миерал түрінде кездеседі. Кристалдық кремний оксидінің құрамындағы түрлі қоспалар қымбат тастар, ақық, аметист, яшма түзеді. Кремнийдің табиғи қосылыстарының басқа тобын кремний қышқылылның туындылары - силикаттар құрайды. Қазақстанның барлық дерлік аудандарында кварц құмы қиыршықтас кездесед Кремнийдің табиғатта таралуы. Табиғатта оттегінен кейінгі көп таралған элемент - кремний. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі - 25%. Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана, көптеген силикаттар мен барлық өсімдік (әсіресе қырықбуындылар мен бамбук) құрамында кездеседі. Сондай - ақ тірі организмдер мен кейбір микроорганизмдер денесінде де болады. Адам организмінде де 0, 1 процентке жуық кремний болады, оны әзіргебиологиялықрөлібелгісіз.
Қолданылуы. Таза кремний көбінесе темір, мыс, алюминий, қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар, триодтар және радиотехникада – қабылдағыш үдеткіштер даярлауда, әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. і.
Алынуы: Өнеркәсіпте кремнийді элекрпештерде кремний оксидін кокспен тотықсздандырып алады.
Қолданылуы: Арнайы легерленген кремний жартылай өткізгіш аспаптарды дайындауда кең түрінде қолданылады. Кремний темір және түсті металдардың көптеген құймаларының негізгі құрам бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |