Сабақ түрі: конференция сабақ. Сабақ әдісі: топпен жұмыс,баяндау,пікірлесу,сұрақ-жауап



Дата22.08.2017
өлшемі295,98 Kb.
#24114
түріСабақ
«Электр энергиясын өндіру, пайдалану»

атты физика пәнінен конференция сабақ

Мақсаты: Қоғамның өндіріс күштері мен энергия тұтыну дәрежесі туралы кең мағлұмат беру.Оқушыларды үнемдеуге, жауапкершілікке баулу.

Сабақ түрі: конференция сабақ. Сабақ әдісі: топпен жұмыс,баяндау,пікірлесу,сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: география,химия,биология. Көрнекілігі: презентация,нақыл сөздер,электрондық материалдар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Электр энергиясын өндіру мен тасымалдау, пайдалануды ғылыми тілде - « Энергетика» деп атайды. Ертеден келе жатқан ұғым бойынша « От-ана, Су-ана,Жер-ана» -деген терең түсінік бар.Саналы,ойлы адамды-көкірегінде оты бар деген теңеулермен байланыстырып отырған. Ұлы Абай атамыз :

Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай. Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай.-деп жігер береді. Біз өзіміздің азаматтық көзқарасымызды Қазақстанда электр энергиясын өндіру туралы мәліметтермен толықтырмақпыз.



1-ші баяндамашы: « Атом электр станциясы» туралы оқиды. 1кг уран жанғанда 22 млн кВт*сағ энергия өндіріледі.Дүние жүзінде 500-ден астам АЭС жұмыс жасайды. Алғашқы термоядролық реакция 1952 жылы 1 қарашада Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде,1953 жылы Қазақстанда (Семей полигоны) сутегі бомбасы жарылды.1971 жылдан Қазақстанның Ақтау қаласында шапшаң нейтронды реактор іске қосылды. Қазір ол тоқтатылды.1986 жылы Чернобыль АЭС-да болған апат мыңдаған адамға зардап шектірді.

Гүлмира Жаниязова Бегалы орта мектебінің физика пәні мұғалімі. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.



----------------------------------------

“Ядролық жойқын зардап болмасын, Пәк жүректер қайғы шерге толмасын. Гүл жайнаған адамзаттың өмірі, Мезгілінен бұрын ерте солмасын!”



Журналист: АЭС өте қауіпті деп жатырмыз, алдағы уақытта арзан қуат көзін қайдан аламыз?

2-ші баяндамашы: « Көмір өндіру кешені» туралы. Көмір өндіру-ХІХ ғасырдың ортасынан басталды.Ең ірі шахта-Қарағанды, Екібастұз облыстары.Көмірдің сапасы оның құрамындағы күкірттің шамасының аз немесе көптігіне байланысты.



3-ші баяндамашы: « Мұнай-газ өнеркәсібі» туралы. Қазақстанда мұнай ХІХ-ғасыр аяғынан бастап қолға алынды.Ең бірінші мұнай 1899 ж. Орал-Ембі алабында өндірілді.



4-ші баяндамашы: «Су электр станциясы» туралы. СЭС- ең арзан энергия көзі.1960 ж. Бұқтырма СЭС іске қосылды. Жылына 2 млрд 250 млн кВТ*сағ энергия өндіреді. Ең ірі СЭС : Мойнақ,Шарын,Іле өзені бойында Кербұлақ СЭС бар.



5-ші баяндамашы: « Баламалы энергия қоры» туралы. Баламалы энергия қоры:
*Су энергиясы
*Жел энергиясы
*Толқын энергиясы
*Био энергетика
*Күн энергиясы

Соның ішінде биоэнергетиканы жетілдіру қолға алынып отыр.Биылғы жылы жоспарланып отырған әлемдік «ЭКСПО-2017 ж» көрмеде де осы биомассаны қолдану саласы бойынша ұсыныстар түсті.



Электрик: Тариф бойынша 1кВт*сағ-8,05 теңгеге тең.Тұрмыстық тұтынушыларға 200 кВт ток беру ғана белгіленген.Қазіргі таңда бір фазалық,үш фазалық есептегіштерді қолдануға рұқсат етілген.Әр тұтынушы өз қалауы бойынша қажетті фазаны жалғап,түнгі және күндізгі тариф бойынша ақысын төлейді .Үй жылыту, дәнекерлеу жұмыстарына үш фазалы есептегіш қажет.

Мұғалім: Ал,оқушылар біз энергияны қалай үнемдейміз?

Оқушы: Күндіз жарық көзін көп қолданбауға тырысамыз, электр приборларын тиімді қолданамыз.Орынсыз шамдарды көп жағуға болмайды,себебі,токты көп мөлшерде пайдалана отырып көп ақша төлеуге және токты ысыраптауға жол береміз.

Мұғалім: 17-желтоқсан энергетиктер күні.

Энергия-ұлы сөз,жалғастырған талай заман ғасырды, Шақпақ тастан басталып май шамға келіп басылды. Керосинмен жанатын фонарлар мен қол шамдар, Жарық етті көп жылдарды,ғасырды.

Ал,енді көрермендер мен баяндамашыларға жұмбақ шешуге кезек берейік:

1.Жіпке ілдім ,мен өзін, кіп кішкене күн көзін. ( электр шамы)

2.Аяқсыз жүреді, отсыз жанады. ( электр тогы)

3.Пайдаланады мені жұрт, Отын менен жарыққа. Қызмет етем әрқаша, Түсіне білген адамға. ( Ток)



Қорытынды: Бүгінгі кешіміз аяқталды. Электр энергиясын әрқашан үнемдей отырып, қоғамға өз үлесімізді қосайық.Әруақытта элекр энергиясының қандай түрі болмасын тиімді пайдаланайық.Қазақта мынадай нақыл сөз бар: « Нені қор тұтсаң,соны зар тұтарсың» деген.Сондықтан,оқушыларды үнемдеуге, тазалыққа тәрбиелеуге тырыстым.

Тақырыбы: « Электр энергиясын тасымалдау, өндіру.»

Өткізген: Жаниязова Г.Е.

Қатысқан кластар:7-10



Қараша 2012ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет