Сабақ түрі: практикалық сабақ Құрал-жабдықтар: компьютерлер, карточкалар, презентация, Netop бағдарламасы



Дата08.06.2018
өлшемі70,32 Kb.
#41141
түріСабақ
Тақырып: Символдық жолдармен жұмыс істеу функциялары.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі символдық берілгендермен жұмыс жасау амалдарымен таныстыруды жалғастыру. Мәтіндік және символдық берілгендермен программа құрып үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды символдық берілгендермен программалауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың талдап ойлау қабілеттерін жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практикалық сабақ

Құрал-жабдықтар: компьютерлер, карточкалар, презентация, Netop бағдарламасы.
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(10 мин)

Сұрақтар

  1. Символдық мәліметтерді енгізгенде қанша символға дейін енгізуге болады?

  2. 1 символ қанша орын алады?

  3. Символдық мәліметтер программада қандай типпен белгіленеді?


Тест

  1. Тіркестік мәліметтерді сипаттау үшін қолданылатын тип:

char
integer
string
array

  1. Бүтін санды қандай тип арқылы сипаттаймыз?

 real
integer
boolean
 char

  1. Pos нені анықтайды?

 сипаттау бөлімі; 
символдың орны; 
символдың аты;
 санау жүйесі

  1.  Copy функциясы нені анықтайды?

 мәтін бөлігі;
қиып алу;
тіркеу;
көшіру

  1. Upcase(ch) - Функциясы нені орындайды?

кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді. 
ch –тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді.
 byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді
 ch-тан кейінгі кодына сәйкес символды береді

  1.  Мәтін ұзындығын анықтайтын операциясы –?

Delete(S,Poz,N) 
Str(I,S)
 Val(S,I,god)
LENGTH (x). 

  1. Concat(s1, s2,…,sn) операциясы нені орындайды?

 – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді. 
 I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады. 
 S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады. 
 латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады. 

  1. Жолдық типті хабарлайды:

 real;
 string;
integer;
const

  1.  Delete(S,Poz,N)операциясы нені орындайды?

 I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады. 
 жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді
S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255. 
 латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.

  1.  Insert(S1,S2,Poz) –операциясы нені орындайды?

 S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады. 
 I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады. 
 S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. God – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болмаса, сod = 0 – нәтиже дұрыс, ал cod <> 0 болса, онда нәтиже қате, оның мәні алғашқы қате кеткен орын нөмірін көрсететін санға тең болады да, мұндайда I – дің мәні анықталмаған болып саналады.
 латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.
3)Сергіту жаттығулары (5 мин)

1

a:=’Қазақшаңыз’

b:=’қалай?’

a) d:=a+b

ә) copy(a,2,1)+copy(a,8,3)



Нәтижесі қандай?(қазақшаңыз қалай?, аңыз)
2

a:=’Жандауа’

a) length(a)

ә) copy(a,2,1)+copy(a,6,2)



Нәтижесі қандай?(7, ауа)

3

a:=’Дудар - ай’

а) pos(‘р’,a)

ә) copy(a,7,2)+copy(a,3,3)

Нәтижесі қандай?(5, айдар)

4

y:=’Айбын’

а) copy(y,5,1)+copy(y,1,1)+copy(y,5,1)



Нәтижесі қандай?(нан)

5

b:=’Сөз мерген’

а) length(b)

ә) copy(b,3,1)+copy(b,6,4)+copy(b,7,1)

Нәтижесі қандай?(10, зергер)

6

a:=’Ерке’

b:=’тай’


а) с:=a+b

ә) pos(‘a’,b)



Нәтижесі қандай? (Еркетай, 2)

7

d:=’Толағай’

а) pos(‘ғ’,d)



Нәтижесі қандай?(5)
8
c:=’Информбюро’

а) length(с)

ә) copy(с,5,1)+copy(с,4,1)+copy(с,6,2)

Нәтижесі қандай?(10, ромб)


4) Практикалық тапсырмаларды орындау (25 мин)
Тапсырма №1.
Программа конкатенация көмегімен (жапсыру) бірнеше сөзден бір сөз құрайды. Қателерді дұрыстаңдар. Қазақша жазылған сөздердің орнына ағылшынша керекті операторларды жазыңдар.

Программаның тақырыбы esep_1;

Сипаттау бөлімі

S,R,H : String;

бастау


cls;

шығару ('1-ші сөзді енгізіңіз');

енгізу (R);

шығару ('2-ші сөзді енгізіңіз');

енгізу (H);

S:=R+H;


шығару ('Жаңа сөз ',S);

программаның соңы.




Тапсырма №2.
Кіші әріптерді үлкен әріптерге ауыстыру программасын құру.
Мына сөзді өзгертіңдер:

сызғыш

сызҒЫШ

program esep_2;

var s:STRING; i:integer;

begin

cls;

writeln ('сөзді енгізіңіз');

readln (s);

FOR i := 4 TO 6 DO

s[i] := UpCase (s[i]);

writeln(s);

end.
Тапсырма №3.
Қиып алу және жалғастыру операцияларының көмегімен «мұқияттылық» сөзінің бөліктерінен «ұяттылық», «мықты», «ықылық», «қияқ» сөздерін құрастырыңдар.

PROGRAM esep_3;

VAR s: STRING[30]; s1, s2, s3, s4: STRING[20];

BEGIN


cls;

s := 'мұқияттылық';

WriteLn(s);

s1 := Copy(s,2,1)+Copy(s,5,7);

WriteLn(s1);

s2 := Copy(s,1,1)+copy(s,8,1)+copy(s,3,1)+copy(s,6,1)+copy(s,8,1);

WriteLn(s2);

s3 := Copy(s,8,1)+Copy(s,3,1)+Copy(s,8,4);

WriteLn(s3);

s4 := Copy(s,3,2)+Copy(s,5,1)+Copy(s,3,1);

WriteLn(s4);

END.


Тапсырма №4*
«Pascal» сөзіндегі «s» әрпінің позициясын анықтайтын программа құрыңдар.
Program oryn;

var a: string; y:integer;

begin

Cls;


a:='Pascal';

Writeln(a);

y:=pos('s',a);

writeln(y);



End.

5) Жаңа тақырыпты бекіту (3 мин)

Сұрақтар:

  1. Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

  2. Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай операциялар қолданылады?

  3. Тіркестің кіші символдарын үлкен символдарға қалай ауыстырады?


6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Практикалық тапсырмаларды тексеріп, оқушыларға баға қою.

7) Үйге тапсырма

Оқулықтағы 82-90 беттерді оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет