3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.
«Тапқырлар» тобының көрінісі «Кітап күнтізбе емес»
Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.
- Берік, бері келші
- Не , аға?
- Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?
- Мен
- Неге?
- Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.
- Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?
- Ия, - деді Берік
- Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
Бұлай етуге болмайды, - деді.
Ал Берік нық түрде:
Болады, - деді. - Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.
Ағасының көзі атыздай болып кетті.
- Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап - біздің досымыз» дегенді білесің бе?
- Білемін
- Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.
Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.
«Білгірлер» тобының көрінісі «Ескі кітап»
Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә үшінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
- Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
- Жоқ
- Енді не болды?
- Маған мұқабасын мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.
4 кезең. Түсіндірме сөздігімен жұмыс.
Екі топқа түсіндірме сөздіктен карточкаға жазылып екі сөз беріледі. Сол сөздерді қай томнан, қай беттен тапқандығы, мағынасы туралы айту керек. Дұрыс тапқан топқа 3 ұпай беріледі.
1. Шақырық – құмдауыт ашық далада мекендейтін құс. 212 бет, Т.15. Қазақ әдеби тілінің сөздігі
2. Болажна - болыс, билердің сыбағасына тиетін алым-салық. 461 бет. Т.3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі
3. Мәнзүр – елең қылмады, ескермеді. 130 бет,Т.11. Қазақ әдеби тілінің сөздігі
4. Кәкір – мін, мәніс. 477 бет, Т 7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі
5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма. Топтық жұмыс. Екі топқа таза парақ беріледі. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір-бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін шығады.
6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар. Екі топқа кезек–кезек сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын таппаса, келесі топ жауап беруге болады.
1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).
2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).
3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).
4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).
5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т.б).
6. Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).
Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім көзі кітапта» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қортындыны айту және марапаттау).
Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |