Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс



Дата26.08.2017
өлшемі41,18 Kb.
#29391
түріСабақ
Тақырыбы: Қызықты биология
Мақсаты:
Білімділік. Қызықты мәліметтер арқылы оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жүйелеп, өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, ойын жылдам жеткізуге, еске сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жануарлардың суреті.
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Биологияға қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар

Біз бүгін биологиялық қызықты мәліметтермен таныс боламыз. Жер бетіндегі өз ерекшеліктерімен белгілі жануарлармен таныс боласыңдар.


Сонымен сабағымызды бастайық! Біздің қызықты мәліметтеріміз « ЕҢ ЕҢ ЕҢ» деп аталады.

Ең алып кесіртке – Варан

Бұл алып кесірткені ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топ аралдарына жататын Комодо аралынан тапты. Оның денесінің ұзындығы 3 - 4м, салмағы 150 - 250 кг жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғы, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП – тың Қызыл кітабына тіркелген.

Ең алып қосмекенді – Саламандра

Саламандра – құйрықты қосмекенділер ішінде жер бетінде көбірек тараған. Дене тұрқы 25 - 28см, аяқтары қысқа, алдыңғы аяғында 4, артқы аяғында 5 саусақ. Реңі ашық сары дақтары бар жылтыр – қара түсті. Күндіз ормандағы мүктердің арасында тығылады. Қорегіне түнде шығады. Қорегі шұбалшаң, жалаңаш шырыш. Суда да, құрлықта да көбейеді.

Ең алып жылан – Анаконда

Анаконда айдаһарлар тұқымдасына жататын, дене тұрқы 10м асатын ең алып усыз жылан. Анаконданың үш түрі бар. Олардың бәрі де торпиктік Оңтүстік Америкада мекендейді. Су тарыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шала жансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр жауғанға дейін жата береді. Орташа ұзындығы 5 - 6м. Түрлеріне қарай тірі туатындар мен жұмыртқа салатындар да кездеседі.

Ең ірі жылан – Питон

Питондар тұқымдас тармағының 22 түрі бар. Питонды кейбір елдерде қолға асырап, кемірушілерді жою үшін, және тағам ретінде пайдаланады. Питондар өте ірі усыз жылан. Дене тұрқы 3 - 10м - ге жетеді. Бұлар көбіне өзен жағалары мен қалың орманда кездеседі. Питондар адамға тиіспейді. Өзін қорғау үшін жауын сезгенде дөңгеленіп, иіріліп қимылдамай қалады.

Ең алып қолқанатты - Ұшқыш түлкі


Ең алып жыртқыш – Ақ аю
Ең алып жануар – Піл
«Ойлап тап»

Бұл кезеңде оқушыларымыз жасырылған сөзді тауып, сол сөзді жазу керек.

1.     ..... – сатып алған ауру              (Ішімдік)

2.     Арақ ішіп, .... шеккен,

Денсаулықтың түбіне жеткен  (Темекі)

3.  ... – улы зат                                 (Есірткі)

4.  ... – денсаулық кепілі                 (Тазалық)

5. Денсаулы - ... негізі                     (Байлық)


Африка пілінің салмағы – 705 тонна, бойының биіктігі 4м. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі кең байтақ аймақтарында мекендейді. Африка пілінің күрек тістері аталық пілде де, аналық пілде де болады. Піл сүйегіне қызығып ертеректе көп аулап Солтүстік Африкада мекендейтін пілдер қазір жойылып кеткен. Бұл піл түрін сақтап қалу үшін хайуанаттар бағында ұстап қамқорлық жасау шаралары қолға алынған.

Ең алып құс – Страус

Қазіргі кездегі тіршілік ететін барлық құстардың ішіндегі ең ірісі - африкалық түйеқұс страус. Биіктігі 270см, салмағы 50 - 90кг. Төс сүйегі жалпақ, қыры болмайды. Аяқтары ұзын, жуан, екі саусақты болады. Қанаттары ұшуға жарамағанымен түйеқұс қатты жүгіргенде кілт бұрылу үшін руль қызметін атқарады. Дүние жүзінің көптеген елдері Африка түйеқұсын дәмді еті, бағалы жұмыртқасы, сәнді қауырсыны үшін өсіреді

Ең ірі бақа – Голиаф

Дүние жүзіндегі ең ірі бақа – голиаф деп аталады. Оның аяғын созғандағы денесінің ұзындығы жарты метрден асады. Ал, салмағы 3, 5кг. Голиаф бақасы Африкадағы Камерун мемлекетінің таулы алқабындағы сарқырамасы бар өзендерінің шағын аумағында ғана кездеседі.

Ең кішкентай құс – Колибри

Колибри – жер бетіндегі ең кішкентай құстар. Олардың салмағы дене тұрқына қарай 1, 6 - 1, 8 - 2 - 6гр. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын. Қанаттары онша ұзын емес, құйрық қауырсындары қысқа. Колибридің аяқтары 4 саусақты әлсіз болғандықтан, жерде жүре алмайды. Қауырсын қанаттары түрлі - түсті, жарыққа құбылып тұрады. Өзі кішкене болғанымен жүрегінің көлемі қарыннан үш есе үлкен. Жүрегі минутына 1000 рет соғады.

Ең суыққа төзімді құс – Пингвин

Пингвиндер – ұшпайтын, жүгірмейтін, тек сүңгіп, жүзіп қозғала алатын құстар. Суға түсерде бауыр жағымен жатып мұздың үстімен сырғанап суға


сүңгиді. Пингвиндердің басқа ұшпайтын құстардан айырмашылығы төссүйегі қырлы болады. Пингвиндер су ішінде 10 - 20м тереңдікке сүңгіп, 5 - 10 минут су астында болады. Себебі, жағалаумен салыстырғанда су жылырақ болады.

Әлемдік ең қызықты жаңалықтар


Ең ұзақ есім: Хумананоджасваматашетаргандас;

- Адамның асқазанынан шыққан заттар: Асқазаннан шыққан әр түрлі заттардың көптігі жөнінен әлемдік рекорд 1960 жылы АҚШ-та жасалған көрінеді. Сол жолы бір емделушінің асқазанынан 258 ұсақ-түйек затттар шығыпты, соның ішінде: 88 монет, тырнақ қырнайтын 39 егеу, 26 кілт және үш таспиыққа жетерлік ұсақ моншақтар шыққан екен;

- Алып ара: Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт қатар өмір сүретін көрінеді.

- 2011 жылы әлемдегі ең қарт адам ретінде енгізілген Гиннес рекордтар кітабына енгізілген американдық Бэсс Купер 116 жасында көз жұмды.

- Әлемдегі ең үлкен сағат - Исламның ең қасиетті қаласы - Меккедегі сағат. Саудия елінің Бас сағаты әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі - 601 метр. Былтыр іске қосылған бұл сағаттың төрт циперблаты дүниенің төрт бұрышына қаратып орналастырылған.

- Әлемдегі ең қымбат кітап - ұлы суретші Леонардо до Винчидің «Лестерский кодекс» атты еңбегі.

- Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²) - Әлемдегі ең кішкентай аттың бойы-43см.

- Әлемдегі ең кішкентай жыланның ұзындығы-10см.



- Әлемдегі ең үлкен ит-АҚШ-тағы Геркулес есімді ит.96см, салмағы 128 кг.Бар болған үш жастағы ол өзі секілді иттерден өте ірі және ауыр.
Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет