Сабақ түрі: танымдық ойын Барысы: І. Кіріспе бөлім



Дата26.09.2019
өлшемі17,57 Kb.
#48877
түріСабақ
Байланысты:
stud.kz-3504
8 сынып 2
Тақырыбы: « Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Сабақ түрі: танымдық ойын

Барысы:


І. Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сынып сағаты «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сабағымызды бастаймыз.

Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын

Білім – кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауап бара жатса

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сабағына құлшынып тұрған білімді оқушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.

5 сынып оқушылары

6 сынып оқушылары

Мұғалім: Балалар кеше қандай мерекені қарсы алдық? Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер жақсы сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.


Балалар, оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Мұғалім: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым – Жомарт Тоқаев.
Мұғалім: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұр - Сұлтан қаласы.
Мұғалім: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Жаркент қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Мұғалім: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге кім Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді?

Оқушылардың тақпақтарын тыңдау.

Мұғалім: Мен қазір сендермен ойын өткіземін. Ойынның аты « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.


  1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия

  2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия

  3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия

  4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ

  5. « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ

  6. « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия

  7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия

  8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ

  9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ

  10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия

  11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ

  12. « Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ

  13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия

  14. 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия

ІІ ойын «Полигот». Дұрыс жауапты екі тілде айту: қазақша және орыс тілінде.



  1. Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг)

  2. Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет)

  3. Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз)

  4. ....... – алтын қазына ( кітап, книга)

  5. Еңбегі жоқ ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука)

  6. Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука)

  7. .... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода)

  8. ...... алма, білім ал ( алтын, золото)

  9. Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо)

  10. Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел)

ІІІ ойын «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер?


Әрине, ата-ана. Жасжеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
ІVойын «Жалғасын тап» деп аталады.

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)


2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
7. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
9. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)


ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен мектепке келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандары үшін көп рахмет. Сабағымыз осымен аяқталды.

Қорытынды: Нені білдік?Нені үйрендік?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет