Тар жамбас кезіндегі босану механизмінің ерекшіліктері.
Тар жамбас кезіндегі босану механизмі қалыпты жағдайдағы босану механизмінен айырмашылығы бар. Тар жамбастың әр түрлі түріндегі босанудың өзіне сәйкес ерекше механизмі болады.
Барлық жағынан бірдей өлшемге тарылған тар жамбас механизмінің ерекшеліктері:
Бала басының өте қатты иілуі, бұл кезде кіші еңбек жамбастың геометриялық ортасына жақындайды.
Найзалы жік жамбасқа қисық өлшеммен кіреді. Қатты иілген бала басы жайлап жамбас қуысына түсіп, қалыпты жағдайдағыдай ішкі бұрылу, бастың артқа қарай шалқая, сыртқы бұрылу сияқты қозғалыстар жасайды, тек айырмашылығы барлық бұрылыстар өте жай, көп күш жұмсаумен өтеді. Шат бұрышының тарлығына сәйкес жамбас қуысынан шығар жерде бала басы желке тұсы дәл келуіне байланысты, бала басы шат аралық жерге қарай ығысанһды. Бұл әр түрлі дәрежедегі шат аралық жердің жыртылуына әкеліп соқтырады. Бала басы желке тұсына қарай созылған, кіші еңбек тұсында босану ісігі пайда болады.
Тар жамбас кезіндегі босану процесін өткізу.
Үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені анатомиялық тар жамбас кезіндегі босануы.
А) дұрыс яғни әдеттегідей, б) қиындау, дұрыс көмек көрсетілсе, жақсы аяқталатын, в) өте ауыр, анаға, балаға қауіпті асқынулар бар жағдайда өтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оперативтік әдіспен аяқтауға тура келеді. Жамбастың өте жағарғы тарлығында сонымен қатар қосымша асқынуларда ( кеш босану, бала орналасуының ?
Сондықтан босану ппоцесін өткізу босанатын әйел мен құрсақтағы бала жағдайына, барлық қосымша және объективтік тексерулерге байланысты шешіледі. Босану процесін жақсы өткізудің бірден – бір шарты:
Босанатын әйелді босанар уақытынан бұрын 2 апта бұрын емханаға жатқызу болып табылады. Анамнез объективтік текеру тексерулер негізінде тар жамбас патологиясы бар әйелге босану процесінің жоспарын жасайды. Тар жамбастың 3-4 дәрежелі тарлығында босану процесі операция жолымен шешіледі.тар жамбастың 1-2 ші жәрежелік тарлығында босану процесін күтіп, шыдамдылық пен өткізеді.Бұл ана мен бала жағдайлары, босану күшінің жағдайы ескеріледі, асқынулар болғанда операцияға жүгінеді. Бала басымен әйел жамбасы өлшемдерінің сәйкеспеушілінде және асқынулар барлығында хирургиялық шара жасалады. Операция босану процесінің басында : 30жастан асқан бірінші босанатын әйелде кеш босану немесе ірі бала қатар келсе, тар жамбаспен бала орнының дұрыс орналаспауында, баланың дұрыс орналасуымен дұрыс жатпауы сияқты ана мен бала өміріне қауіпті асқынуларда жасалады. Сонымен қатар бұл топқа бұрын операциядан кейінгі іш тыртығы бар, жатыр жарығының тыртығы бар әйелдер жатады. Егер осы аталған асқынулар болмаса, онда әйелдің босану процесін шыдамдылықпен күтеді, ана мен бала жағдайын тексереді. Жамбастың құрылысымен өлшемдерін зерттейді. Босанатын әйелдің суы мезгілінен бұрын кетпес үшін, төсегінен тұруға рұқсат етілмейді, баланың арқасымен желкесі қараған қапталына жатқызады, бұл бала желкесінің төмен түсіп суды сақтауына көмегін тигізеді. Суы кеткеннен кейін кіндігі немесе қолдары түскендігін білу үшін қынаптық зерттеу жүргізіледі. Тар жамбастағы босану процесі созылады, әйел шаршайды, организмнің күресу күші төмендейді. Сондықтан босанатын әйелге тез қорытылатын жеңіл, витаминдерге бай тағамдар беріледі. Сонымен қатар жеке бастың гигиенасын сақтау, сыртқы жыныс мүшесін жүйелі түрде тазалау қажет. Сыртқы жыныс мүшесінен жыныс жолдарынан келетін бөліндіні, зәр шығару жолдарының жағдайын қадағалау қажет. Зәр шығару қиын болса, асептика ережесін сақтай отырыпкатетеризация жасау қажет. Босану қызметінің әлсіздігі байқалады, әйелдің шаршауы мүмкін. Бұл жағдайда әйелге дем алыс беріледі, тыныштық және ұйқыны қамтамасыз ету керек. Электрлік анальгезия кең қолданылады. әйелді тынықтыру үшін промедол, виадрил дәрілері жасалады. Тынығудан кейін әйелдің толғағы күшейеді. Тар жамбаста босану қызметін күшейтетін дәрілерді сақтықпен жасау керек, егер бала басының қозғалуы қиынға соқса, ол жатырдың жарығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер күшену кезеңінде өте күшті күшену күші пауда болса, жатырдың төменгі сегменті созылып, жұқарады, шекаралық сақина жоғары көтеріледі. Бұл жағдайда терең наркоз беріледі, онда жатырдаң жарылуы мүмкін. Наркоздың әсерімен күшейген босану күші тоқталады, жатырдың жарылу қаупі шешіледі, босану процесі операциямен аяқталады. Бала басы бөліктерінің қозғалуын қадағалайды. Оны Дангемейстер Вастен белгілерімен анықтайды. Бала басы алдыңғы бөлігінің қасаға үстінен көтерілгендігін және оның көтерілу деңгейін өлшеу арқылы анықтауды Дангемейстер ұсынды. Әйелдің бір қапталында жатуында тазомермен өлшеу арқылы анықтайды. Ең алдымен сыртқы коньюгатаны өлшейді, сосын тазомердің алдыңғы ұшын қасаға үстінен бала басының шығып тұрған алдыңғы бетіне қояды. Бас пен жамбастың өлшемдері сәйкес келсе сыртқы коьюгата бала басынан сегізкөз үсті ойығына дейінгі қашықтық өлшемінен 3-4 см-ге ұзындау келеді. Егер соңғы өлшемі сыртқы коньюгатадан үлкен болса, бала басының өлшемі жамбас өлшемі сәйкес келмейді. Екі өлшемнің бердейлігі сәйкеспеушіліктің жоғарғы сатысын көрсетеді, босану процесі ? туғызады. Вастен белгісі су кеткеннен кейін және бала басы жамбасқа тірелгеннен кейін анықталады. Зерттеушілердің алақаны қасаға үстіне қойылады және жатқан бала ?? қарай жоғары қарай жылжи түседі. Егер бала басының алдыңғы беті қасаға жазықтығынан жоғары жатса, яғни жамбас пен бас өлшемдерінің сәйкес келмейтіні (Вастен белгісі-оң) босану процесінің өздігінен аяқталуы мүмкін емес. Бұл жағдайда ішті жарып алу операциясы жасалады, ал өлі балада-баланы бұзып алу операциясы жасалады. Өте көп емес сәйкеспеушілікте бала басының алдыңғы беті қасаға мен бір деңгейде болады. (Вастен белгісі – тепе-теңдік). Бұл жағдайда босану қызметінің күштілігінде, бала басының жақсы ? босану процесі өздігінен асқынусыз аяқталуы мүмкін. Босану қызметінің әлсіздігінде бала басының ірі және қатты болуында баланың дұрыс емес орналасуы мен дұрыс емес тұруында босанудың өздігінен аяқталуы мүмкін емес. Бала басы мен жамбасы толық сәйкестілігінде бала басының алдыңғы бөлігі қасаға жазықтығынан төмен орналасады. ( вастен белгісі-теріс, әдетте босану процесі аяқталады. Соңғы кездері рентгенография және ультродыбысты техникалар қолданылады. Босану күшінің 2-шілік әлсіздігінде, бала ?? белгілері және т.б. асқынулар пайда болғанда, егер бала басы жамбас қуысында не қуыстан шығар жерде тұрса, онда бала басына акушерлік қысқаштар салынады. Өте көп емес сәйкеспеушілікте босану процесін босану процесін шыдамдылықпен күтеді. Босану күшінің, босану механизмінің дұрыстығында, босану асқынуларының жоқтығында босану процесі ойдағыдай өтеді. Егер босану күшінің жақсы жетілуінде, суы кеткенде, сәйкеспеушілік белгілері 3-4 сағат көлемінде жойылмаса операция жасалады. Жамбас пен бас өлшемдерінің сәйкеспеушілігінде бала басының бір жазықтықта ұзақ тұруы байқалады, жатыр мойны сыртқы жыныс мүшесі ісінеді, кіші дәрет кешігеді, қан араласуы мүмкін, жатырдың төменгі сегменті созылажы, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғысы жиіленеді. Осы белгілер байқалса, тез арада босануды аяқтау қажет. Табиғи босану жолдары дайын болмаса операция жасалады, ал өлі балада – баланы бұзып алу операциясы жасалады. Тар жамбаспен босану процесін өткізу барысында баланың жүрек соғысын қатаң қадағалау қажет, аскультациялық тыңдаумен(әр күшену күшінен кейін) қатар ЭКГ, ФКГ, ультрадыбысты қондырғыштың көмегімен тыңдау жүргізіледі. Ірі босану мекемелерінде босану процесін монитордың көмегімен бақылады. Асфиксия белгілерінің болуы (жүрек тондарының жиілігі, ритмі, анықтығы баланың басы мен ?, шығуы бала қозғалуының күшеюі) асфиксиясымен күресу керектігін көрсетеді, оттегімен ингаляция жасау, глюкоза, аскорбин қышқылы, ? салу және босану процесін тездету (акушерлік қысқаштар салу, ішті жару операциясы) қажет. Тар жамбаста бала басы мен қатар, оның иық белдеуінің туылуы да қиындайды. Көп жағдайда бала асфиксиясымен туылады, сондықтан алдын ала оны тірілту заттарын дайындау қажет. Туылған балада босану ісігі, ? (қан ұйығы), миға қан құыйлу, ? және т.б. сүйектерінің сынуы, ?түйіндерінің және ? зақымдануы сияқты асқынулар болады. Асфиксия, босану жарақаттары әйел өміріне қауіпті асқынулар жамбас пен бас өлшемдерінің толық сәйкеспеушілігінде пайда болады. Анатомиялық тар жамбаста босану процесі ойдағыдай өтуі мүмкін. Тар жамбас кезіндегі босану процесін өткізу дәрігерден шыдамдылықты, жоғары білімділікті талап етеді. Жүкті әйелді күту, оның психикасына әсер етудің маңызы зор. Дер кезінде асқынуларды анықтап, оны жоюға арналған шараларды мезгілінде жасау керек. Соңғы кездері ана мен бала өміріне қолайсыз әсер ететін асқынуларды төментеду барысында ішті жару операциясы жиі қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |