Сабақ: Тригонометриялық функциялар Күні: Мұғалімнің есімі: Сынып: 10



Дата08.09.2017
өлшемі161,07 Kb.
#30085
түріСабақ
Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі

Батырова Эльмира Усеновна



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Тригонометриялық функциялар




Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны :

Пәні: Алгебра және анализ

Сабақтың негізгі оқу мақсаты

Топтық жұмыстар арқылы негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер және тригонометриялық функциялар тақырыбы бойынша білімдерін пысықтайды, толықтырады , жүйелейді.

Табыс критерийлері:

Оқушылардың

Барлығы:

-негізгі тригонометриялық формулаларды жазады, айтады ;

-тригонометриялық функциялардың графиктерін ажырататады;

Көпшілігі :

-тригонометриялық функциялардың графиктерін қарапайым түрлендіреді;

-sinх = а, cosх = а, tgх = а, ctgх = а теңдеулері түбірлерінің формулаларының жалпы және дербес түрлерін жазып береді;

-тригонометриялық функциялардың кейбір градустағы мәндерін жатқа жазады;

- тригонометриялық функциялардың анықталу облысын D(y), мәндер жиынын E(у) және периодын (Т) анықтайды .
Кейбіреулері:

-тригонометриялық функциялардың қасиеттерін зерттеп, атап береді;

--тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіреді, салыстырады, , талдайды, тұжырымдайды.





Тілдік мақсат:


Жазады:

Тыңдайды:

Айтылым:
Оқылым:

Негізгі сөздер мен тіркестер : Синус , косинус, танген , котангенс, арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс, период, анықталу облысы, мәндер жиыны, синусоида, косинусоида, тангенсоида, котангенсоида, таңба тұрақтылық, өсу ,кему аралықтыры, экстремум, ассимптота, координата остері, градус, радиан.

- тапсырманы флипчартқа түсіргенде ұландар математикалық таңбаларды саутты жазады, графиктерді салады. Мысалға: синус (sinх), арккосинус (arccosx) жазады

Синусоида , котангенсоида, котангенсоида, тангенсоида графиктерін салады.




-пәндік тeрминдердің дұрыс айтылуын тыңдайды; ақпарат жинақтап, деректерді пайдаланады;
- математикалық тілде сұрақты дұрыс қоя білуге, жағдайды талдауға, диaлoгтарға тартылуға және пікірталас жүргізуге , кері байланыс беруге машықтанады.  

-басқа топтардың постерлерін зерттей отырып, сыни тұрғыдан, шығармашылықпен ойлайды, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Өзін-өзі бағалай алады.

Алдыңғы тақырып

Функциялардың графиктерін түрлендіру (8 сынып), тригонометриялық функциялардың анықтамалары (9 сынып), негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер)(9сынып), тригонометриялық функциялардың қасиеттері (10 сынып, І тоқсан)

Жоспарланған уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Оқушының оқудағы дағдысы

Бағалау

Ресурстар

2 мин

Сәлемдесу,сыныпта ұландарға жақсы аххуал орнату. Тренинг «Сатамын,сатып аламын»

Ұландарды ортаға шақырып, бүгінгі сабаққа кедергі жасайтын қасиеттерін сатып, керсінше сабаққа жақсы әсер ететін көршісінің қасиетін сатып алу тренингін жүргізу



Шеңберде оқушылар тренингке қатысады

Ашық ой айтуға, сынды дұрыс қабылдауға дағдыланады

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау,

мұғалымның бақылауы






2 мин

«Ыстық орындық»

Синус , Косинус, Тангенс, Котангенс анықтамаларын сұрау

(сұрақ –жауап)



1.Анықтамаларын тұжырымдайды,

2.sinх,cosх,tgх,ctgх терминдерін айта отырып, 4 топқа бөлінеді



Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады; белсенділігі, қызығушылығы артады

Бақылау (мұғалім)




5 мин

Топтың ережесін жасап шығаруға нұсқаулық беріледі шығару

Топтың ережесін жасайды

Ережеге бағынуға дағдыланады




маркер,

А 4 қағазы




2 мин

Сабақтың мақсаты ашу

«Ой қозғау», өту барысымен таныстыру



Жабық сұрақтарға жауап беру арқылы

Ойларын жинақтайды, дайындық жұмысын жүргізеді



СТО

Топта жұмыс жүргіуге дағдыланады



Бақылау, анализ




15 мин

«Тригонометрия» бойнша әр топ білгендерінің бәрін жүйелеп флипчартқа түсіреді. СТО

Әр топқа бір түсті маркерлер беріледі(қызыл,жасыл, көк , қара)



Топтың әр оқушысы тапсырма бойынша ьілгенінің бәрін есеке тусіріп дәптеріне жазып, топта ақылдасып «Тригонометрия» тарауын ашып, флипчартқа түсіреді

Өз бетінше жұмыс атқаруға, бірлесіп отырып шешім қабылдауға дағдыланады

топ мүшелерін бағалау критерилері

Стикер,

маркер, флипчарт,

дәптер


4 мин

Әлемді шарлау

Постер әр топты шарлап өтеді (Екі жұлдыз,бір ұсыныс)



Топтар алдына келген постерге өз түсті маркерлерімен толықтырулар енгізе отырып өздерінде жоқ мәліметтерді есте сақтайды( қаламсап, қағаз берілмейді), стикерге басқа топтарға екі жұлдыз,бір ұсыныс жазады

Анализ жасайды, сараптайды,талқылайды,талдайды,танысады,таниды, бағалайды

Топтарды бағалау критерилері

Стикер,

маркер, флипчарт,




1 мин

Жұмыстарын толықтыру тапсырылады

Өз жұмыстарына толықтырулан енгізеді

Уақытты тиімді пайдалану дағдысы қалыптасады,

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау

Стикер,

маркер, флипчарт,




8 мин

Топта түзілген постерді қорғау тапсырыладыПостерлерін қорғау

Талдайды, қорғайды, кері байланысты алады, түйіндейді

Баға береді, сұрақ қояды, сынайды, салыстырады

Қалыптастырушы , критериалды бағалау


Стикер,

маркер, флипчарт,




2 мин

Топтық жұмысты бағалау кезеңі

Топтағы бағалаушы бағалаушы бағалау парағына баға қоядымұғалімнің бағасы




критериалды бағалау

Бағалау парағы

1 мин

Мұғалім бағалайды

Мұғалімді мұқият тыңдайды

Бағалау жүйесімен танысады, салыстырады

Мадақтау,

Қалыптастырушы бағалау,

Жиынтық бағалау


Күнделік,

жұрнал


1 мин

Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Мұқият тыңдауға




Күнделік, тақта

2 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу (Не білем? Не білдім, Не білгім келеді?) мақсатында кестесін толтыру тапсырылады

1.Не білем? Не білдім, Не білгім келеді? Кестесі толтырады.

2. Сабақтың қалай өткендігі жайлы, ұсыныстарын , ұнаған жақтарын. Қалай өткізсек болатындығын жазады.



Ұландар рефлексия жазуға дағдыланады

Кері байланыс




Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Сіз қосымша көмек беруді қалай жоспарлайсыз?

-Қолжетімді тапсырма беру, бірлескен оқу арқылы;

-ЖАДА ұйымдастыру

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

- Өз беттерінше формулаларды қорытып шығаруға, ойлап табуға;

- есептерді шығаруда тиімді тәсілдерді анықтап, қолдануды тапсырамын;

- өздеріне тест құруды тапсыру.



Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

-Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыс,бір ұсыныс»

-Критериалды бағалау

-Жиынтық бағалау

-Өзара бағалау

-Өін-өзі бағалау


-физика

- информатика



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

-Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


-Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






  • Сабақтың оқу мақсаты шынайы болды.




  • Бүгінгі сабақта оқушылар бірлесіп жұмыс істеудің маңызды екенін білді . Бір-біріне қол ұшын беру арқылы топқа берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап, қорғап шығуға болатындығына көз жеткізді;

  • Тақырып бойынша білімдерін жетілдірді;

  • Сабақта оқушылар өте белсенді, қызығушылықтары басым, ынтымақтастық орта болды;




  • Жоспарлаған барлық саралау шараларым тиімді болмады. Талантты және дарынды балалармен жоспарлаған жұмысым жүзеге аспады

  • Ұйымдастыру кезеңіне біраз уақыт жоғалтып алдым. Оған себеп 4 тізбектелген сабақтың біріншісі , мен осы сабақта топтың ережесін құруға, сабақтың өту барысымен таныстыруда уақыт кетіріп алдым.



  • Бағалау жүйесі

  • Уақытты үнемдеу

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлерін көбейту




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

  1. БББ кестесі

  2. «Әлемді шарлау» стратегиясы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1. ЖАДА болуы

2. Инклюзивті оқу болғаны (барлығына қолжетімді)

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?



  1. АКТ-ны қолдану

  2. Оқушыларға сенім арту, сұраққа қойғаннан кейін, оқушының жауапын күту(уақыт беру)

  3. «Оқушы үнін» тыңдау

  4. Тыңдалым, жазылым , айтылым, оқылымның қатар жүргені (математикалық терминдердің сауаттылығы)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет