Конфликтінің даму динамикасы
Субъектілер арасындағы конфликтілер конфликті пәні, объектісі, инцидент негізінде пайда болады.
Деструктивті манипуляция өзге тұлғаға зиянын тигізу мақсатына бағытталған оппоненттің коммуникативті құралы ретінде конфликті субъектісінің агрессиясын үдетеді, және конфликт динамикалы деструктивті дами отырып, тағы да тұйық шеңберге өтеді.
Конфлитіні шешу үшін қарым-қатынастағы ортақ қызығушылықтар мен мотивтерді түсінуге тырысу керек. Бұған конструктивті манипуляция және басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Конструктивті манипуляция - өзге адамдардың қызығушылықтарына зиян тигізбестен, ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ықпалдар мен өзара әрекеттердің коммуникативті жүйесі. Конструктивті манипуляция конфликтіні шешу өнері ретінде конфликтіні басқару шеберлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Семинар сұрақтары:
1.Конфликтілерді топтастыру жүйесі?
2. Конфликтінің негізгі түрлері?
3.Конфликтінің даму кезеңдері және оған сипаттама беріңіз?
4.Конфликт пәні дегеніміз не?
5.Конфликт объектісі дегеніміз не?
3. Дәріс. Конфликт психологияның теориясы
Мақсаты: ЖОО студенттеріне конфликтология және оның зерттелуіне байланысты мәселелерді ашып көрсету
Жоспары:
1. Конфликтология және оның зерттелу кезеңдері.
2. Шетел психологиядағы конфликт мәселесі.
3. Қазіргі шетел психологиясында зерттеудің негізгі теориялық бағыттары.
Отандық конфликт психологияның тарихы жалпы алғанда, конфликтологияның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан да конфликт психологиясы өз дамуында конфликтология жүріп өткен кезеңдер мен этаптардан өтті.
1-кезең-1924 жылға дейін. Бұл периодтың ішінде конфликтологиялық идеялар адамдардың шынайы конфликтілердегі мінез-құлық принциптерін, ережелері мен тәсілдерін практикалық біледі ретінде туындайды және дамиды. Сондай-ақ конфликтология мүдделері сферасына кіретін күштеу және күштемеу проблемасы өнер мен мәдениетте өз көрінісін табады. Алғашқы тастарға салынған суреттерде-ақ адам қатысқан түрлі конфликтілер бейнеленген. Осы периодта конфликтілер туралы алғашқы ғылыми білімдерде жинақтала бастайды. Конфликт психология, философия және кейбір басқа ғылымдар шнңберінде зерттеледі, бірақ жеке құбылыс ретінде бөлініп шықпайды. Біздің отандастар арасында конфликт проблемасын зерттеуде белгілі жазушы, зұлымдыққа күшпен қарсы шықпау теориясының авторы Л.Н.Толстой көрнекті орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |