Сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу Р\с тақырыптар аты



бет27/53
Дата23.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202828
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
КОНФЛИКТОЛОГИЯ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Үшінші типтегі конфликт невроастениялы тұлғаның мүмкіндіктері мен оның өзіне қоятын тым жоғары талаптары арасындағы қайшылық болып табылады. Мұндай жағдайларда индивидтің өз-өзіне бағытталған агрессивті әрекеттері мысалы: суицидальді әрекеттер болып табылатын аутоагрессияның пайда болуы мүмкін.


Семинар сұрақтары:
1. Тұлғаішілік конфликтілерді түсінуге деген бағыттар.
2. Тұлғаішілік конфликтілердің пайда болу шарттары қандай?
3. Тұлғаішілік конфликтілерді топтастырудың қандай түрлері бар
4. Тұлғаішілік конфликтілердің салдары қандай?
5. Тұлғаішілік конфликтілерді шешудің қандай механизмдері бар?
6. Дәріс. Тұлғааралық конфликтілер
Мақсаты: Тұлғааралық конфликтілер және олардың шешілу жолдарын ашып көрсету.
Жоспар:
1. Тұлғааралық конфликтілерді шешудің негізгі әдістері мен тәсілдері.
2. Тұлғааралық конфликтілерге қатысушы оппоненттердің эмоциялары
Конфликтінің қандай тәсілмен шешілетіндігінде оппоненттердің одан шығу стратегияларын таңдау негізді мәнге ие болады: Конфликтіден шығу стратегиясы оппоненттің оның қорытынды кезеңіндегі мінез- құлқының негізгі бағыты болып табылады. Конфликтіні шешудің 5-негізгі стратегиясын (тәсілдерін) бөліп көрсетеді: бақталастық, ымыра (компромисс), ынтымақтастық, қашу және бейімделу (Томас, Килменн,1972).
Аталмыш стратегияларды қолданудың мақсатқа сәйкестігін қарастырайық.
Бақталастық-оппоненттің конфликтідегі өз мүдделеріне бағдарланудан, екінші жаққа өзі қалаған шешімді зарлап міндеттеуден, өз мүдделерін іске асыруға байланысты ашық күрестен тұратын мінез-құлық стратегиясы. Бақталастық мына жағдайларда ақталады: ұсынылған шешім айқын конструктивті болғанда; нәтиже жекелеген тұлға, шағын топ үшін емес, бүкіл топ, ұйым үшін қолайлы болғанда; аталмыш стратегияны жүргізуші үшін күрес нәтижесі маңызды болғанда; оппоненттің ақыл-кеңестерін тыңдауға уақыт болмағанда.
Бақталастық экстремальді және принципті ситуацияларда уақыттың тапшылығы мен қауіпті салдарлардың жоғары ықтималдығы кезінде пайдалы. Қолған жағдайларда бақталастық әдеттегідей, деструктивті сипат алады.
Ымыра оппоненттердің конфликтіні жарым-жартылай келісімге келу арқылы аяқтау тілектерінен тұрады.Ол бұрын ұсынылған талаптардың жартысынан бас тартумен, екінші жақтың жарым-жартылай негізделген талаптарын мойындауға әзірлікпен , кешіруге әзірлікпен сипатталады. Ымыра, яғни келісімге келу мына жағдайларда тиімді: оппоненттің өзі мен бақталастың мүмкіндіктері тең екенін түсінуінде; өзара, бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделердің болуы кезінде. Бүгінде ымыраға келу конфликтілерді аяқтаудың ең жиі қолданылатын, конструктивті стратегиясы болып табылады.
Бейімделу, немесе көну күрестен мәжбүрлі түрде немесе өз еркімен бас тарту және өз позицияларын беру ретінде қарастырылады. Оппоненттің мұндай стратегия қабылдауына әр түрлі мотивтер мәжбүр етеді. Бұл өзінің қателігін ұғыну, оппонентпен жақсы арақатынасты сақтап қалу қажеттілігі, оған өте қатты тәуелді болу, проблеманың мағынасыздығы болуы мүмкін. Сондай-ақ , конфликтіден бұлайша шығуға күрес барысында келтірілген елеулі зиян, одан да маңызды жағымсыз салдарлардың болу қаупі, басқа нәтижеге мүмкіншіліктердің жоқтығы, үшінші жақтың қысымы душар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет