Сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу Р\с тақырыптар аты



бет33/53
Дата23.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202828
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
КОНФЛИКТОЛОГИЯ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Басқару себептері: Оптималды емес қате шешімдер; басшы тарапынан бағыныштыларға деген шектен тыс қамқорлық пен бақылау; басшылардың кәсіби дайындықтарының жеткіліксіздігі; орта және төмен звенолардың басшыларының еңбектерінің төмен престижді болуы; қызмет жүктемесін теңсіз бөлу; еңбекті ынталандыру жүйесінің бұзылуы.
Тұлғалық себептер: Қарым-қатынас мәдениетінің төмендігі; бағыныштыларға қатысты өз міндеттерін дұрыс орындамау; басшының өз беделін мойындатуға тырысуы; басшының басқарудың тиімсіз стилін таңдауы; бағыныштыларға қатысты кері бағдар; басшы мен бағынышты ароасында қарым-қатынастың ауыр болуы; өзара әрекетке қатысушылардың психологиялық ерекшеліектері.
2. Басшы мен бағынышты арасындағы қатынастардың конфликтісіз болуына келесідей жағдайлар ықпал етеді: ұйымға мамандарды психологиялық таңдау; адал ниетпен еңбек етуге деген мотивацияны ынталандыру; іс-әрекетті ұйымдастырудағы әділеттілік; барлық тұлғалардың қызығушылықтарын ескеру; олардың мәселесіне қатысты барлық мәліметтерді уақытында хабарлау; еңбекке қатысты өзара әрекетті «бірлесіп еңбек ету» типі бойынша ұйымдастыру; басшы мен бағыныштылардың жұмыс уақытын оатималдандыру; инициативаны мадақтау, перспективалы өсуді қамтамасыз ету.

адал ниетпен еңбек етуге деген мотивацияны ынталандыру


барлық тұлғалардың қызығушылықтарын ескеру

еңбекке қатысты өзара әрекетті «бірлесіп еңбек ету» типі бойынша ұйымдастыру

инициативаны мадақтау, перспективалы өсуді қамтамасыз ету.



Бағыныштылар арасына жүктемені әділ бөлу

Іс-әрекет нәтижесін әділ бағалау

Компетентті басқару шешімдерін қабылдау


Бағыныштылармен орынды қарым-қатынас жасау және басқару іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, сонымен қатар вертикальді конфлитктілердің алдын алу үшін келесідей ережелерді басшылыққа алу керек:



  • бағынушыларға айқын да нақты міндеттер қою керек. Бұйрықтың мазмұны түсініксіз және екі жақты болмауын қадағалау керек. Міндеттер бағыныштылардың мүмкіндіктеріне сай болуы керек;

  • міндеттердің орындалуын қаматамасыз ету;

  • бағыныштыларға деген бұйрықтар, ережелер, талаптар құқықтық қатынастарға сай болуы керек;

  • күнделікті бақылау конфликтінің пайда болу ықтималдығын төмендетеді;

  • бағынушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін біржақты негативті бағалауда асығыстық танытпау керек;

  • мақтап болғаннан кейін ғана сын айтыңыз, тұлғаны емес, оның әрекеттерерін бағалаңыз, сонымен қатар қателіктерін түзетудің жолдарын көрсету керек;

  • бағыныштыларға әділ болыңыз;

  • бағыныштылармен қарым-қатынаста негативті эмоциялардың көрініс берулерін шектеңіз;

  • бағыныштылардың құқықтарын сылаңыз.

3. Бағыныштылармен болған конфликтілерді конструктивті шешуге арналған ұсыныстар:
• конфликтідегі өзінің талаптарын аргументтеу, оларды құқықтық нормалармен бекіту;
• конфликті кезінде бағыныштыларды тыңдай білу – қажетті мәліметтер алуға мүмкіндік береді;
• бағыныштылардың іс-әрекеттерін реттеу;
• конфликтілі диалогта бағыныштыға дауыс көтеру дұрыс аргумент емес екендігін есте ұстау;
• басшының дөрекі болуы оның ситуацияны басқара алмайтындығының белгісі;
• қарым-қатынас мәдениеті- «Сіз» ден «Сен» ге өту бағыныштыны төмендету болып табылады;
• қажет кезінде компромиске бару;
• өзінің қателігін саналы түсінгеннен кейін оны көпке созбай, мойындаған жөн, қажет болса бағыныштылардан кешірім сұраған орынды;
• конфликтілі басының әрқашан жаман басшы бола бермейтіндігін ескеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Басшымен конфликті кезінде бағыныштыға қандай ұсыныстар берер едіңіз.
2. Конфликтіге қандай тұлғалық сапалар ықпалын тигізеді және неліктен?
3. Басшы мен бағынышты арасындағы объективті себептерді ашып көрсетіңіз.
4. Субъективті себептері неде?
5. Басшы мен бағынышты арасындағы конфликтіге байланысты кез-келген тренинг дайындап келу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет