28
|
Моральдық конфликт
|
Әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті қиыншылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт.
|
29
|
Адаптациялық (бейімделу) конфликт
|
Әлеуметтік немесе кәсіби адаптация (бейімделу) процесінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық.
|
30
|
Аутоагрессия
|
Өз-өзіне бағытталған агрессивті әрекеттер.
|
31
|
Ішкітұлғалық конфликтіні шешу (жеңу)
|
Тұлғаның ішкі жан дүниесінің келісушілігін қалпына келтіру, сананың бірлігін орнықтыру, өмірлік қатынастар қайшылықтарының шиеленісін төмендету, жаңа өмірлік сапаға қол жеткізу
|
32
|
Психологиялық қорғаныс
|
Ішкітұлғалық конфликтіні ұғынумен байланысты мазасыздану сезімін жоюға немесе барынша азайтуға бағытталған тұлғаны тұрақтандырудың арнайы регулятивті жүйесі.
|
33.
|
Дағдарысты жанұя
|
Ерлі –зайыптылардың мүдделері мен қажеттіліктерінің қайшы келуі өткір-сипат алатын және жанұя өмірінің маңызды сфераларын қамтитын жанұя (бұл кезде ерлі-зайыптылар ешқандай келісімге көнбестен, бір-бірімен ымыраға келмейтін, тіпті дұшпандық позицияда болады.
|
|