Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақ туралы жалпы ақпарат.
Күні: 16.11.2021 жылы
Сынып: 4
Пәні:Математика
Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі карточкалар, презентация, оқулық.
Техникалық оқыту құралдары: интербелсенді тақта, мұғалім компьютері.
Сабақты ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында үш тілде амандасып, «Досымның жүрегі» әдісін пайдаланып, тиімді жүзеге асырдым.
Сабақтың тақырыбы мен негізгі мақсаттары:
Тақырыбы: Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: -көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:- қалдықпен бөлу формуласын a = b ∙ c + r қолдана алады;
Кейбір оқушылар: -қалдықпен бөлу формуласын a = b ∙ c + r шығара алады және қолдана алады.
Құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар, оқулық
Сабақтың ұйымдастырушылық жақтары:
Сабақ 3 оқу кезеңдерінен тұрады. Әр кезең берілген уақытымен жүргізілді. Сабаққа қойған мақсатым олардың жеке ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай.
Сабақтың басында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты саяхат сияқты өткіздім. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында мысал ретінде өрнек шығару арқылы жүзеге асырдым. Кейін тақырыпқа байланысты сандарды үш тілде айтқызып, үштілділік жүзеге асты. Сабақ барысында үштілділікті, өмірмен байланысты, жергілікті компонентті, пәнаралық байланысты тиімді жүзеге асырдым. Сабаққа, тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен, әдістерімен жүзеге асырдым.
Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің мазмұны.
Жалпы машықтану кезінде алған білімімді қолдана алдым. Оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арта алдым. Оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната білдім. Сонымен қатар оқу процесі мен тәрбие процестерін ұштастыра алдым. Сабақ барысында мақсатқа жету үшін оқушылармен топтық, жеке және жұптық жұмыстарын ұйымдастырдым. Тапсырмаларды орындау барысында жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдылары қалыптасты.
Қолданылған әдістер мен жаңа материалды зерттеу сәйкестігі.
Сабақтың мақсаты оқушыларға түсінікті болды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшелігіне, жеке ерекшелігіне сай алынған. Сабақты бекіту және сабақта меңгерілетін дағдылық мақсатқа жету үшін «Семантикалық карта» әдісін тиімді пайдаландым.
Сабақтағы өзіндік жұмыстың рөлі мен орны.
Сабақ барысында оқулықпен жұмыс тиімді жүзеге асты. Қалдықпен бөлуге байланысты тапсырмалар бердім. Білім алу процесінде оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамыту үшін жеке тапсырмалар беріп, әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап, «Смайликтер» бағалау түрін қолдандым.
Сабақтың психологиялық негіздері.
Оқушылардың таным белсенділіктерін дамыту мақсатында әртүрлі әдістерді қолданып, тақырыпқа сай тапсырмаларды бердім. «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып сұрақтар қою арқылы оқушылардың логикалық ойлау және қиял дағдыларын қалыптастыра алдым.
Оқушылардың үй тапсырмасына қойылған дидактикалық тапсырмалардың орындылығы.
Сабақ соңында тақырып бойынша үй тапсырмасы берілді. Үй тапсырмасы күрделі емес, 4-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Үй жұмысы сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында бердім. Кері байланыс жасау мақсатында «Мен білдім.....» әдісін жүзеге асырдым.
Менің тапсырмаларды орындау барысындағы рөлім бағыттаушы және бақылаушы, нұсқаушы, ал оқушылардың рөлі орындаушы, ізденуші болды.
Тәрбие үрдісіндегі жеке көзқарас:
Сабақ барысында мен оқушылармен қарым-қатынас барысында демократиялық стильді ұстандым. Педагогикалық әдептілік пен математикалық сөйлеу талаптарын ұстандым. Сабақта оқушылар белсенділіктері жоғары деңгейде болды. Сонымен қатар сабақта гигиеналық ережелер мен оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін сақтау шарттары сақталды.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Сабақ жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Сабақта негізгі дидактикалық принциптерді жүзеге асырдым. Оқушылардың бір-бірін бағалау жүзеге асты.Жоспарланған тапсырмалар орындалды. Сабақ мақсатқа сай жүргізілді. Оқушылар сабақ барысында жоғары белсенділік, қызығушылшық танытты. Әр берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты, шапшаң орындады. Мен бүгінгі сабақтың мақсатыма жеттім.
Машықкер:Сабитбекова К.Д
Достарыңызбен бөлісу: |