Ашық сабақты өткізу туралы
Қорытынды
Кафедра – Технология және стандарттау
Оқытушының аты-жөні – Нармандах Жупаргул
Лауазымы – оқытушы
Сабақ туралы жалпы мәлімет:
Өткізілген күні – ______________
Топ: __________________________
БББ – _______________________________________________________
Оқу пәні – Микроағзалардың биотехнологиясы
Сабақ түрі – зертханалық сабақ
Сабақ тақырыбы – «Микроағзалардың биотехнологиясы» зертханасының құралдары және аппараттары. Электронды микроскоп.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға микробиологиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік техникасымен танысу. Микроскоптардың құрылысы, зертхана құралдары мен аппараттары және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру.
Сабақтың ұйымдастырылуы:
Оқытушыда сабақ жоспарының болуы. Сабақтың құрылымы, оның жеке элементтері, олардың уақыт бойынша реттілігі мен мөлшері, сабақтың құрылысының мазмұны мен мақсатына сәйкес келді. Зертханалық сабақ басында оқытушы білімалушының сабақ жоспарымен таныстырды. Оқытушы сабаққа бөлінген уақытты ұтымды пайдаланды. Сабақтың құрылысы оның мазмұнын толығымен көрсетеді. Сабақтың басында қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
Студенттердің оқу қызметі түрлерінің әртүрлілігі. Студенттер сабаққа белсенді қатысты, сабақ материалдарын тыңдады, сабақ барысында сұрақтар қойды. Зертханалық сабақта жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгерді. Өткен материалдар бойынша сабақтарды одан әрі бекіте отырып, зертханалық сабақ шеңберінде презентациялар, видео, суреттер салу сияқты тапсырмалар берді.
Студенттермен жұмыс түрлері. Сабақ кезінде зерттеушілік үшін топтық жұмыс қолданылды, үлестірмелі материалдар таратылып, әр студентке жеке қабілеті бойынша тапсырмалар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |