Смарт қҰрылғыларды белсенді түрде қолдануға бағытталған оқыту дайындаған: Ерпаизова К. Е



Дата26.08.2017
өлшемі25,21 Kb.
#28568
  • Қазіргі жаңаша қоғам ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар оқу үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызады.
  • Мұғалім тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, материалды әр түрде классификациялауына; обьектілерді жылжытуға, түстермен жұмыс жасауға – кейін кішігірім топтарда өздігінен жұмыс істей алатын оқушылар процесіне үйренуіне болады. Кейде өздерінің пікірлерін білдірулері және жұмысты ары қарай жалғастыруға бағыт беру үшін оқушылардың назарын тақтаға қайта аударуға болады.
  • Жалпы оқушылыр мен мұғалімдердің пікірінше, материалды қарапайым аудиторядан гөрі интеракивті тақтамен бірге жүргізілген сабақты ұғыну әлдеқайда қызықты, әрі ұтымды.
  • Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олардың назары тақтада болады.
  • SMART  тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады.
  • Интерактивті SMART-технологиялар тактильді басқару болып табылады, интерактивті тақтамен жұмысты жеңілдетеді және интуитивті қарапайым және тәжірибесі жоқ адамға дейін түсінікті болатындай етеді. Интерактивті SMART-тақтаның үсті бойынша арнайы қаламмен жазудың қажеті жоқ, керісінше кез келген затты пайдалануға болады - мысалы, указка, маркер, тіпті саусақпен де жазуға болады, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың тақтада жұмыс істеуінің бірден бір жолы. Қазіргі оқу сыныптарында өзіндік медиатор пайда болды - мұғалім мен оқушының ынтымақтастығында бөлінбес орын алған байланыстырушы - интерактивті тақта. Интерактивті SMART технологияны қолдану арқылы (интерактивті тақталар SMART, интерактивті дисплей Sumpodium, AirLiner планшеттері) мұғалімде өз сабағын оқушымен бірге миға шабуыл арқылы модельдеу, оқу материалын көрсету, көрсетілген бейнеден тыс жазбаша комментарийлер келтіру, жаңа идеяларды хаттамалау мүмкіндігіне ие болды, осылайша оқушымен бірге білім беру контентін құрады.
  • Интерактивті SMART-технологиялар тек оқу аудиториясы мен акт залын ғана емес, басқа да рекреациялық бөлмелерді, мысалы, кіре берісті қызықты да маңызды жерге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқу мекемесінің кіре беріс немесе басты холлы - алдымен, оқушылар, педагогтар мен сырттан кірген адамдар көзіне бірден түсетін жер, сондықтан әдемі, тартымды рәсімделгені дұрыс, ақпараттар да соған сәйкес болуы қажет. Басты холл интерактивті SMART-фойе болады, сонда тұрып сол мекеме туралы ақпараттарды қолдануға болады.
  • Мектептерде «SMART АRТ» интерактивті өнердегі студиялар ашылып жатыр, онда цифрлік картина жасау үшін SMART интерактивті құрылғысы қолданылады. Бұл студияда әлемдік көркем өнер мен көркем мәдениет негізіндегі сабақтар өтеді. Сурет салу бойынша арнайы жасалған бағдарлама көмегімен («SMART Notebook», “2 Paint a Pіkture”, ‘Touch Me Tender’, ‘Adobe PhotoShop’ және т.б.) оқушылар көркем шығарманың айырмашылықтарын көріп қана қоймай өздері де графикалық инсталляцияны жасай алады.
  • SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі:
  • S (specific) — мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)
  • М (measurable) — өлшемділік
  • А (achievable) — қолжетімділік (келісімділік)
  • R (relevant) — релеванттылық (сәйкестік)
  • Т (time bound) — уақытша мерзімдер.
  • SMART  Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдалануда, балалар да өздерінің ойларын өте жақсы жеткізе алады, бақылау барысында оладың ойларының өскенін байқауға болады. Мұғалім оқушылардың айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын «мыйға шабуыл» жасаудан бастауға болады, содан кейін, әр түрлі фиргураларды қолдана және объектілердің арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды құрылымға келтіреді, одан кейін қажетті көшірмелер жасап түсініктемелерді қосуға болады.Осы бағдарлама коллекциясының көмегімен 2000 суреттерден де көбірек материалдарды тез жүйеге келтіруге, әңгіме сюжеттерін құрастыруға, ғылыми әдіс қосуға, табиғаттағы су айналымын схема түрінде көрсетуге немесе өлең жазуға болады. Схемалар да орналасқан суреттерді, тақтаның үстіне оңай ауыстырып орналастыруға болады, оладың бейнелеріне саусақпен тигізгенде оқушылар сағат тілін айналдыруы мүмкін, бұрыштарды өлшей немесе мүмкіндікті санай алады.
  • SMART  Ideas бағдарламасы көпдеңгейлі схемалар жасауға сондай-ақ, видео көріністер және сілтеме жасалған файлдарға қосуға мүмкіндік береді. Материалдар нақты құрылғанда ғана, үлкен көлемді ақпараттар түсіну үшін қолайлы келеді.Компьютерлік класстар үшін компания SMART Teshnologies арнайы SynshronEyes бағдарламасын ұсынады. Осы бағдарлама арқылы, мұғалім компьютердің алдында отырып, өз мониторінен барлық оқушылардың копьютерлерінің экрандарын көре отырып және олардың тапсырманы қалай орындағандарын бақылай алады.
  • Оқушылар енді мұғалімнің қастарына келуін күтпей-ақ, өз сұрақтарын орындарында отырып мұғалімнің компьютеріне жібере алады. Қажет болса мұғалім оқушылардың компьютерлерінің клавиатурасын және экранын, сонымен қатар, интернетке немесе белгілі қосымшаларға кіру қолайлылығын жеңіл бекітіп тастайды. Бұл бағдарлама сауалнамалар мен тестерді тез жасауды, жіберуді және тексеруді қамтамасыз етеді.Интерактивті тақта SMART board мүмкіндіктен шектелген балалар үшін арналған. Ыңғайлы тірек тақтаны керекті деңгейге көтеруге және түсіруге қойылған, яғни, файл ашу үшін немесе оған жазу үшін қолыңның ұшын тигізсе болғаны. Сонымен бірге, бұл құрылғы балалардың жалпы талқылау барысында өзара өздігінен әрекет етуіне және бірігіп жұмыс жасауына көмектеседі. Балалар қарым-қатынас жасаудан қорқуды қояды. Интерактивті тақта оқушыларға дәстүрлі шектеуліктен тысқа шығуына көмектеседі. Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
  • Интерактивті тақта SMART екі типті болады: тікелей және кері проекциялы. Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасау үшін арнайы орындықта немесе арнайы қондырғыда орнатылған проекторлар қолданылады. Жақында SMART Techologies Inc компаниясы SMART Board 600 тікелей проекциялы интерактивті тақтаның түрін шығаруда. Жаңа сериялы тақталардың ерекшелігі экранның пішіні көлемді, қазір оның диагоналы 77 немесе (195,6 см.). Жүйені жақсартуға, модернизациялауға арналған қажетті аксессуарларды қосуға арналған қосымша разъемдар жалғанған. Осы аксессуарларға System On-lain құрылғысы жатуы мүмкін. Оны тек қана пернетақтаның бір батырмасын басу арқылы компьютерді, интерактивті тақтаны және проекторды (төбеге орналасқан болса да) іске қосуға болады.
  • Сонымен қатар SMART Board 600 сериялы проекциясы мультимедиялы ресурстарды кеңінен пайдалануға мол мүмкіндігі бар аудиожүйелермен қамтылған. 15 Ватт колонкаларын тақтаға немесе қабырғаға орнатуға болады. Интерактивті тақтаны және колонканы компьютерге қосу үшін бір ғана USB – кабелі қажет. Интерактивті тақтаның 600 сериясы алдыңғыларындағыдай тоққа қосу жүйелерінсізде жұмыс істей алады. Мұнда Bluetooth (USB – 2.0) стандартты технологиясы қолданылады. SMART Board 600 проекциясының жетілдірілген қондырғысы арнайы фиксаторлармен қамтамасыз етілген, яғни интерактивті тақтаны қозғалмай мықты ұстап тұруына, құлап қалмауына септігін тигізеді. Доңғалақтарының үлкеюі мықты және сенімді болуға алып келеді. Олардың көмегімен интерактивті тақтаны бір орыннан екінші бір орынға оңай тасымалдауға болады. Ал тақтаның биіктігін өлшеу механизмін шкалалардың көмегімен іске асыруға болады.
  • Интерактивті тақтада сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске асады. Резистивті сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнай белгілерді басу арқылы оның қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да бір бөлшектері не жоғалып, не сынып қалмайды және төзімді келгендіктен, осындай тақталар мектептерде өте қолайлы.
  • DVIT (Digital Vision Touch) технологиялары кішкентай сандық видеокамералармен қолданылады, оларға қол тигізуді есептейтін және экранның бұрыш-бұрыштарында орналасқан камералары бар. Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай реттеуге болатындықтан, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
  • Бүгінгі таңда технологиялық және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне қолайлы. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
  • Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады. Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап тақылай алады. Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді. Материалдарды пайдалануда шығармашылық подходта интерактивтік тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған.
  • Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды. Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және  интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт кетпейді. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.
  • Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады. Әрине интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және оқытушының сабаққа даярлануына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауға уақыт қажет.
  • Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды.
  • Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет