Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз!
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Алда қандай мереке келе жатыр?
Тәуелсіздікке неше жыл толады?
Топқа бөлу 2 минут Жалаушалар арқылы топқа бөлу.
Жыл мезгіл атаулары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Рефлексия
Оқушылардың көңіл-күйін анықтау. Көңілді немесе көңілсіз смайликтерді көрсетеді.
Ынталандыру.
«Дəлме-дəл» ойыны. Оқушыларға 0-ден 24-ке дейін
сандар жазылған қиықшалар таратылады. Мұғалімде сағат
үлгісі жəне екі сурет: тəуліктің жарық мезгілінде (күндіз)
жəне қараңғы мезгілінде (түн) бейнеленген бірдей көрініс.
Циферблатта уақытты (толық сағат саны)
белгілеп, суреттердің бірін көрсетеді. Оқушылар осы
уақытқа сəйкес келетін санды көтеруі тиіс. Бұл ретте
циферблаттағы тілдер күйінің дұрыс аталуын білумен
шектелмей, тəуліктің 24 сағаттан тұратынын білу қажет.
Кейбір оқушылар түнгі сағат 12-де электрондық
сағаттардың уақытты 00.00 сандармен көрсететінін біледі.
Сондықтан мұғалім сағаттың екі тілін де 12 санына
орнатып, «түн» суретін көрсеткен кезде 24 санын көрсету
де, 0 санын көрсету де дұрыс болып табылады. 0 санын
көрсеткен оқушылар өздерінің хабардар екенін көрсетеді.
Өткенді қайталау мақсатында сұрақтар қойылады. Математикалық диктант. Жауабы: 60 секунд. .24 сағат.7 күн.
10:00. 60 минут.
Ой қозғау. Мына суреттер нені білдіреді ? ( Қазақша жыл қайыру)
1-тапсырма
|