Бекітілді:
Математика
САБАҚ:
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
|
Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
№2 Мәртөк мектеп –гимназиясы
|
Күні: 08.12.17ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Нартаева Казина Жаксылыковна
|
СЫНЫП: 2
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
2.1.3.4 - ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Уақыт өлшем бірліктерін( сағат,минут, ай, жыл) олардың арақатынасын негізінде ауыстырады, күнтізбе бойынша датаны есептеу, берілген күндер саны және берілген даталар арасындағы күндер саны арқылы күнтәзбе құра біледі.
|
Көпшілігі:
Сағаттағы уақыт көрсеткішін оқиды және өздігінен секундқа дейін дәлдікпен сағатта уақытты белгілей алады.
|
Кейбір оқушылар:
Күнтізбелер мен сағаттардың сан алуан түрлерін біледі, әртүрлі сағат түрлері жұмысыныі қағидатын түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіреді.
|
Сабақта диалог/ жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер.
Талқылау. –Күнтізбе жасау үшін қандай білім керек?
Әр айда неше күн бар?
Аптада неше күн бар?
Ағымдағы ай аптаның қай күнінен басталады?
|
Жазу.
Апта күндері, ай күндері, екі таңбалы сандар, шамалар.
.
|
Құндылықдарды дарыту.
|
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі,тарих.
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы 5 минут
10минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз!
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Алда қандай мереке келе жатыр?
Тәуелсіздікке неше жыл толады?
Топқа бөлу 2 минут Жалаушалар арқылы топқа бөлу.
Жыл мезгіл атаулары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Рефлексия
Оқушылардың көңіл-күйін анықтау. Көңілді немесе көңілсіз смайликтерді көрсетеді.
Ынталандыру.
«Дəлме-дəл» ойыны. Оқушыларға 0-ден 24-ке дейін
сандар жазылған қиықшалар таратылады. Мұғалімде сағат
үлгісі жəне екі сурет: тəуліктің жарық мезгілінде (күндіз)
жəне қараңғы мезгілінде (түн) бейнеленген бірдей көрініс.
Циферблатта уақытты (толық сағат саны)
белгілеп, суреттердің бірін көрсетеді. Оқушылар осы
уақытқа сəйкес келетін санды көтеруі тиіс. Бұл ретте
циферблаттағы тілдер күйінің дұрыс аталуын білумен
шектелмей, тəуліктің 24 сағаттан тұратынын білу қажет.
Кейбір оқушылар түнгі сағат 12-де электрондық
сағаттардың уақытты 00.00 сандармен көрсететінін біледі.
Сондықтан мұғалім сағаттың екі тілін де 12 санына
орнатып, «түн» суретін көрсеткен кезде 24 санын көрсету
де, 0 санын көрсету де дұрыс болып табылады. 0 санын
көрсеткен оқушылар өздерінің хабардар екенін көрсетеді.
Өткенді қайталау мақсатында сұрақтар қойылады. Математикалық диктант. Жауабы: 60 секунд. .24 сағат.7 күн.
10:00. 60 минут.
Ой қозғау. Мына суреттер нені білдіреді ? ( Қазақша жыл қайыру)
1-тапсырма
|
Жалаушалардың артындағы жыл мезгілдерінің суреттері
бойынша топтарға бөлінеді.
|
Ортасы 20 минут
|
|