«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің тапсырысы бойынша Ақтөбе 2015 жыл «Досниязова Г. М.»



бет1/5
Дата08.07.2018
өлшемі251,02 Kb.
#48705
  1   2   3   4   5
«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің

тапсырысы бойынша


Ақтөбе 2015 жыл
«Досниязова Г.М.» ЖК


Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауын зерттеу

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық есеп





МАЗМҰНЫ







КІРІСПЕ

3

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6

ЖАППАЙ СҰРАУҒА ҚАТЫСҚАН РЕСПОНДЕНТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

10

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТҮСІНУІ МЕН ҰҒЫНУЫ

12

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ КӨЛЕМІ

14

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ САРАЛАНЫМДАРЫ

19

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАСТАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫ

21

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

23

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

25


КІРІСПЕ

Осы сараптамалық есеп 2015 жылғы маусым-шілдесінде «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауын зерттеу»тақырыбымен өткізілген әлеуметтік зерттеу мәліметтері негізінде дайындалған.


Тақырыптың өзектілігі.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құруда басты кедергілердің бірі барлық бекітілген және заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар нысаны болуы мүмкін күннен күнге өрісі кеңейген жемқорлық мәселесі болып табылады. Жемқорлық билікке, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қабілетіне деген сенімді жоғалтады. Дәл солай, биліктің жемқорлық мәселесі алдында дәрменсіздігі биліктің де, қоғамдық қатынастардың реттеудің басты құралы ретінде құқықтың да беделін түсіреді. Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп көрсетілген.

Қазақстан Орталық Азия аймағы елдерінің ішінде әкімшілік секторды реформалау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін әзірлеуде жетекші орындардың біріне ие. Бұл «жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарлама әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, сондай ақ мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелері) әзірленген елдердің бірі болып табылады.

Екінші жағынан, Қазақстанда бюджеттік саланы, әлеуметтік төлемдер жүйесін, еңбек заңнамасы, мемлекеттік сатып алу және т.б. реттеуге қатысты әкімшілік жүйені реформалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарттарын жасады. Алайда әкімшілік жүйенің мәселелері сақталуда. Олар ең алдымен, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берудің жетіспеушілігі, қызметтердің қайталануы, мемлекеттік қызметшілер төлемақы жүйесінің тиімсіздігі, мемлекеттік қаражатын қолданудың төмен тиімділігі, кадрларды таңдауды ұйымдастыруда кемшіліктермен байланысты.

Мемлекет қызмет істеуін халық және жеке секторға қызмет көрсетудің басты жеткізушісі ретінде түсіну тез қабылданбайды. Соңғы уақыттағы мемлекеттік органдар қызметін нақтылау, орталықсыздандыру, құжат айналымын қысқарту бойынша мемлекеттік әкімшілікке қатысты көптеген шешімдер қазақстандықтарды мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін көтеру және жемқорлықты жою бағытында бірте-бірте жылжытуда. Мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін қадағалау қажеттілігі, мемлекеттің негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу маңыздылығы мемлекеттен жемқорлықтың экономикалық құнын анықтауды талап етеді.

Жемқорлықтың қоғамның тікелей және жанама экономикалық шығындарына әкеп соғады, әділетті бәсекелестік болмаған кезде жеткізушілер жөнсіз қымбат баға немесе сапасыз қызмет көрсетумен байланысады, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қымбаттайды, кедейлік өсіп, сапасыз қызметті сатып алуға мәжбүр халықтың жағдайы нашарлайды, шағын және орта бизнестің шығындары өседі, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп-қатер, адамгершілік құлдырау, экологиялық ортаның бұзылуы және т.с.с. өседі. Жемқорлық демократиялық дамуды бұзады, мемлекеттік институттардың жұмысын және ресурстарды тиімді қолдануды тежейді. Нәтижесінде ол қоғамның және әсіресе қорғансыз топтардың дамуын бұзады. Жемқорлыққа қарсы ең жақсы кепілі барлық қоғамның тартылуына негізделген жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дамыған жүйесі болуы мүмкін.

Аталмыш зерттеу Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында тұрғындардың жемқорлықты қабылдауын зерттеу бойынша «Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысымен өткізілген.

Алынған мәліметтер біріншіден, халық ортасындағы жемқорлық ахуалын шынайы бағалауға, екіншіден, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырылуы бойынша ұтымды шаралар қабылдауға септігін тигізетін жедел ақпараттар алуға мүмкіндік береді.


Зерттеу нысаны. Зерттеу аудан аумағында тұрып жатқан 18 жастан бастап және 60 жастан жоғарыға дейінгі тұрғындарға бағытталған. Бастапқы жас шегі 18 жастағы адам кәмелеттік жасқа келеді. Осы жастан бастап индивид әрекет қабілеттілігіне ие бола бастайды, яғни өзі үшін азаматтық міндеттерді қалыптастырып, оны орындай бастайды. Индивид саналы түрде мәдени әлеуметтік бейімделудің алғашқы белгілерін білдіре бастайды, өзінің мамандығын, оқу орнының типін анықтайды.

Зерттеу пәні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдау деңгейі болып табылады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері

Осы зерттеудің мақсаты ретінде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдау деңгейін зерттеу мен бағалау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей маңызды міндеттерді шешу қарастырылған:

1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы жемқорлықтың орын алуы туралы азаматтардың түсінуі мен ұғынуын ашып көрсету;

2. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы жемқорлықтың таралу көлемін анықтау;

3. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы жемқорлық сараланымдарын анықтау;

4. Жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы ақпараттану деңгейін ашып көрсету;

5. Жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ұсыныстарды анықтау.


ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі түсініктердің түсіндірілуі

Жемқорлық - мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы;

Жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, шараларды қоса алатын, келесі тапсырмалардың шешіміне бағытталған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызатын жағдайлар мен шарттар жиегінің тарылуы; жемқорлық құқық бұзушылықтар табылуы тиімділігінің жоғарылауы және олар үшін жазалауы; жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілер жайының себептеріне әсер ету; жемқорлықтың және оның барлық жағынан көрсетілетін жағымсыз қоғамдық атмосферасының құрылуы;

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - жемқорлықты алдын алу бойынша, соның ішінде жемқорлықтың себептерін анықтау және жою (жемқорлық профилактикасы), сондай ақ жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын кесу және олардың салдарын жою бойынша өз құзыреті шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі;

Жемқорлық жасау тәуекелі – лауазымды тұлғалар және мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сондай ақ жауапты мемлекеттік лауазымға ие тұлғаларда мемлекет пен қоғам мүдделеріне қайшы келетін жеке өзі немесе басқа тұлғалар, немесе ұйымдар үшін өз мәртебесін пайда табумен ілестеін (мүліктер жеңілдіктер және/немесе артықшылық, соның ішінде мүліктік емес сипаттағы) заңды емес пайдалануға мүмкіндігі бар жағдайлар;

Жемқорлықтық фактор – жемқорлық құқық бұзушылықты тудыратын немесе олардың таралуына ықпал ететін құбылыс немесе құбылыстардың жиынтығы.
Іріктемені қалыптастыру

Іріктеме жиынтығының көлемі – аудан тұрғындары арасында 500 респондент және 60 мемлекеттік қызметкер.

Әлеуметтік сауалнаманы өткізу аймағы – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының аудан орталығы мен ауылдық округтері.

Зерттеуде бөліктелген көпдеңгейлі іріктеме қолданылады. Ең басында, аудан орталығы мен ауылдық округтері бойынша тұрғындар санына байланысты іріктеме көлемі анықталды.

Аталмыш зерттеуде бақылау бірліктерін іріктеу бірнеше кезеңнен өтті: іріктеменің ықтималдық дизайны қолданылды. Іріктеменің ықтималдық дизайны кез келген адам (18 жастан бастап 60 жастан жоғары) жиынтық шеңберінде талдау үшін іріктелуі үшін тең мүмкіндікке ие.



Бөліктелген көпдеңгейлі іріктеме қолданылды. Дәл осылай, негізгі страталар ретінде түседі:

1 Деңгей. Аудан орталығы және ауылдық округтар бойынша іріктеу – 18 жастан бастап 60 жастан жоғары Мәртөк ауданының аудан орталығы мен ауылдық округтарының тұрғындар санынан іріктеме көлемі анықталды.

2 Деңгей. Бастапқы орынды іріктеу – әрбір тұрғылықты мекен шеңберінде ықтималды түрде бағдардың бастапқы орындар мен респонденттер саны анықталды.

3. Деңгей. Үй шаруашылықты іріктеу – бастапқы орыннан бағдар бойынша «сол қол» ережесіне сәйкес үй шаруашылығы іріктелді.

4 Деңгей. Квотаға сәйкес респонденттерді іріктеу– әрбір үй шаруашылықта респонденттер екі жас-жыныстық квота бойынша – респонденттің жасы 14 жастан төмен емес, сонымен бірге жынысы бойынша репрезентатты өкілді (сұрау алынатын ерлер мен әйелдердің саны Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес есептелінген) болуы қажет.

Іріктеме репрезентативті, яғни көрсетілген параметрлер бойынша респонденттер құрамы бас жиынтықтағы (2014 жылдың статистика Агенттігі мәліметтері бойынша) сәйкес пропорцияларға жақындатылған. Оған қоса іріктеме жиынтықтың орташа сипаттамалары бас жиынтықтың орташа сипаттамаларынан ауытқушылық ± 5% шегінде.


Мәліметтерді жинау әдісі

Осы зерттеуде қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін мәліметтерді жинау сандық әдісі – респондентпен жеке сұхбат арқылы анкетаны қолданумен жаппай сауалнама қолданылады.



Мәліметтерді жинау әдісі «face to face» жаппай сауалнама болып табылады. Аталмыш әдіс Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдау деңгейі туралы объективті мәлімет алуға мүмкіндік береді.

«Face to face» жаппай сауалнамасы Қазақстан Республикасында кеңінен қолданылады.Ол зерттеуде іріктеме негізінде іріктелген және өзінің әлеуметтік топтар құрылым жиынтықтарын білдіретін респонденттердің зор көлемінің қатысуын білдіреді. Өткізілген жаппай сауалнама нәтижелер негізінде белгілі бір деңгейдегі дәлдікпен жаппай ғадет туралы болжам құрылады.Жаппай сауалнаманың негізгі міндеттері – адамдардың пікірі, олардың әлеуметтік құбылыс сарындары мен бағалары туралы, қоғамдық, топтық және тұлғалық сана жағдайы туралы мәліметтер алу болып табылады.



Жаппай сауалнама шеңберінде мәліметтер жинау респонденттердің тұрғылықты жері (пәтер сауалнама), немесе оқу / жұмыс орны / жұмыспен қамту орталықтарында (мақсатты топтарға жедел ізденіс және қол жетімдік үшін) жүргізіледі. Жаппай сауалнама құндылығына ұзақ сұхбаттар жүргізу мүмкіндігі мен сұхбаттасушылар жұмысын бақылау өткізу оңайлығы жатады. Пәтерлік сауалнаманың қиындықтарына респонденттер тарапынан күмәнді қатынас, байланысқа түсуге ниетінің болмауы мүмкіндігі жатқызылады. Алайда бұл қиындықтар сұхбаттасушылар жақсы біліктілігімен жеңіп шығарылатынын ескере кету керек. Осы принцип бойынша құрастырылған сауалнама бірнеше кезеңдерден тұрады.Сұхбаттасушы жоба супервайзер мен менеджерлерден алған нұсқауларға сәйкес жүріп, оған қоса сауалнама жүргізілген уақыт, мекен-жай, сұхбат саны, сәтті және сәтсіз сапарлар, респонденттердің байланыс телефон номерлері тіркелетін бағдарлы парақміндетті түрде болуы тиіс.
Құралдар құрылымы

Мәліметтерді жинау техникасы логикалық құрылымдалған сауалнама – әлеуметтік зерттеу сауалнамасы – бастапқы мәліметтерді жинау құралы, белгілі бір ереже бойынша құрастырылған және бір-бірімен байланысты сұрақтар жиынтығынан тұратын таралымы көбейтілген құжат болып табылады. Әлеуметтік сауалнама қасиеті мен сапасы, оның көлемі, құрылымы, сұрақтарды құрастыру ерекшелігі аталмыш құрал қолданылатын сауалнама типімен (жаппай), сонымен қатар зерттеу нысаны ерекшеліктерімен тығыз байланысты және онымен анықталады.

Әлеуметтік сауалнама құрылымы үш блоктан тұрады:

1) кіріспе, жолдамадан, респонденттерге зерттеу туралы мәліметтерден, толтыру бойынша нұсқаулардан және т.б. тұрады;

2) негізі, зерттеу мәселесі бойынша сұрақтардан тұрады. Бұл блок зерттеу мәселесінің әр түрлі аспектілері немесе жеке тақырыптарға арналған бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін;

3) әлеуметтік-демографиялық, респонденттердің жынысы, жасы, білімі, кірісі және т.с.с. сипаттамалары туралы сұрақтар жиынтығынан тұрады.



Сауалнама тілі:респонденттің таңдауына байланысты қазақша және орысша.

Мәліметтерді жинауда зерттеудің далалық кезеңінде арнайы дайындалған сұхбаттасушылар қатысты. Жалпы жаппай сауалнамаға 3 өңірлік супервайзер басшылығымен 10-дан астам сұхбаттасушы өткізді.


Мәліметтерді өңдеу әдістемесі

Бастапқы мәліметтерді енгізу, өңдеу, бір өлшемдік, екі өлшемдік және үш өлшемдік кестелерді, кластерлі, факторлы талдауларды шығару SPSS 17 нұсқасы компьютерлік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды.

Сауалнама мәліметтерінің статистикалық талдауы келесідей рәсімдерден тұрады:



  • Сызықтық және тоғыспалы үлестірім талдауы.

  • Факторлы талдау

  • Корреляциялық талдау (әр түрлі параметрлердің өзара байланыстарының талдауы).

  • Мәліметтерді жалпылау және нәтижелерді интерпретациялау.


ЖАППАЙ САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАН РЕСПОНДЕНТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Респонденттердің негізгі әлеуметтік-демографиялық параметрлерін қарастыралық. Өткізілген жаппай сауалнамаға 51,4 % ер және 48,6 % әйел қатысты (1 диаграмма қараңыз).

Диаграмма 1. Гендерлік белгілері бойынша респонденттердің үлестері, %

Жас топтары бойынша іріктеме жиынтықтың үлестірімі келесідей беріледі: респонденттер саны бойынша 18-29 жас аралығындағы топ болып табылады (2 диаграмма қараңыз).


Диаграмма 2. Жас топтары бойынша респонденттердің үлестері, %

Өткізілген зерттеу ерекшелігіне негізделе, іріктеме жиынтықтың бас жиынтық қасиеттерін бейнелеп қана қоймай, зерттеу мақсаттарына да жауап береді. Сауалнама барысында халықтың әр түрлі топтарынан жауап алынды, алайда қоғамның әлеуметтік белсенді тобы сұрау алынғандардың барлық жиынтықтары арасында ең өкілді болып келеді.



Білім деңгейі респонденттер сипаттамаларының ең маңыздыларының бірі болып табылады. Ең басым топ жоғары білімге ие болып табылады – 32,3 %. Сонымен қатар 5,3 % сауалнама кезінде аяқталмаған жоғары білімі бар болатын. Оған қосы сауалнама қатысушылар арасында арнайы орта білімі бар топ өкілді болып келеді (диаграмма 3 қараңыз).

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет