«Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» мм-нің тапсырысы бойынша Ақтөбе 2015 жыл «Досниязова Г. М.»


ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАСТАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫ



бет5/5
Дата08.07.2018
өлшемі251,02 Kb.
#48705
1   2   3   4   5

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАСТАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫ
Сұрау алынған респонденттердің басым көпшілігі (54%) ҚР Үкіметі ұсынған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары оң көзқараста не оң көзқарасты көбірек ұстанады. Тек 30 % билік жемқорлық секілді құбылысқа қарсы ешқандай шара қолданбайды деп санайды. Сондай ақ шамамен әрбір алтыншы сұрау алынған Мәртөк аудан тұрғыны жауап қайтаруға қиналды.

Респонденттер соңғы уақытта елде жемқорлыққа қарсы шаралар жайлы ақпараттанудың жоғары деңгейін білдірді. Респонденттердің 68,5 % кез келген деңгейдегі билік органдары жүргізетін шаралар жайлы хабардар екенін атады. Дәл солай, сұрау алынғандардың 31,5 % бұл бағытта қандай да бір хабарға ие емес екенін анықталды.



Оған қоса, жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар туралы ақпараттану деңгейін кеңінен қарастырған кезде, респонденттердің тек 16,7 % бұл сұрақ бойынша «ештеңе білмейтіні», хабардар емес екендігі анықталды (толығырақ диаграмма 9 көруге болады).
Диаграмма 9. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы1

Халықтың басым көпшілігі жемқорлықпен ұсталған лауазымды тұлғаны қызметтен босату, жұмыстан шығару және парақорлар мен жемқорларға қарсы сот істері туралы көбірек хабардар. Жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамалық актілерді қабылдау мен арнайы органның құрылуы туралы азырақ хабардар. Жемқорлықты алдын алу және болдырмау үшін жоғарыда аталып өткен фактілерді ескере шараларды әзірлеуге ұсынылады.

Сұрау алынғандардың басым көпшілігі 84 % «БАҚ-да жемқорлыққа қарсы шаралар туралы Сіз ақпаратты көрдіңіз бе ( газеттердегі мақалалар, теледидардағы сюжеттер)?» деген сұраққа оң жауап қайтарса, ал 10 % теріс жауап қайтарып, респонденттердің қалған бөлігі қандай да бір жауап қайтаруға қиналды.

Дәл осылай, жемқорлыққа қарсы шаралар өткізу бойынша зор жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік шаралардың тиімділігі салыстырмалы түрде жоғары, алайда қайшы әсер пайда болады – жемқорлық туралы көбірек айтылып, жазылған сайын азаматтар осы әлеуметтік залалға оң көзқарас байқалады. Бұл жерде «жарнама әсері» және жемқорлық PR деп аталатын құбылыс орын алуы мүмкін.



ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Сауалнаманың басты маңызды аспектілерінің бірі жемқорлықпен күресте қандай шаралар оның деңгейін төмендетіп, келешекте тиімді болуы мүмкін деген сұрақ болды. (Толығырақ диаграмма 10)
Диаграмма 10. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)

Сұрау алынғандар көпшілігі билік органдары өткізуі қажет алдын ала шараларына басымдылықты берді: билік органдарында ішкі бақылауды күшейту, соның ішінде - бюджеттік қаржыны бөлу және шығынын қатаң бақылау және лауазымды тұлғалардың мүліктік жағдайын, ресми түрде алатын кірісін шығынмен қадағалау, сондай-ақ тиымдар мен шектеулерді шенеуніктердің сақтауына тұрақты ведомстволық бақылауды орнату (20,4%), биліктің ашықтығы мен айқындығын көтеру (4%), жемқорлықты алдын алуға бағытталған заңнама мен қылмыс үшін жазаны жетілдіру (17%). Анағұрлым төмен пайызды заң жобаларын, заңдардың мәнін жемқорлыққа итермелеушілікті тәуелсіз сараптама жүргізу секілді шара ие болды (2 %). Осы категориядағы шаралардың жинақты пайызы– 62,7 % құрайды. Кейде билікте жемқорлықты алдын алу шарасы ретінде жалақыны көтеру деп атайды, сұрау алынғандардың 19,6 % егер билік органдарында жалақыны көтерсе, онда жемқорлық деңгейі төмендейді деп санайды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында бұндай пайыммен тек 9,1 % ғана келісті.

Әлеуетті тиімді ретінде ағартушылық шаралар шоғыры тек 54,3 % атады, соның ішінде халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру – 19 % және жемқорлық көріністеріне төзімсіздікті қалыптастыру бойынша халықпен үгіт жұмысын жүргізу – 29,3 %. Жемқорлық туралы ақпараттың бірінші кезекті көзі болғандығына қарамастан, сұрау алынғандардың тек 6% ғана тиімді шара ретінде БАҚ жемқорлыққа қарсы қызметті кеңінен жария ету деп санайды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында көбінесе «халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге» басымдылық берді, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы респонденттердің 28,9 % осындай пікірді ұстанады.

Тиімді шаралар ретінде құқық қорғау шаралары респонденттер анағұрлым аз респонденттер атады: құқықтық қорғау органдарының қызметтің тиімділігін көтеру – 5,7%, жемқорлық бойынша істерді қарастыруда сот қызметтің тиімділігін көтеру – 4,9%.

18-29 жас және 60 жастан жоғары жас топтарының өкілдері басқаларына қарағанда билік органдарында қатаң бақылауды енгізу, билік органдарының есептілігін көтеру, билік органдарының ашықтығы мен айқындылығын жақсарту бойынша шаралар атады.

Әйелдер ерлерге қарағанда тиімді шаралар ретінде билік органдарына қоғамдық бақылау мен жемқорлық әкелетін залал туралы халықты үгіттеу секілді шараларды жиірек атады.



Жалпы, халықтың басым көпшілігі билік органдарында күштік немесе ағартушылық шараларға қарағанда алдын алу шараларына сенім білдіреді леп қорытуға болады. Бұл жемқорлықтың себептерін түсіну туралы сұраққа жауаптар нәтижесіне (диаграмма 7 қараңыз) сәйкес келеді, олардың қатарында төрт негізгілер арасында заңнаманың жетілмегендігі мен ішкі бақылаудың болмауы аталған болатын. Респонденттердің басым бөлігі көрсеткен жемқорлықтың екі басты себептеріне – шенеуніктердің өз пайдасына ұмтылысы мен заңның орындалмауына қатысты тиімді шаралар билік органдарында алдын алу шаралары қатарына енген ішкі тәртіптің күшейтілуі алдын алу шаралары категориясынан кейінгі екінші орындағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды жақсартумен қатар жүруі мүмкін.

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Зерттеу нәтижелері бойынша келесідей қорытындылар шығаруға болады:

  • Мәртөк ауданы тұрғындары арасында «жемқорлықты» мемлекеттік және қоғамдық игіліктеріне нұқсан келтіретін субъектісі тек лауазымды тұлғалар ғана емес, көп жағдайда пара берушілер болып табылатын лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер ретінде түсіну қалыптасқан. Алайда, тұрғындар арасында жемқорлықты тек қылмыстық әрекет қана емес, мәжбүрлі, соның ішінде қандай да бір жағдайлардың қысымымен орын алатын шешім ретінде қабылдау орын алған. Сұрау алынған мемлекеттік қызметкерлер арасында халық пікірімен мәндес, көпшілігі «парақорлықпен» (63,6 %) және «лауазымды тұлғаларға сый беру» (7,6 %) деп қабылдайды. Мәртөк ауданының сұрау алынған мемлекеттік қызметкерлерінің тек 1,5 % жемқорлықты лауазымды тұлғалардың қандайда бір жағдайлардан тәуелділігі деп ақтайды

  • Қорыта келе, Мәртөк ауданы тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлері үшін жемқорлық көбірек мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қайшы келетін пайда табу және пара алу немесе берумен байланысты. Дәл осылай, жемқорлыққа қарсы саясат пен насихаттың дамуы үшін, сондай ақ «құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» үшін барлық қажетті шарттар мен мүмкіндіктер бар.

  • Жиірек жемқорлық көріністерімен оқушылар / студенттер категориясы кездеседі, осы топтың 64,3 % қойылған сұраққа иә деп жауап қайтарды, ал жұмыссыздар және зейнеткерлер категория арасында теріс жауап қайтарған респонденттер басым. Жұмыс істейтін респонденттер арасында жеке өмірлік тәжірибесінде жемқорлық көріністерімен кездесу туралы сұраққа иә деп жауап қайтарғандар жеткілікті түрде жоғары деңгейде. Сауалнама сондай ақ, шамамен әрбір алтыншы мемлекеттік қызметкер жемқорлық көріністерімен кездескенін анықтады. Жоғарыда аталып кеткендей, жемқорлық құқықбұзушылық ретінде екіжақты сипатқа ие. Дәл осылай, негізгі бастама көтерушілері мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушылары болып табылатын жемқорлық көріністері орын алуда.

  • Респонденттер арасында жемқорлық көріністерімен жеке өмірлік тәжірибесінде кездесудің жеткілікті деңгейі болғанына қарамастан, респонденттердің тек 16,1 % қана пара бергендігі жайлы мойындады. Респонденттердің қалған бөлігі бұл сұраққа теріс жауап қайтарды.

  • Жемқорлық көріністерімен жиірек кездесетін оқушылар / студенттер екені белгілі, алайда аталмыш топтың арасында пара беруге келіскендер саны ең төмен (4,2 %). Ал зейнеткерлер диаметральды қарама қайшы позицияны ұстанады, осы топтың сұрау алынғандардың 42,9 % пара беруге келіскен. Қорыта келе, жас топтар арасында жемқорлыққа қарсы әлеуетте айырмашылық бар, жас респонденттер арасында сауалнамадан белгілі болғандай «мүмкіндіктерді» пайдалануға даяр жасы үлкен топтарға қарағанда жауаптарында көбірек көрініс табады.

  • Респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігі (23,3 %) пара және жемқорлықтың басқа да көріністеріне қатысты принциптерге ие екенін мойындады. Дәл солай, сұрау алынғандардың басым көпшілігі не қандай да бір жауап қайтаруға (29,7 %) қиналды, не «мәселені парасыз, басқа жолдармен шешуге болады» (28,3 %) деп мойындады. Көріністер үшін қылмыстық жауапкершіліктен тек 3,7 % ғана сескенсе, ал 1,3 % пара беруге «қалтам көтермеді» деп мойындады. Қорыта келе, аудан тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы әлеуеттің жоғары деңгейі орын алған. Жергілікті органдарға алдағы жұмыс үшін осы фактіні ескеруге кеңес беріледі..

  • Бұл қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік атмосферасы қалыптасқан, халықтың басым көпшілігі заңды бұзып, өз мәселелерін кез келген тәсілмен шешуге әлеуетті дайын емес екендігі анықталды. Ал елдің болашағы болып табылатын жастар арасында әлеуетті жемқорлар ең төмен.

  • Салыстырмалы түрде тұрғындары арасында себептер ретінде көбірек мемлекеттің қызметімен, шенеуніктердің әрекетіне ішкі бақылаумен, сондай ақ жемқорлық фактілері үшін қатаң шаралар мен жаза қажеттілігімен байланысты аталады. Дәл солай мемлекеттік қызметкерлер арасында аталмыш себептер басым болғанына қарамастан, алайда көбірек қоғамдық бақылаудың болмауына көңіл бөліп, экономика мен азаматтық қоғам элементтерінің дамымауын азырақ себеп ретінде қарастырады. Және ұлттық дәстүрлер, ділден ешқандай себеп ретінде қарастырмайды.

  • Дәл осылай, сауалнама тұрғындары арасында да, мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлықтың негізгі себептері ретінде «бюджеттік сала жұмысшыларының төмен жалақысы» және «жемқорлық үшін жазаның ақылға қонбауы», сондай ақ «шенеуніктің әрекеті, оның кірісі мен шығындарына жеткілікті қатаң бақылау болмауы» аталады.

  • Жемқорлық қызметтер нарығының ең белсенді сегменті жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты мәселелерді шешу облысындағы қызмет көрсету болып табылады– респонденттердің 9,3 % автобақылау жемқорлық агенттері ретінде жоғары белсенділігін ерекше атап өтті.

  • Белсенділік бойынша екінші орында денсаулық сақтау қызметтерін алу тұр – 6 %. Зерттеу үшін қызықты факт респонденттердің ешқайсысы денсаулық сақтау жемқорлығын атап өтпеген. Бұл Мәртөк ауданының тұрғындары медицина қызметкерлері жалақысы көлемі деңгейін шамала біле, өз денсаулықтарын бағалай келе оны емдейтін қызметкерлерге «алғыс білдіруді» жөн санайды. Дәл осылай, медицина мекемелерінің жемқорлығы респонденттері тарапынан қалыпты процесс ретінде бағалап, қызмет көрсетудің осы облысында жемқорлықты жүйелі құбылыс ретінде түсініктің орын алғандығын көрсетеді.Шамалас респонденттер ЖОО білім беру (4,6 %) және сот жүйесінде (1,3 %) сегменттерінде жемқорлықтың белгілі бір деңгейін айқындайды. Сондай ақ тұрғын үй (1 %) және жер теліміне (3%) құқықтарды рәсімдеу бойынша жемқорлықты қызметтерді анықтайды. Көптеген респонденттер (3,3%) үшін қызмет бойынша мансаптық өсу жемқорлықты сегмент ретінде қабылдануы қызықты факт болып табылады. Респонденттер пікірі бойынша халыққа әлеуметтік қызмет көрсету нарығы ( респонденттердің 2 % зейнет ақыны рәсімдеу, ал 1,3 % - басқа әлеуметтік төлемдер рәсімдеу кезінде жемқорлық орын алатынын атап өтті) азырақ жемқорлық бар деп санайды.

  • Халықтың басым көпшілігі жемқорлықпен ұсталған лауазымды тұлғаны қызметтен босату, жұмыстан шығару және парақорлар мен жемқорларға қарсы сот істері туралы көбірек хабардар. Жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамалық актілерді қабылдау мен арнайы органның құрылуы туралы азырақ хабардар. Жемқорлықты алдын алу және болдырмау үшін жоғарыда аталып өткен фактілерді ескере шараларды әзірлеуге ұсынылады.

  • Сұрау алынғандардың басым көпшілігі 84 % «БАҚ-да жемқорлыққа қарсы шаралар туралы Сіз ақпаратты көрдіңіз бе ( газеттердегі мақалалар, теледидардағы сюжеттер)?» деген сұраққа оң жауап қайтарса, ал 10 % теріс жауап қайтарып, респонденттердің қалған бөлігі қандай да бір жауап қайтаруға қиналды.

  • Дәл осылай, жемқорлыққа қарсы шаралар өткізу бойынша зор жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік шаралардың тиімділігі салыстырмалы түрде жоғары, алайда қайшы әсер пайда болады – жемқорлық туралы көбірек айтылып, жазылған сайын азаматтар осы әлеуметтік залалға оң көзқарас байқалады. Бұл жерде «жарнама әсері» және жемқорлық PR деп аталатын құбылыс орын алуы мүмкін.

  • Жалпы, халықтың басым көпшілігі билік органдарында күштік немесе ағартушылық шараларға қарағанда алдын алу шараларына сенім білдіреді леп қорытуға болады. Бұл жемқорлықтың себептерін түсіну туралы сұраққа жауаптар нәтижесінесәйкес келеді, олардың қатарында төрт негізгілер арасында заңнаманың жетілмегендігі мен ішкі бақылаудың болмауы аталған болатын. Респонденттердің басым бөлігі көрсеткен жемқорлықтың екі басты себептеріне – шенеуніктердің өз пайдасына ұмтылысы мен заңның орындалмауына қатысты тиімді шаралар билік органдарында алдын алу шаралары қатарына енген ішкі тәртіптің күшейтілуі алдын алу шаралары категориясынан кейінгі екінші орындағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды жақсартумен қатар жүруі мүмкін.




1* Сомма 100 % асады, себебі жауаптар көп нұсқалы болды

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет