Алкиндердің атаулары мен изомерлері.
Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіру керек. Көміртектерді еселі байланыс жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыста болса, нөмірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады.
Мысалы:
HC≡C-CH2-CH3 CH3-C≡C- CH2-CH3 HC≡C-CH2-C=CH2
Бутин-1 пентин-2
CH3
2-метилпентен-1-ин-4
Алкиндердің радикалдары басқа көмірсутектердің радикалдарына ұқсас аталады:
H-C≡C -этинил
Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар, алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарына изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар. Пентиннің С5Н8 изомерлері:
HC≡C-CH2-CH2-CH3 HC≡C-CH- CH3
CH3
3-метилбутин-1
CH3-C≡C- CH2-CH3 CH2=CH-CH=CH-CH3
пентин-2 пентадиен-1,3
Достарыңызбен бөлісу: |