Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
Бұл кластың атауынан молекулада екі қос байланысы бар екені белгілі.Сондықтан алкадиендердің гомологтық қатарының жалпы формуласы CnH2n-2.Диендерді қос байланыстың орналасуына қарай үш топқа бөледі:
1.Қос байланыс қатар орналасса кумулденген деп аталады. Бұл қосылыстар тұрақсыз, жылдам бірігіп алкиндерге айналады.
CH2=C=CH-CH2-CH3
Пентадиен-1,2
2.Қос байланыстар бір дара байланыспен бөлініп орналасса қосарланған диендер деп аталады:
CH2=CH-CH=CH2-CH3
Пентадиен-1,3
3.Диендер екі немесе одан да көп дара байланыстармен бөлінсе оқшауланған деп аталады.
CH2=CH-CH2-CH=CH2
Пентадиен-1,4
|