Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы
Дивинил (бутадиен-1,3)
Н2С=СН—СН=СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ.Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады.Синтездік каучуктар (бутадиен,бутадиен-стирол,бутадиен-нитрил)латекс,пластмасса,т.б.заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.
Изопрен(2-метилбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2
СН3
Түссіз сұйық зат.Изопрен синтездік каучуктің мономері.Одан алынатын изопрен каучугы табиғи каучуктың синтездік алмастырғышы болып табылады.
Хлорпрен(2-хлорбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2
Сl
Түссіз сұйық зат,оны винилацетиленнен НС≡С≡С—СН=СН2алуға болады.Хлорпренді полимерлеп,химиялық төзімді,жанбайтын хлорпрен каучугын алады.
Қарастырылған диендердің маңызы өте зор,оларды полимерлеп синтездік каучук алады.Каучуктан резеңке жасайды.Ал каучук пен резеңке автокөліктердің камералары мен олардың шиналарын,аяқкиімдердің ұлтанын жасауға және техниканың әр түрлі салалары мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.
|