Орындаған: Назарбаева Д, Садықова М 2023-2024 оқу жылы Тақырып: «Буллинг, оқушы, қамқор ата-ана. Мектептегі зорлық – зомбылықпен қалай күресу керек?»
Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, пікіралысу
Көрнекіліктері: слайд, таратпа қағаздар
ЖОСПАР 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер? 2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар 3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады? 4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде? 5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек? 7.Буллингке қарсы жадынама . Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауап
II Негізгі бөлім
Бейнеролик көрсету
Қайырлы күн балалар. Бүгін"«Буллинг, оқушы, қамқор ата-ана. Мектептегі зорлық – зомбылықпен қалай күресу керек?» тақырыбында пікірталас жүргіземіз. "Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды. Әсіресе, қазақ қыздарын шетелде жақсы әрі табысты жұмысқа алдап шақырып, жезөкшелікке салу деректері де біршама артқан. Биші, фотомодель ретінде алдап әкелінген жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ ер адамдарды құлдыққа сату фактілері де едәуір өскен.
1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?