Карағайдың сабағы
Сабақтан алдымен көлденең кесінділер дайындайды, содан соң лигнинге реакциялар жасайды. Осыдан кейін барып зат айнасының үстіндегі судың тамшысына немесе глицеринге бірнеше кесіндіні салады да, бетін жабын айнасымен жауып, алдымен микроскоптың кіші үлкейткіші- мен, содан соң үлкен үлкейткішімен қарайды.
Кесіндінің ортасынан бастап мыналарды табады: өзекті, сүректі бір жылдық сақинасымен және смола жолдарымен, камбийлік шеңберді (сақинаны), тінді (соңғы және алғашқы флоэманы), паренхиманы смола жолдарымен, алғашқы қабықты (эндодерманы, перидерманың тірі элементтерін), өзектік сәулелерді, тозды (пробку).
Микроскоптың кіші үлкейткішімен сабақтың көлденең кесіндісінің секторын схема түрінде салады да, де- тальдарын белгілейді.
Қарағайдың сабағы (көлденең кесіндісі):
1-тоз; 2-алгаиіқы қабықтың паренхимасы; 3-флоэма; 4-камбий; 5-ксилема; 6-көктемгі трахеидтер; 7-күздік трахеидтер; 8-смола жолдары; 9-өзек; 10-өзектік сәулелер; 11-тін талшығы; 12-електі түтік; 13-кристталдары бар клетка.
Жөке ағашының сабағы
Сабақтың буынаралық зонасынан көлденең кесінді жасайды. Кесінді жабындық үлпаны да, өзектік бөлікті де қамтуға тиісті. Лигнинге реакция жасағаннан кейін, бірнеше жұқа кесіндіні, зат айнасының үстіндегі йодтың йодты кальцидегі ерітіндісіне немесе глицеринге салады (тұрақты препарат өдетте екі түсті болады: клетканың сүректенген қабырғалары қызыл түске, ал целлюлозды қабырғалары мен цитоплазмасы- көк түске боялған болады).
Сабақтың жалпы құрылысының жоспарымен, микро- скоптың кіші үлкейткішімен қарап танысады, содан соң оның негізгі блоктарын микроскоптың үлкен үлкейткі- шімен жан-жақты зерттейді (76-сурет).
Суреттің схемасын сектор түрінде салады. Алдымен схемаға флоэма мен ксилеманың ортасында жататын камбийді салады. Содан соң сабақтың шетінен бастап өзегіне қарай тоздың, колленхиманың, паренхиманың, эндодер- маның, сүректің шекараларын жүргізеді. Бүл жерде масш- табтың сақталуын қатаң қадағалайды. Осыдан кейін барып сүрек қабатында өзектік сөулелердің түзулерін (ли- ниясын) жүргізеді және олардың флоэмаға өткенде ке- ңейетіндігін көрсетеді. Флоэмада тін талшықтарының қабат- тарының, ал ксилемада жылдық сақинаның қабаттары- ның шекарасын сызады. Олардың детальдарын белгілейді.
Соңында 30—35 жылдық ағаштың діңінің арамен кес- кен кесіндісін қарастырады. Кесіндінің шет жағында, қабықтың оқшауланған жұқа қабаты жақсы байқалады (камбий мен қабықтың арасында орналасқан гистологиялық элементтер). Қабық пен сүректің арасында камбийдің тіршілігі жалғасып отырған. Сабақтың негізгі бөлігін сүрек алып жатады, жылдық сақиналардың санына қарап, оның жасын анықтауға болады. Кесіндінің ортасынан өзекті табады, кейде ол азды-көпті зақымданып, бүзылған болып келеді.
Осындай сабақтың схема түріндегі суретін салып, детальдарын белгілейді.
Жөкенің сабағы (әр түрлі деңгейдегі көлденең кесінділері): А-прокамбийдің түзілу деңгейі; Б-камбийдің түзілу деңгейі; В-структура- сы толық қалыптасқан деңгей: 1-прокамбий; 2-эпидерманың қалдықтары; 3-тоз; 4-колленхима; 5-қабықтың паренхимасы; 6-эндодерма (4-6-алғашқы қабық); 7-перициклдік зона; 8-алғашк,ы флоэма; 9-тін талшығы; 10-електі түтіктер; П-өзектік сәуле; (7-11-соңғы қабык); 12-камбий; 13-күздік сүрек; 14-көктемгі сүрек; (13-14-сүректің жылдык сакмнасы); 15-соңғы сүрек; 16-алғашкы сүрек; (15-16-сүрек); 17-перимедулярлық аймақ; 18-негізгі паренхима (17-18-өзек, 7- 18-орталық цилиндр).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Хржановский В.Г. Курс общей ботаники М: Высш.школа,1982,т.1-2
2 Тутаюк В.Х.. Анатомия и морфология растений .М.: Высшая школа,1980
3 Жуковский П.М. Ботаника. М.: Высшая школа,1982,т.1-2
4 Хржановский В.Г., Пономаренко С.В. Практикум по курсу общей ботаники. М.: Высшая школа,1979
5 Хржановский В.Г., Викторов В.С. и др. Ботаническая география с основами ботаники. Л.: Колос,1979
6 Муранец А.П.,Нетесова М.А. Практикум по ботанике Астана, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |