Кейбір оқушылар істей алады: күрделі суреттерді графикалық редакторда салады және үзінділермен жұмыс істейді, сонымен қатар графика түрлерінің пішімдерін толықтай ажыратады, басқа графикалық редактрлердің мүмкіндіктерімен салыстыра алады.
Терминдер
Орын ауыстыру, бұру, түрлендіру, топтау, қосарлау, клондау
Алдыңғы бөлім
Inkscape бағдарламасында фигураларды салу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекеттер
Ресурстар
Басы Білу 2 минут
5 минут
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Көніл - күй ахуалы» амандасу сәті.
Мақсаты: оқушылардың сабақ алдындағы көңіл-күйлерін көтеру.
«Фигураларды салу» тақырыбы бойынша сұрақтар. Оқушыларға фигуралар ұсынылады, әр фигурада сұрақтар жасырылған, тақтада таңдалған фигура бойынша жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы фигураны тақтаға іледі.
Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыпты еске түсіру.
Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдарды ата?
Тікбұрыш, ауқымды тікбұрыш, эллипс, Көпбұрыш, Спираль
2. Фигураларды салуға арналған жабдықтарды қайда баптауға болады?
Құралдар параметрлері панелінде
3. Эллипс құралы үшін қай батырманы басу арқылы жеткізуге болады?
«Адасқан әріптер»әдісі. Бүгінгі жаңа тақырыпты табу үшін оқушыларға орындары ауысқан әріптер беріледі, әріптерді ретімен қойып, сабақтың жаңа тақырыбы табылады.
Мақсаты: оқушыларды шапшаңдыққа және ойлау қабілеттері дамытуға көмектеседі.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Векторлық обьектілермен орындалатын қарапайым амалдар құру» Оқушылардан жаңа тақырыптың мақсатын сұрау Ой қозғау сұрақтары: Paint графикалық редакторында қандай амалдарды орындауға болады?
MS Office –те нысанның бөлігін көшіріп алуға бола ма?
bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсету.
Орын ауыстыру, бұру және түрлендіру:
Бұл амалдар ерекшелеу құралын (F1 немесе бос орын)
қолдану арқылы орындалады.нысан айналасында қара нұсқалар (стрелки) пайда болады.Енді нысан жылжиды, тінтуірмен бір нұсқарды тарту арқылы нысанның өлшемін өзгерте аласыңдар.
Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқардың түрін өзгертуге болады – енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады. «+» таңбасы нысанныңайналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады. Бұл амалдардан басқа, арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап, нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.
Нысандарды топтау:
Көптеген амалдарды бір уақытта бір неше нысандармен орындауға болады - түсті, өлшемді өзгертуді, көшірме жасауды және т.б. Ол үшін не істеу керек? Алдымен, нысандарды ерекшелеп алып, содан соң топтау қажет.
Барлық нысандарды Ctrl + A пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, яғни, Shift пернесін басып тұрып,нысанды тінтуір мен шерте отырып, ерекшелеуге болады.
Нысандарды бөлу:Бірнеше нысанмен жұмыс істеген оларды ұйымдастыру үшін, Теңестіру және орын – орындарына қою,Нысан мәзірінен тор бойынша, Орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы. Теңестіру және орындарына қою бұйрықтары бір –біріне қатысты ерекшеленген нысандардың параметрлерін өзгерте отырып, оларды бөлуге болатын сұхбатты ашады
Мысалы: Нысандардың жақтаулары тиер – тимес қиылысатындай, Орын ауыстыру параметрін қолдану нәтижесі 57- суреттегідей болады.
Нысандарды қосарлау және клондау:Алмасу буфері көмегімен көшіруден басқа,
Inkscape графикалық редакторында нысандардың көшірмесін алуға басқа да мүмкіндіктер бар.Қосарлау(Түзету қосарлау немесе Ctrl +D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Жаңа сабақты бекіту
Мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау.
Кластер құру. Әр амалға алгоритм құру. Жұптық жұмыс
Өшіру Трансформация Топтау Орналастыру
ІҮ. Қарапайым практикалық жұмыс. «Ғажайып суреттер». Мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша үйренген тәсілдерді практика жүзінде іске асыру.
Деңгейлі тапсырмалар.
Сурет салу құралымен векторлық нысандар амалдарының мүмкіндіктерін қолдана отырып, берілген кескінді сал.
Оқушыларға сурет салу барысында музыка ойнап тұрады, бұл оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, жағымды әсер тудырады.