Әдебиеттік оқу пәнінен « Шал мен бала» тақырыбында ашық сабақ.(3-сынып)
Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын ашқыза отырып, негізгі ой қандай мәселеге құрылғанын тапқызу.
Дамытушылығы: Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту.
Тәрбиелігі:Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақта қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Қызығушылықты ояту»
- Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және топбасшы сайлау;
- Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік)
ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық)
ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі-мейірімді)
Көңіл күйімізді көтерейік:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
“Алпамыс батыр” жырынан үзіндіні жатқа сұрау.
ІІІ. Өтілген сабақты бекіту
Тест түрінде өтілген сабақты бекіту. (ACTIVote тестілеу жүйесі)
1. Қобыландының аты?
А) Құлагер
Ә) Тайбурул
Б) Ақ боз ат
2.Тайынбай найза салысты,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі
Біраз жерге барысты.
Қай жырдан үзінді?
А) «Қобыланды батыр» жырынан
Ә) «Алпамыс батыр» жырынан
Б) «Сағыныш сазы»
3.Алпамыстың ғашығының есімі кім?
А)Қарлығаш
Ә) Аналық
Б) Гүлбаршын
4. Байбөрінің асырап алған ұлының аты кім?
А) Ұлтан
Ә) Алпамыс
Б) Ер Тарғын
5. Батырлар жырын айтушылар, жеткізушіліер кімдер?
А) Ақын, жазушылар
Ә) Жыршылар
Б) Батырлар
ІҮ. Сабақтың мақсатын қою
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу.
Мәтін бойынша сұрақтарға жүйелі жауап беруге үйрету.
Мәтін мазмұнына байланысты ой қортындылай білуге баулу.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттадды.
Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.
Мәтінмен жұмыс.
а) Іштей оқыту.
ә) Тізбектеп оқыту.
б) Мәтінді бөлікке бөліп оқыту.
Сөздік жұмысы
Төтелей жүру-ең қысқа жолмен жүру
Қазан құлағын көтеру- құрметті қонаққа қазанға ет асу, ас дайындау.
Он екіде бір гүлі ашылмаған- жас бала
ҮІ. Жаңа алынған білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс
Мәтіндегі оқиға:
а) ертегі
ә) болған оқиға
б) аңыз екенін дәлелде
Шығармашылық тапсырма:
1) Қонақжайлылық тақырыбында әңгіме жазу
2) Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу
3) салт-дәстүр туралы мақал жазу
ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Ой қозғау.
-Әңгімеде ертедегі қазақ ауылы қалай суреттелген?
-Баланың ауылына келген қонақ қандай адам еді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып , түсінігін айтып келу.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |