Жаңа сабақ
15 мин.
|
1-тапсырма.
Сатушы мен бала арасындағы диалог арқылы оқушыларды дүкеннен балмұздақ сатып алу үлгісімен таныстыру.
1-ші сурет арқылы сатушыдан шырынның бағасын сұрау үлгісімен , 2-ші сурет арқылы сатып алу үлгісімен таныстыру.
2-тапсырма
«...қанша тұрады?» деген сұраққа жауап беру арқылы азық-түлік бағаларымен таныстыру.
3-тапсырма
Бір балмұздақ пен бір шырынның бағасы бойынша үш балмұздақ пен үш шырынның бағасын есептен шығару арқылы цифрларды қайталу.
4-тапсырма
Диалогті оқушыларға аудиотаспада тыңдату, екеуара оқиту, үлгі бойынша сөйлесу.
5-тапсырма
Оқушылардың буын туралы білімдерін толықтырады. Оқушыларға жуан және жіңішке буынды(жетпіс, отыз, тоқсан) сөздерге қатысты диалог жүргізу.
|
1-ші тапсырмадағы Сатушы мен бала арасындағы диалог арқылы оқушылар дүкеннен балмұздақ сатып алу үлгісімен танысады. 1-ші сурет арқылы сатушыдан шырынның бағасын сұрау үлгісімен танысса, 2-ші сурет арқылы сатып алу үлгісімен танысады.
2-тапсырмадағы «...қанша тұрады?» деген сұраққа жауап беру арқылы азық-түлік бағаларымен танысады.
3-тапсырмада бір балмұздақ пен бір шырынның бағасы бойынша үш балмұздақ пен үш шырынның бағасын есептен шығару арқылы цифрларды қайталайды.
4-тапсырмадағы диалогті оқушылар аудиотаспада тыңдайды, екеуара оқиды, осы үлгі бойынша сөйлеседі.
5-тапсырмада оқушылар буын туралы білімдерін толықтырады. Оқушылар жуан және жіңішке буынды(жетпіс, отыз, тоқсан) сөздерге қатысты диалог жүргізеді.
|