Сабақ:№53 сыныбы: 9 Күні: 05. 04. 16 Сабақтың тақырыбы: Қалалары,елді мекендері Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі18,34 Kb.
#46320
түріСабақ
Сабақ:№53 сыныбы:9 Күні:05.04.16

Сабақтың тақырыбы: Қалалары,елді мекендері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы қалалар мен елді мекендермен таныстыру,олардың экономикалық-географиялық жағдайы,мамандануы,шаруашылығы туралы баяндау.

Дамытушылығы:Оқушылардың картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.Географиялық ізденушіліктерін арттыру

Тәрбиелігі:Туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру.Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,СТО,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:карта,суреттер,слайд ,видео т.б

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл

1.Экономикалық аудан дегеніміз не

2.Қазақстан экономикалық аудандардың саны

3.Қазақстан аумағын экономикалық аудандарға топтастырған

4.Жердің көлемі жөнінен ең үлкен экономикалық ауданды ауданды табыңыз

5.Батыс Қазақстан экономикалық ауданның жер көлемі

III.Жаңа сабақ

Батыс Қазақстанда 40-тан астам қалалар мен қала үлгісіндегі елді-мекендер бар.Мұның үстіне қалалық елді-мекендердің көпшілігі кен байлықтарын,негізінен алғанда,Атырау мен Маңғыстау облысындағы мұнай мен газды игеруге байланысты пайда болған. Аудандағы 4 облыс орталығының үшеуі өзен жағасында және біреуі Каспий теңізінің жағасында бой көтерген , бұл теміржол болмаған кезде қалалардың пайда болуы үшін маңызды географиялық фактор болып табылатын су жолдарының маңыздылығын дәлелдей түседі.

Батыс Қазақстан -736 мың км² құрайды.Батыс Қазақстан республикалық маңызы бар қалалар : Ақтөбе,Атырау,Ақтау,Орал қалаларынан тұрады.Қала халқының үлесі :50%,1 км²-2,7 адам.

Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы, Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай, Атырау, Геолог, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi-мекен бар.

Ақтөбе-Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді. Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %), немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзірбайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %), басқалар (1,35 %) халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша).

Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) жалпы алғанда 22. Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы бесінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент және Қарағандыдан кейінгі).

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.

Орал — қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Тұрғыны 273 359 адам (2014). Қалалық мәслихатқа қарайтын жерінің аумағы 0,7 мың км². Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды, ал жалпы халық саны 278 086 адам (2014) Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны.

IV.Жаңа сабақты бекіту

Картамен жұмыс

Картадан Ақтау,Атырау,Орал,Ақтөбе қалаларының географиялық координатасын анықтау

«Карта бойынша саяхат» географиялық нысандарды атап картадан көрсету.

Атырау-қала,Ақтөбе-қала ,Жайық-өзен,Ырғыз-өзен,Қарашығанақ-кен орны Теңіз-кен орны ,Жаңаөзен-қала,Құлсары-қала,Кеңқияқ-мұнай кен орны.Қаламқас-мұнай кен орны ,Ойыл-өзен,Ақтау-қала Орал-қала,Қарақия-ойыс, Жетібай-мұнай кен орны Хромтау-қала ,Теңге кен орны ,Қаратон-кен орны Бозой-кен орны ,Форт-Шевченко-қала

Венн диаграммасы.Атырау – Маңғыстау. Екі облысты салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

«Сәйкестендіру тест жұмысы» Өндіріс салалары орталықтары

1. Газ өңдеу өнеркәсібі: а)Жаңаөзен

2. Балық-консерві комбинаты: ә)Баутино

3.Пластмасса зауыты: б)Ақтау

4. Мұнай-газ өнеркәсібі үшін машиналар шығаратын зауыт: в)Атырау 5.Арматура зауыты : с)Орал

6. Ферроқырытпа зауыты: е)Ақтөбе

7. Мұнай өңдеу, полиэтилен өндіру: А)Атырау

8.Ірі машина жасау зауыты: Ә)Орал

9.Тіс пастасын шығаратын зауыт: б)Ақтау

10. Мұнайдың бірінші ашылған кен орны: В)Доссор

11. Ірі газ кен орны: с) Қарашығанақ

12. Рентген аппаратын шығаратын зауыт: е) Ақтөбе

V.бағалау



VI.Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып түсіну, «Менің сүйікті қалам-Құлсары» тақырыбында эссе жазу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет