Сабақ№6 Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу принциптері



бет2/3
Дата11.03.2022
өлшемі19,45 Kb.
#135068
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
прак 6

Жаңа түрлердің пайда болуы. Жаңа түрлердің пайда болуын Дарвин ұрпақтан-ұрпаққа көбейіп отыратын пайдалы, жеке өзгерістердің ұзақ уақыт бойы жиналу процесі деп санады. Осы процестің бұлай жүруі неліктен? Тіршілік ресурстары (қорек, көбеюге қажет орын және т.б.) әрқашан шектеулі. Сондықтан шиеленіскен күрес бір-біріне ең ұқсас келетін особьтар арасында жүреді. Керісінше, бір түр шеңберінде бір-бірінен айырмашылықтары бар особьтардың бірдей қажеттіліктері азырақ, сондықтан да бәсеке әлсіздеу болды. Осылайша ұқсамайтын особьтар ұрпақ қалдыруда артықшылыққа ие. Ұрпақ ауысып отырған сайын айырмашылықтар анығырақ көріне бастайды, ал бір-біріне ұқсас аралық формалар өліп отырады. Нәтижесінде бір түрден екі немесе бірнеше түр пайда болады. Түрлердің пайда болуына алып келетін, белгілердің ажырау құбылысын Дарвин дивергенция (латын тілінен divergo ауытқимын) деп атады. Дивергенция ұғымына Дарвин табиғатта бар мысалдарды келтіреді. Төрт аяқты жыртқыштар арасындағы бәсеке нәтижесі олардың бөлігі өлексемен қоректене бастауына, басқаларының жаңа тіршілік ететін жерлерге көшулеріне алып келеді, олардың кейбіреулері тіпті тіршілік ортасын ауыстырады - суда немесе ағаштар басында және т.б. жерлерде тіршілік ете бастады. Дивергенцияның себебі түр алатын территорияның әр түрлі аудандарындағы сыртқы ортаның әр түрлі жағдайлары бола алады. Мысалы, қандай да бір түрдің екі топтары бұл жағдайдың нәтижесінде әр түрлі өзгерістерді бойларына жинайды. Белгілердің ажырау процесі жүре бастайды. Белгілі бір ұрпақтар санынан кейін, мұндай топтар түр тармақтарында, одан кейін түрлерге айналады.
Табиғи сұрыпталудың әсерін эксперимент арқылы бақылауға болады. Елімізде кәдімгі дәуіт-ірі жыртқыш насеком (аналығының дене ұзындығы 48-76 мм-ге жетеді) кең тараған, бұл бунақдене әртүрлі ұсақ насекомдармен өсімдік биттерімен, қандалалармен, шыбындармен қоректенеді. Бұл түрдің әр түрлі особьтарының түсі жасыл, сары және қоңыр болады. Жасыл түсті дәуіттер шөп пен бұталар арасында кездеседі, қоңырлары - күннен күйіп кететін шөптің арасында. Жануарлардың бұлай таралуының кездей соқтық емес екендігін ғалымдар шөптен тазартылған күңгірт қоңыр түсті алаңда өткізген эксперимент арқылы дәлелдеді. Алайда қағылған қазықшаларға үш түсті дәуіттер байланды. Тәжірибе өткізілген уақыт ішінде құстар сары дәуіттердің 60%-ын, жасылдарының 55%-ын және денесінің түсі айналасындағы орта түсімен сәйкес келген қоңыр дәуіттердің тек 20%-ын ғана жеді. Осыған ұқсас тәжірибелер қалақай көбелегінің қуыршақтарымен жүргізілді. Қуыршақ түсі айналадағы орта түсімен сәйкес келмеген қуыршақтарды құстар түсі айналадағы орта түсімен бірдей қуыршақтарға қарағанда көбірек жойды. Суда жүретін құстар бассейінде, негізінен бассейін түбінің түсіне сәйкес келмейтін түсі бар балықтарды ұстайды.
Атап өтетін жәйт, тірі қалу үшін тек бір белгі ғана емес белгілердің комплексі маңызды. Дәуіттермен жасалған нағыз табиғи жағдайлармен салыстырғанда қарапайым тәжірибеде денесінің түсімен қорғалған қоңыр особьтарының ішінен құстар мазасыз, белсенді қимылдағандарын шоқыды. Тыныш, аз қимылдаған дәуіттер құстардан аман қалды. Бір белгі қоршаған орта жағдайларына байланысы тірі қалуға қажетті, ал керісінше біреулері жанулардың шабуылына себепші болуы мүмкін. Ақ форма ашық түсті діңдер мен сыртында ашық түсті қыналары бар ағаштардың үстінде көзге түспейді, ал мутантты коңыр түсті форма олардың үстінде жақсы көрініп тұрады (А). Қоңыр түсті формасы бар көбелектердің көпшілігін құстар шоқып бітірді. Өндірістік кәсіпорындардың қасында орналасқан жерлерде жағдай басқаша: ағаштар діңдерін сыртын күйе басқан мутанттар үшін қорғаныш орта түзеді, ал ақ түсті форма бірден көзге түседі (Б).
Мутациялар мен жыныстық процесс түр ішіңде генетикалық біртектілікті бұзып, оны әр текті етеді. Олардың әсері келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай бағыталмаған. Эволюция жануарлар мен өсімдіктер құрылысының және функцияларының прогрессивті күрделенуі барысында бейімделумен байланысты бағытталған процесс. Бағытталған тек бір эволюциялық фактор бар, ол — табиғи сұрыпталу.
Сұрыпталу әсері жеке особьты немесе біртұтас топтарды қамти алады. Қалай болғанда да сұрыпталу осы ортаға ең жақсы бейімделген организмдерді қалдырады. Сұрыптау көбіне жекелеген особьқа пайдасыз болғанымен, особьтардың топтары немесе жалпы түр үшін пайдалы белгілер мен қасиеттерді сақтап қалдырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет