Сабақ№7 Сынып 7«в» Күні:______________ Тексерілді_______________
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін, ұлттық тағамдардың даярлау технологиясының әдіс - тәсіл жолдарын үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық салт - дәстүрді сақтауға баулу. Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету кезінде тазалыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қазақы дастарқан, қазақтың дарқан дастарқаны энциклопедия, слайд, буклет
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу әдебі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Балықты алғашқы өңдеу
1. Балық етінің пайдасын айт
2. Балық тағамдарының сапасына қойылатын талаптарды түсіндір.
4. Балықтан қандай тағамдар әзірлейді?
Видео«Балықтың пайдасы»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы:« Қазақтың ұлттық тағамдары»деп аталады.
Қазақта«Ас-адамның арқауы»,«Ас жүрген жер -береке»,«Тату үйдің тамағы тәтті»деген мақал-мәтелдер бар.Жер бетінде өмір сүретін әр халықтың өзіне тән дәстүрі,салты ,ұлттық киімі,тағамдары бар.Біздің қазақ халқы бұрын көшпелі өмір сүріп,мал шаруашылығымен айналысқан.Олар төрт түлік малды бағып,оны сауса-сүт,сойса-ет,мінсе көлік,кисе киім етіп пайдаланған.Тамақтың ең құнарлысын,адам ағзасына қажеттісін ішіп-жеген.Сондықтан біздің халқымыздың дені сау,батыр халық болған.Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап,бізге мұраға қалдырған.
Видео«Қазақтың ұлттық тағамдары»
Бүгін біз топқа бөліне отырып ұлттық тағамдар туралы, олардың дайындалуы жайлы толық танысатын боламыз. Мен 3 топқа бөлдім. Сол топ бойынша тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
1 топ. Ет тағамдары: қазақша ет, сорпа, қуырдақ, қазы, қарта, жал - жая, шұжық, сүр ет, құйрық - бауыр.
2 топ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, сары май, құрт, кілегей, сүзбе, ірімшік.
3 топ. Ұн тағамдары: бауырсақ, шелпек, құймақ, қаттама т. б.
Тапсырма: Қазір ұлттық тағамдар, жұмбақ, мақал - мәтел туралы кім көп білетінін байқап көрейік.
1. Нан бар жерде...... (жан бар)
2. Айранды ұйыту тәсілін ата.
3. Шұжық қалай жасалады?
4. Бауырсақтың қандай түрлерін білесің?
5. Ас адамның.... (арқауы)
6. Қазақша етті қалай пісіреді?
7. Еттің соры қуырдақ, ұнның соры.... (бауырсақ)
8. Бауырсақтың жасалу жолын ата.
9. Ас атасы.... (нан)
10. Қатты, әрі тәтті дәмін кім жеп көрген? (Құрт)
11. Қазы - қарта дегеніміз не?
12. Қуырдақтың жасалу жолын ата.
13. Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)
14. Шұбат неден жасалады?
15. Қаймақ дегеніміз не?
16. Сылдыр сұйық, су емес, Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? (Сүт)
17. Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген.... (жаяу қалады)
18. Табақ тарту ретін ата.
19. Қаймақтың түрлерін ата.
20. Жылқының етін жесең тісіне кіреді, жемесең.... (түсіне кіреді)
Келесі тапсырмада топ бойынша қағаз бетіне қазақтың бай дастарқанының жобасын салып көрсетесіңдер.
ІҮ. Сабақты қорыту. Сонымен сабақты қортындылайық:
Ет тағамдарын атаңдар?
Сүт тағамдарын атаңдар?
Нан тағамдарын атаңдар?
Жылқы, сиыр, түйе не береді?
Шұжық неден жасалады?
Ұлттық тағамдарды ата?
Бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық тағамдарын меңгергендеріңізді байқадым. Барлықтарыңыз сабаққа белсене қатысып отырдыңыздар.
ҮІ. Үйге тапсырма. Басқа ұлттардың ұлттық тағамдарына реферат
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру
Қазақы дастарқан әні
Достарыңызбен бөлісу: |