Сабаққа қатысқан балалар саны: 24 Қатыспағандар: 1 Себепті: 1 Тақырыбы: Сыныптағы танысу. Сөйлем



Дата02.10.2019
өлшемі19,38 Kb.
#49063
түріСабақ
Байланысты:
Хаттама

Хаттама

Күні: 5.09.19

Сынып: 1 «а»

Пәннің аты: Сауат ашу

Сынып жетекші: Сеитниязова Б.А.

Сабаққа қатысқан балалар саны: 24

Қатыспағандар: 1

Себепті: 1

Тақырыбы: Сыныптағы танысу. Сөйлем

Мақсаты: 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

Әдіс-тәсілдер: пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: суреттер, тақта, кітап

Сабақ барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?! Қалдарың қалай?

- Қане, бәріміз орнымыздан тұрайық, шаттық шеңберін құрайық! Қайырлы таң достым! Қайырлы күн болсын!Бүгінгі күн міне,Сәттілікке толсын.

 Жақсы, балалар, орнымызға отыра қояйық.

 Балалар, сендер бір-бірлеріңмен қалай және қашан таныстыңдар?

 Қандай сұрақтар қойдыңдар бір-бірлеріңе?

Сабақ ортасы: Бүгін бір-біріңмен танысасыңдар. Талдау сұрақтары:

 Танысу не үшін қажет?

ТА Әр шардағы суреттің көмегімен балалардың атын тауып көр.Талдау сұрақтары:

 Бірінші суреттегі қандай жеміс?

 Екінші суреттегі жемістің атын білесіңдер ме?

 Үшінші суреттегі жемістің пайдасы қандай?

Мадақтау: Өте керемет!

Саралау: Қолдауды қажет ететін: Қолдауды қажет етпейтін:

Сабақ соңында: «Бас бармақ тәсілі»

Сабаққа белсенді қатысқандар: Омархан Ұлжан, Тлектес Айсулу, Қадырбек Ислам, Сайран Арсен, Акбахытова Баян, Рамазан Маржан, Мухтаржанов Махмуд, Рамазан Дияс

Қорытынды/Ұсыныс: Қортындылай келе, мұғалім Сеитниязова Б.А. 1«а» сыныбында Сауат ашу сабағында: оқушыларға тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажыратуға, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге, тыңдалған материалдың мазмұнын түсінуге, тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтуға үйрету - осы мақсаттарды қойып; пікірталас, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін, суреттерін, тақтаны, кітапты пайдаланып көздеген мақсаттарына жетті. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі арқасында оқушылар сабаққа белсенді қатысып, мәліметті оңай игереді.

Хаттама

Сынып: 1 «а»

Пәннің аты: Математика

Сынып жетекші: Сеитниязова Б.А.

Сабаққа қатысқан балалар саны: 23

Қатыспағандар: 2

Себепті: 2

Тақырыбы: Сандарды салыстыру

Мақсаты: 1.1.1.2 бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу жəне салыстыру

1.5.1.2 сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1.5.2.2 «+», «-», «=», «>», «<» таңбаларын, цифрларды қолдану

Әдіс-тәсілдер: жұптық жұмыс, ойын технологиясы, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: суреттер, кестелер, акт, асықтар, магнит

Сабақ барысы:

Басы:


Психологиялық дайындық:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым бізге үйір болады,

Досың олар, табылатын қасыңнан.

Ортасы: Оқушылар арасында жұппен жұмыс ұйымдастыру. Әрқайсысы бірнеше асық алады. Әр жұп қолдарындағы асықтарды салыстырады. Басқа жұптармен салыстырып, ең көп асық санының қай жұпта екенін табады.

«Артық», «кем» ұғымдарын тексеріңіз. Сандарды салыстыруда демонстрациялық сандық түзуді қолданыңыз. Оқушылардың түсінгенін тексеріп, сұрақ қойыңыз: 3 саны 2-ден артық па? Мұны қалай түсіндіреміз? Салыстыру нәтижесін таңбалар арқылы қалай жазып көрсетуге болады деп ойлайсыздар?

Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Ханталапай ойыны

Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі заттар қатарын салыстыру.

Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Соңы: Рефлексия

«Айға ұшу» ойны

Сандарды салыстыру < > = 

5 * 5 8 * 2 4 * 9

3 * 6 3 * 3 10 * 6 

Қорытынды/Ұсыныс: Қортындылай келе, мұғалім Сеитниязова Б.А. 1«а» сыныбында Математика сабағында: бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу жəне салыстыруға, сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалануға, «+», «-», «=», «>», «<» таңбаларын, цифрларды қолдануға үйрету - осы мақсаттарды қойып; жұптық жұмыс, ойын технологиясы, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін, суреттерін, тақтаны, кітапты, ойынға керекті заттарды пайдаланып көздеген мақсаттарына жетті. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі арқасында оқушылар сабаққа белсенді қатысып, мәліметті оңай игерді.

Хаттама



Сынып: 1 «а»

Пәннің аты: Жаратылыстану

Сынып жетекші:

Сабаққа қатысқан балалар саны:

Қатыспағандар:

Себепті:

Тақырыбы:

Мақсаты:

Міндеттері:

Әдіс-тәсілдер:

Көрнекіліктер:

Қорытынды/Ұсыныс:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет