Алгоритмдік деңгей. (Әр топқа бір сұрақтан беріледі)
Егер натурал m саны натурал n санына қалдықсыз бөлінсе, онда:
m саны n санына .....
n саны m санына ......
Натурал сандардың бөлгішін,еселігін қалай табамыз?
Эвристикалық деңгей. А) Математикалық жәрмеңке.
(Деңгейлік тапсырмалар)
45,50,70,75,90,100 және 120 сандарынан 25 –тің еселіктерін теріп жазыңдар. (5 ұпай)
15 және 21 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар (10 ұпай)
45-ке бөлгіш 5-ке еселік (15 ұпай)
42 асықты әрбір үймедегі асық саны тең болатындай етіп,3,5,7,9 үймеге бөлуге бола ма?Егер болса ,әр үймеде неше асықтан болуы мүмкін? (20 ұпай)
Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары 1. 4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар.
2. 10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар.
3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен
1) Жай сандарды;
2) Құрама сандарды;
3) 75-тің бөлгіштері болатын;
4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар.
4. 48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер.
5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны “бөлінді”, “санның еселігі” және “санның бөлгіші” деген сөздерді қолданып айтып беріңдер.
ІІ деңгей тапсырмалары 1. 1) 13-ке еселік; 2) 80-нің бөлгіштері болатын барлық сандарды жазыңдар. 13-тің еселіктері мен 80-нің бөлгіштерінің саны шектеулі ма әлде шектеусіз ба?
2. 1-ден 25-ке дейінгі сандар ішінен 2-ге де, 3-ке де еселік болатын сандарды атаңдар.
3. 1030 санына еселік болатын барлық төрттаңбалы сандарды жазыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмалары 1. 1) 69 туристен; 2) 72 туристен 3) 76 туристен 4)119 туристен тұратын топты үш орынды каюталарға бос орын қалмайтындай етіп орналастыруға бола ма?
Жауабы: 1) иә 2) иә 3) жоқ 4) жоқ
2. Данияр қағаздан ұзындығы 21см, ені 15 см тік төртбұрышты қиып алып, оны қалдық қалдырмай бірдей квадраттарға бөлді. Әр квадраттың қабырғасы неше сантиметр? Неше квадратқа бөлінді?
Жауабы: Квадраттың қабырғасы 3 см, 35 квадратқа бөлінді.
Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.
Оқулық
Аудиодиск: 1.1.1 : 1.1.2: 1.1.3:
А4 форматты ақ қағаз,қарындаштар
і
Қосымша тапсырма:1.1.