Сабақ: 6
|
Мектеп:
|
Күні, айы:
қыркүйек
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
Тақырыбы:
|
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
|
Оқу бағдарлама-сына сәйкес оқу мақсаты
|
7.1.2.1
натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.4.2.3
шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның ауданы қалай өзгеретінін бағалау
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін анықтау амалын дәрежеге шығару екенін түсінеді;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы есептерді өз бетінше шығырау дағдылары қалыптастырылады, тақырыпты толығымен түсінеді
|
Кейбір оқушылар:
Тақырыптың мағынасын түсінеді,есептер мен тапсырмаларды орындауда
оқушының қиялымен немесе креативті ойлауының нәтижесінде өз
бетімен жұмыс істеп үйренеді;
|
Бағалау критерийі
|
- натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын біледі;
- натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін қолданып есептер шығарады;
- шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның ауданы қалай өзгеретінін есеп шығара отырып түсінеді; (PISA есебін шығару)
|
Тілдік мақсаттар
|
-Дәрежені негіздері бірдей екі немесе үш дәреженің көбейтіндісі түрінде жаза алады;
- натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін өмірде кездесетін жағдайларға қолдана алады;
Пәндік – спецификалық сөздік және терминология:
аn өрнегіндегі дәреженің негізі, дәреженің көрсеткішін біледі;
Диалогтарға арналған пайдалы сөздер:
« Менің ойымша, егерде сен бақташы балсаң, мақсатыңа жету үшін, ..»
|
Алдыңғы білім
|
Санның квадраты, санның кубы ұғымдары оқушыларда 3-ші сыныптан бастап қалыптасқан, 5-ші сыныпта оқушылар бірдей көбейткіштерді дәрежемен алмасуды үйренеді. Осы түсініктер негізінде дәреже ұғымы қалыптасқан
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған тапсырмалар
|
Дереккөздер
Ресурстар
|
Сабақтың басы (8 минут)
|
Сыныптағы тәртіп: Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Сабақтың басталауы: «Натурал көрсеткішті дәреже» тақырыбын игеруде оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру және теориялық материялды өздігінен игеру мақсатында «сенемін-сенбеймін» ойынын өткізімін. Жұппен жұмыс жасайтын оқушыларға ақиқат және ақиқат емес тұжырымдар беріледі. Ақиқат тұжырымға «+», ал ақиқат емес тұжырымға «-» таңбасын белгілейді. Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар сабақтың тақырыбын, атауын тұжырымдай алады.
|
карточка
жасыл - өте жақсы орындалған
сары - толықтыру керек
қызыл - топта қайта қарау керек
|
Сабақтың ортасы (30 минут)
топпен жұмыс
|
ДАМЫТУ: шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның ауданы қалай өзгеретінін есеп шығара отырып түсінеді; (PISA есебін шығару)
АЛМА АҒАШТАР
Фермер бау-бақшада, суретте көрсетілгендегідей, төртбұрыш формасында алма отырғызады. Алмаларды желден сақтау үшін шет-шетінен қылқан жапырақты ағаштар (хвойные деревья) отырғызады.
Бірнеше n мағыналары үшін төмендегі суретте отырғызылған алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштардың сызбанұсқасы берілген, n – отырғызылған алма ағаштары қатарларының мөлшері. Бұл тізбекті n-ның кез келген санына дейін жалғастыруға болады.
1-тапсырма Кестені толтырыңыз:
n
|
Алма ағаштарының саны
|
Қылқан жапырақты ағаштар саны
|
1
|
1
|
8
|
2
|
4
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
2-тапсырма Жоғарыда қарастырылған алма ағаштарының саны мен қылқан жапырақты ағаштар санының тізбегі төменде көрсетілген ретпен есептеледі:
Алма ағашының саны=n2,
Қылқан жапырақты ағаштар саны=8n,
n-алма ағаштары қатарының саны.
n-нің қай мінінде алма ағаштарының саны шет-шетінен отырғызылған қылқан жапырақты санымен тең болады?
Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір тілекпен бағалайды (дескриптор бойынша)
Оқытудың мақсаты бойынша.
Бағалау критериі
|
Дескриптор
|
-Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын ескереді
- шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның ауданы өзгеруі тұжырымдайды;
|
-мәліметтер мен тапсырмалардың дұрыс шешімдерін анықтай отырып кестені толтырады
-алма ағаштарының саны мен қылқан жапырақты ағаштар санының тізбегі теңесуінде бақшаның ауданын табады.
-оқушының ойлау ұшқырлығы мен креативті ойлауына байланысты алма ағаштары қылқан жапырақтардан қандай жағдайда көп болуын болжай алады.
|
|
PISA 2012ж
М 43 PISA- Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал – Астана, ҰББСБО, 2012, 114 бет
https://goo.kz/loader/load/344903
|
Сабақтың соңы
(5мин)
бағалау
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
Кері байланыс: не үйрендім, не қиын болды, сұрақ
Бағалау парақшаларын тарату
№ 25, № 26
|
Бағалау парақшаларын
Смайликтер
Оқулық
|