Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік тербелістер.
|
Мектеп:
|
Күні: 13.09.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні: Уйсунбаев А.Н.
|
Сынып: 11
|
Сабаққа қатыстқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық
|
Берілген сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары:
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.4.2.3 - компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Теориялық білімді бекіту бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген практикалық жұмысты ұйымдастыру;
Талдау жасауға, алған білімдерін қорытындылауға, оны есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістердің сипаттамаларын біледі;
Теориялық білімдерін зарядтың, ток күшінің уақыттан тәуелділік графиктерін тұрғызуда қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология
Тербеліс – периодты қайталанып отыратын қозғалыс.
LC тізбегі – индуктивті катушка мен сыйымдылықты конденсатордан тұратын тізбек.
Конденсатор - оқшаулағышпен (немесе вакууммен) бөлінген екі өткізгіш. Оның мақсаты электр өрісінің энергиясы мен электр зарядын сақтау.
Индуктивті катушка – тербелмелі контурда магнит өрісін, индукциялық ток туғызып, тербелістің бағытын өзгетеді. Айнымалы ток тізбегінде индуктивті катушка кедергінің рөлін атқарады.
Еркін электромагниттік тербеліс - LC тізбегінде конденсаторды зарядтағаннан кейін, конденсатордың электр энергиясының катушканың магнит өрісінің энергиясына және кері бағытта энергияның түрленуі арқылы алынған тербеліс.
Еріксіз электромагниттік тербеліс - сыртқы мәжбүрлеуші күш - ЭҚК-інің периодты әрекетінен болатын тербеліс.
Резонанс – жүйенің меншікті жиілігі мен сыртқы мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артып кетуі.
Электромагниттік тербеліс – зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұптық жұмыс кезіндегі өзара көмек, академиялық шындық.
Бақылау және өзін бақылауды дамыту;
Пәнге деген тұлғалық-мағыналық қатынасты орнату.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |