Сабаққа қатысушылар өз пікірлерін баяндады. Сөз сөйлеген



бет3/10
Дата18.07.2022
өлшемі0,52 Mb.
#147550
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық оқу қызмет хаттама, анықтама

Күн тәртібінде:
1.№4 «Ертөстік» ортаңғы топ тәрбиешісі Қожанова Жансаяның
«Көрікті күз» атты ашық оқу қызметі

Отырыс төрайымы Т.Джанизакова отырысты ашық деп жариялады.


Сабаққа қатысушылар өз пікірлерін баяндады.
Директор: Сатеева.З.М
Қожанова Жансаяның ұйымдастыруымен

«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың 17қазан күні,


Күз мерекесі күніне орай, №7 «Ертөстік» ортаңғы топ
тәрбиешісі Қожанова Жансаяның ұйымдастыруымен
«Көрікті күз» атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметі жақсы құрылған,көрнекілігі, слайдпен суреттер көрсетіліп
таныстырылды. Тәрбиеші оқу қызметі балаларға барынша түсідіріп өткізді.
Балалар оқу қызметінде күз туралы тақпақтарын айтып, білімдерін тереңдетті.
Тәрбиеші күз туралы ойындарын ұзақ өткізді.Жалпы стандартқа сай оқу қызметі
28 мин өткізілді. Оқу қызметі кезінде тәрбиеші баланың тәртібін,қызығушылқпен
өткізу керектігін ескерген жөн.Балаларды көп сөйлету қажет.
Көбіне тәрбиеші балаға мүмкіндік бермей, өзі жауапты айтып тұрды.
Ұйымдастырылуы жақсы, балалардың тәртібіне көп көңіл бөлу қажет етіледі

Қаулы:

№4 «Ботақан» ортаңғы топ тәрбиешісі Кожанова ЖансаяныңКүз мерекесіне орай ұйымдастырған «Көрікті күз» атты ашық оқу қызметі
«орташа» деп бағалансын.

Ашық оқу қызметі хаттама


«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың20 тамыз күні,
30 тамыз Конституция күніне орай, №5 «Қуыршақ» ортаңғы топ
тәрбиешісі Назарбаева Светаның ұйымдастыруымен
«Ата - заңым ардағым» атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметі өз деңгейінде жақсы ,түсінікті өткізілді. Балалар оқу қызметінде
Ата Заң туралы тақпақтарын айтып, білімдерін тереңдетті.Тәрбиеші заң
туралы балаларға мағлұматты дұрыс айтып түсіндіре білді.Оқу қызметі жақсы,
қызықты, тартымды өткізілді.Қазастанның әнұраны орындалып,
туған жер туралы әнмен қорытынды жұмысы жақсы ойластырылып өтті.
Қаулы:

№5 «Қуыршақ» ортаңғы топ тәрбиешісі Назарбаева Светаның


ұйымдастырған «Ата - заңым ардағым» атты ашық оқу қызметі
«жақсы» деп бағалансын.

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМА


«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың 12 қазан күні,
күз мерекесіне орай, «Алтын күз келдің бақшама»атты ертеңгілік
МАД №13 «Балдырған» тобы балалары арасында өткізілді.
Топ ертеңгілігі өте жақсы ұйымдастырылған.
Топ тәрбиеші А.Медиманова өз тобына орысша әндер үйретіп, билер
билетіп көрермендерді қуанышқа бөледі.
Тәрбиеленуші балалары өз өнерлерін қызығушылықпен орындап көңілді
тапсырмалар орындай білді.Топ ата-аналарына іс-шарада ойындар ойнатылып
белсенділіктеріанықталды. Келген қонақтар мен ата-аналар,тәрбиешілер
ертеңгілікті өте жақсыдеп бағалады.
Мерекелік ертеңгілік жақсы деңгейде ұйымдастырылып қызықты өткізілді.
Балалар мерекеден өте жақсы әсер алып, іс-шараға түгел қатысты.
Шешім:

№13 «Балдырған» тобы балаларының «Алтын күз келдің бақшама»


атты ертеңгілігі «өте жақсы» деп бағалансын.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың22 қазан күні,
күз мерекесіне орай, «Күз- мерекем, күз- берекем» атты ертеңгілік
МАД №14 «Өркен» тобы балалары арасында өткізілді.
Топ ертеңгілігі өте жақсы ұйымдастырылған.
Топ тәрбиеші Ә.Нұрова өз тобына әндер айтқызып, топтық билер
билетіп балалардың көрермендерді қуанышқа бөледі.
Тәрбиеленуші балалары тақпақтарын үштілде орындап өз өнерлерін
қызығушылықпен орындады. ата-аналарға іс-шара кезінде үш түрлі ойындар
балаларымен бірлікте ойнатылып жеңімпаздар анықталды. Келген ата-аналар
мен тәрбиешілер ертеңгіліктен жақсы әсер алып, жақсы тілектерін білдірді.
Мерекелік ертеңгілік жақсы деңгейде ұйымдастырылып қызықты өткізілді.
Балалар мерекеден өте жақсы әсер алып, іс-шараға түгел қатысты.
Шешім:

№14 «Өркен» тобы балаларының «Күз- мерекем, күз- берекем»


атты ертеңгілігі «өте жақсы» деп бағалансын.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың10 қазан күні,
күз мерекесіне орай, « Күзгі жемістер» атты байқау ІІ кіші топ балалары
арасында 5 шарттан тұратын байқау өтті.Тәрбиеші А.Жантөрееваның
ұйымдастыруымен өте жақсы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқау шарттары: Таныстыру, өз өнерін көрсету,сұрақ-жауап,сән үлгісі,ас мәзірі
сайыста шарттарды қыз бен бала болып парларымен қорғап орындайды.
Таныстыру шумақтарын өздері айтып ,есте сақтау қабілеттерін көрсете білді.
Балалар күз туралы әңгімелеу кезінде өздерінің тіл байлықтарын анықтатты.
Күзгі жемістер туралы ойларын шыңдайды, білімдерін дамытады.
Ұйымдастырылған мерекелік шара өте жақсы деңгейде өтті.
«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

«№24 Айналайын бөбекжай-бақша» МКҚК

Директор жанындағы отырыс хаттамалары

2018жыл

АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың5 қазан күні,
Ұстаздардың төл мерекесіне орай, «Ұстаздар асыл жандар» атты көрме
бөбекжай –бақша педагогтарына мерекеге орай ұйымдастырылды.
Бөбекжай-бақша бейнелеу мұғалімі А.Тәжіғұлованың шеберлігімен өткізілді.
Ұстаз деген ұғымды қалай түсінетінін қағаз бетіне суреттеп салып көрсете білу.
Өздерінің салған суреттерін әңгімелеу.Ұстаздарға құрметтерін ,сыйластықтарын
қылқаламмен бейнелеу.Ұстаздар мерекесіне байланысты ұйымдастырылған
көрме жақсы деңгейде өтті.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова


ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМА 05.10.2018ж


«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың5 қазан күні,
Ұстаздардың төл мерекесіне орай, «Ұстазым-ұлағатты, үлгі өнегем!» атты
концерттік бағдарламасын тәрбиешілер А.Медиманова мен М.Сүгірбаева
ұйымдастырып өткізді.
Бөбекжай –бақша педагогтарына мерекеге орай, түрлі тақпақтар мен
ән шашуларын шашып тарту етті.Тәрбиешілер топтасып әдемі билерін
орындап көңілдерімізді көтерді. Тосынсый КВН қойылымын ұйымдастырып,
вальс биімен ұласып көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.
Ұстаздарға құрмет, сыйластық көңілдеріне демеу, жұмысқа қызығушылықтарын
арттыру мақсатында марапттар беріліп көңілдері шаттанып қуанышқа бөленді.
Мерекелік іс-шараға бөбекжай-бақша тәрбиеші –педагогтары қатысты.
Шешім:
Ұстаздар мерекесіне байланыстытәрбиешілер А.Медиманова мен
М.Сүгірбаевалардың ұйымдастырған мерекелік концерт
«өте жақсы» деңгейде өтті.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың4 қазан күні,
педагогтар мерекесіне орай, «Спортпен доспыз» атты мерекелік іс-шара
бөбекжай –бақша педагогтары арасында спорттық шара ұйымдастырылды.
Топқа бөлініп спорттық жаттығуларды жарыса орындайды.
Эстафеталық турды бөлімдеріне қарай қызыға дұрыс орындауға белсене
жарысып, өздерінің шапшаңдығын, шыдамдылығын байқатты.
Спорттық эстафета жақсы қызықты өтті. Педагогтар өздерін көңілді,
еркін ұстап,жарысты жақсы өтуіне атсалысты.
Ұйымдастырылған мерекелік шара өте жақсы деңгейде өтті.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың23 тамыз күні,
жаз мезгілінің жоспарына орай, «Қош жайдарлы жаз!» атты мерекелік іс-шара
бөбекжай-бақша топ балалары арасында өткізілді.
Тәрбиеленуші балаларымен үлкен бассейінде Су ханшайыммен бірге көңілді
тақпақ ,әндер орындап көңілдерін көтерді.Түрлі сумен ойнатылатын ойындар
ойнатылды. Балық аулап, тапсырмалар орындап, суда су шашу ойынында
бір-біріне мергендіктерін дәлелдей білді.
Балалар мерекеден өте жақсы әсер алып, іс-шараға қуана түгел қатысты.
Ұйымдастырылған мерекелік шара өте жақсы деңгейде өтті.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

АНЫҚТАМА
«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың1 маусым балаларды
қорғау күніне орай, «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шара
бөбекжай-бақша топ балалары арасында өткізілді.
Тәрбиеленуші балаларымен жаз мезгілі туралы тақпақтарын айтып, би билеп,
Өз мерекелерін қуана қарсы алды.Түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып
ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп балаларды қуанта білді.
Балалар мерекеден өте жақсы әсер алып, іс-шараға қуана түгел қатысты.
Мерекеге ата-аналар мен балабақша қызметкерлері атсалысып, шараға өз
үлестерін қосты.Ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.

«№24Айналайын бөбекжай-бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

Ашық оқу қызметі х а т т а м а

«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың 06 тамыз күні,


жаз мезгілінің «Сабынды көпіршіктер»мерекесіне орай,
«Суды жақсы көретіндер» тақырыбында оқу қызметін тәрбиешісі
Бигелдиева Ізбибі №5«Қуыршақ» тобының балаларымен өткізді.
Тәрбиеленуші балаларға Балық- рыба,су-вода, түлкі-лиса, үйрек- утка
сөздерін түсіндіре жаттата үйретілді.Тәрбиеші оқу қызмет кезінде түрлі
тапсырмаларды орындата, есте сақтау қабілеттерін дамытуға жұмыстана білді.
Сергіту сәті өз тақырыбына қарай таңдалып орындалды.
Ұйымдастырылған мерекелік шара байланысты өткізілген оқу қызметі
«жақсы» деңгейде өткізілді.


Қаулы:

№5 «Қуыршақ» топ тәрбиешісі Бигелдиева Ізбибінің


ұйымдастырған «Көктем келді» атты ашық оқу қызметі
«жақсы» деп бағалансын.
№24»Айналайын» балабақша әдіскері: Т.Джанизакова

Ашық оқу қызметі х а т т а м а


№24 «Айналайын» балабақшасының көктем мерекесіне орай,
№5 «Қуыршақ» топ тәрбиешісі Назарбаева Светаның ұйымдастыруымен
«Көктем келді » атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінде көктем туралы білімдерін толықтырып ерекшеліктерін әңгімеледі.
Үш тілде амандасып шаттық шеңберін орыналды.
Тәрбиеші сурет бойынша көктем туралы түсіндіріп өтті.Бәйшешек гүлі көктемнің
жаршысы екені айтылып ,қазақша-орысша-ағылшынша балаларға қайталатып
тілдерін жаттықтыра білді.
Көктем туралытақпақтарын айтты.Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру»
Гүлдің бөлшектерін тез тауып гүлді құрастып ,шапашңдық,ептілік қасиеттерін дамытылды.Оқу қызметі өз деңгейінде жақсы ұйымдастырылып өткізілді.
Қаулы:

№5 «Қуыршақ» топ тәрбиешісі Назарбаева Светаның


ұйымдастырған «Көктем келді» атты ашық оқу қызметі
«жақсы» деп бағалансын.
№24»Айналайын» балабақша әдіскері: Т.Джанизакова

Ашық оқу қызметі х а т т а м а


«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың14 сәуір күні,
№13 «Балдырған» МАД топ тәрбиешісі Медиманова Әлияның ұйымдастыруымен
«Ғарышқа саяхат » атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметіндекөктем туралы білімдерін толықтырып ерекшеліктерін әңгімеледі.
Ғарыш,ғарышкер, ғарыш әлемі мен құпия сырлары туралы түсіндірілді.
Балалардыңқызығушылықтарын оята, зейіндерін дамыту тапсырмалары орындатылды.
Тәрбиеші балаларға дидактикалық ойын: «Зымыран-ұшақ» ойынында балалар қызыға ойнап ,хормен «Аспан,аспан арайлым» әнін айтып сабақты қорытындылады.
Оқу қызметіөз деңгейінде жақсы өткізілді.
Қаулы:

№13 «Балдырған» МАД топ тәрбиешісі Медиманова Әлияның


ұйымдастырған «Ғарышқа саяхат» атты ашық оқу қызметі
«жақсы» деп бағалансын.
«№24Айналайын бөбекжай - бақша» әдіскері: Т.Джанизакова

Ашық оқу қызметі х а т т а м а


«№24 Айналайын бөбекжай - бақша», 2018 жылдың03 қыркүйек күні,
МАД топ тәрбиешілері А.Медиманова, Ә.Нұрова,Г.Сапиева, А.Түйебаева,
ұйымдастыруымен атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінде МАД тобының балалары аса қызығушылықпен ,көтеріңкі
көңіл- күймен оқуды бастады.
Білім күні туралы мағлұматтар айтылып түсіндірілді.
Балалардың санасына білімсіз адамзат баласы өмір сүрмейтіні, барлығыда
мектепте 11 жыл білім алып,балабақша табалдырығында сендерге мектепке
дайындық тәрбиесі берілетіні түсіндірілді.Болашақтажақсыөмір сүру үшін
білімді және тәрбиелі болу керектігі туралы бала тілімен ұғындырылды.
Қаулы:
МАД топ тәрбиешілері: Медиманова Әлия,Нұрова Әнбия,Сапиева Гүлзира,
Түйебаева Айсауле, Нұрмұханова Салтанат білім күніне
ұйымдастырған « » атты ашық оқу қызметі
«жақсы» деп бағалансын.
«№24Айналайын бөбекжай - бақша» әдіскері: Т.Джанизакова







Ашық оқу қызметі


Тақырыбы: «Суды жақсы көретіндер»
Тәрбиеші: І.Бигелдиева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет